Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақ тақырыбы: Қайнау, меншiктi булану жылуы.

Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау.

Оқу мақсаттары:

  • меншікті булану жылуын анықтау;
  • қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру

Теориялық материал

Қайнау процесін бақылау үшін құтыға су құйып, температурасын өлшей отырып, қыздырамыз. Біраздан кейін құтының үстіңгі жағында тұманды байқауға болады.Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді.Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады. Температурасы ары қарай жоғарлағанда құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Бұлар судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде олар судан бөлініп шығады. Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да , жоғары көтеріледі. Осы кезде әдетте қайнар алдында шу естіледі.Неге? Өйткені жылы су буы көпіршіктерімен салқын су көпіршіктері соқтығысқанда дыбыс шағарады. Белгілі бір температурада көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Бұрқылдап су қайнай бастайды. Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану қайнау деп аталады. 

Біз кез-келген жер бетіндегі денелерге атмосфералық қысым әрекет ететінін білеміз.Енді осы су көпіршіктері қандай жағдайда осы атмосфералық қысымды жеңіп сырқа шығады? Қайнау кезінде көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан төмен болмау керек. Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді; 

Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.  

Зат бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге өткенде болатын процестердің сипаттамасы

  • Температурасы өзгереді
  • Ішкі энергиясы өзгереді
  • Күйі өзгереді
  • Молекулаларының орналасуы өзгереді
  • Пішіні өзгереді .

Салыстыру кестесі

Кебу

Қайнау

Булану процессі

Булану процессі

Булану сұйықтың бетінде жүреді

Булану сұйықтың барлық көлемінде жүреді

Кез- келген температурада жүреді

Тек қайнау температурасында жүреді

Сұйықтың температурасы төмендейді

Температура өзгермейді

Тапсырмалардың жауаптары

1. 52,7 кДж

2. 94 оС

3. 3,8 кг

Қабілетті оқушыға берілетін тапсырма жауабы

1. 6162 кДж

Үй тапсырмасының жауаптары

1) 9 кг

2) 827 кДж

3) 163 г

Қосымша материал жауабы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу