алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Жылу берілу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі ролі. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Теориялық материал

Сұрақтардың жауаптары

Ой қозғау Ақ аюдың суыққа бейімделуін қалай түсіндіресің?

Оқушылар жылу шығынын азайту үшін ақ аюдың құлақтары кішкентай болатынын, қалың ақ жүн аюды жылы ұстап тұруға және қалың май қабаты жылуды оқшаулауға көмектесетінін оқушылар болжай алулары тиіс.

І топ Арктикада өмір сүретін аңдар(морж, кит) неліктен суыққа төзімді келеді?

(Морждың қалың жүні жоқ, бірақ терісінің астында жылуды сақтайтын қалың май бар. майдың жылу өткізгішігі аз.)

ІІ топ Орманда бүркіт қанатын өте қатты қағып ұшады, ал жазық далаға жеткенде қанатын қозғалыссыз жайып қалықтап ұшады. Неліктен?

(Қалың ағаш өсіп тұрған жерге қарағанда жазық жер күнмен жақсы қыздырылады, сондықтан жылы ауаның ағыны жоғары көтеріледі. Бүркіт биік ұшу үшін осы ағынды пайдаланатынын оқушылар түсіндіре алуы тиіс.)

Оқушылар дәлел ретінде тәжірибе көрсетсе болады. Қағаздан жасалған вертушканы алып жанып тұрған электр шамының үстіне қояды, біраз уақыттан кейін вертушка айнала бастайды.

ІІІ топ Неліктен африкалық пілдердің құлақтары үлкен болады?

(Пілдің құлақтары тығыз қан тамырларының желісіне енген, қызған қанда ауаның конвекциялық ағыны бар, піл денесінен шығады, ыстықты ауаға береді; қан бірнеше градусқа дейін салқындап қанайналым жүйесіне түседі. Ал құлақтарды тезірек салқындату үшін, пілдер, конвекциялық ауа ағынын көбейтіп, олар үнемі құлақтарын желпіп жүреді

Әр топ 2 мин топта өз сұрақтарын талқылайды. Содан кейін басқа топтың алдына сұрақтарына жауап береді. Басқа топ мүшелері оларға сүратар қояды.

Топ мүшелері жауаптарын аяқтаған соң оларға кері байланыс жасай отырып, қосямша сұрақтар ұйымдастыруға болады.

Мұғалім әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіреді. Абиотикалық факторларды- табиғаттың  өлі элементтері: температура, жарық, ылғалдылық қарастырылады.

Оқушылар түсінулері тиіс: барлық тірі ағзаларға ортаның абиотикалық факторлары (температура, жарық, ылғалдылық)әсер ететінін.Өлі табиғаттың әсеріне қарай өсімдіктер,жануарлар әр түрлі топтарға бөлінетінін және оларда осы факторлардың әсеріне бейімделетінін.Жылу берілудің түрлері тірі ағзаның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететінін.

Пайдалы ссылка: https://stud.kz/referat/show/17473#&gid=1&pid=3


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы