Жылу берілу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі ролі. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жылу құбылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жылу берілу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі ролі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.4 – әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру

 Сабақ мақсаттары

  • жылу құбылыстарының тірі ағзаның өміріндегі ролін білу;
  • әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру.

 Бағалау

 критерийлері

1. Жылу құбылыстарының тірі ағзаның өміріндегі ролін біледі

2. Әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіреді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс:

Әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне ауызша мысалдар келтіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология: Абиотикалық факторлар, криофилдер, термофилдер.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Абиотикалық факторлар- табиғаттың  өлі элементтері: температура, жарық, радиоактивті сәулену, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың құрамындағы тұздар, жел, ағымдар, жергілікті жер релефтары және т.б. Криофилдер –суықты қажет ететін  түрлер. Термофилдер – керісінше, жоғары температураны қажет етуші  түрлер.

Құндылықтарды

 дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған.

 Пәнаралық

 байланыстар

Абиотикалық факторлар, химиялық терморегуляция. физикалық терморегуляцияны түсіндіру барысында биолгия пәнімен байланыс.

Бастапқы білім

Табиғаттағы, тұрмыстағы және техникадағы жылу берілу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіруді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

10-12 мин

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында оқушылар табиғаттағы, тұрмыстағы және техникадағы жылу берілу түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіре отырып, түсіндіреді. Сынып үш топқа бөлінеді.

І топ табиғаттағы жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіреді ІІ топ тұрмыстағы жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіреді ІІІ топ техникадағы жылу берілудің түрлеріне мысалдар келтіреді.

Оқушылардың жауабынан кейін кері байланыс ұйымдастыруға болады.

2. Ой қозғау Ақ аюдың суыққа бейімделуін қалай түсіндіресің?

Оқушылар жылу шығынын азайту үшін ақ аюдың құлақтары кішкентай болатынын, қалың ақ жүн аюды жылы ұстап тұруға және қалың май қабаты жылуды оқшаулауға көмектесетінін оқушылар болжай алулары тиіс.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • жылу құбылыстарының тірі ағзаның өміріндегі ролін білу;
  • әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру.

Презентация

Сабақтың ортасы

12-22 мин

22-37 мин

4. Түсіндіру.

І топ Арктикада өмір сүретін аңдар(морж, кит) неліктен суыққа төзімді келеді?

(Морждың қалың жүні жоқ, бірақ терісінің астында жылуды сақтайтын қалың май бар. майдың жылу өткізгішігі аз.)

ІІ топ Орманда бүркіт қанатын өте қатты қағып ұшады, ал жазық далаға жеткенде қанатын қозғалыссыз жайып қалықтап ұшады. Неліктен?

(Қалың ағаш өсіп тұрған жерге қарағанда жазық жер күнмен жақсы қыздырылады, сондықтан жылы ауаның ағыны жоғары көтеріледі. Бүркіт биік ұшу үшін осы ағынды пайдаланатынын оқушылар түсіндіре алуы тиіс.)

Оқушылар дәлел ретінде тәжірибе көрсетсе болады. Қағаздан жасалған вертушканы алып жанып тұрған электр шамының үстіне қояды, біраз уақыттан кейін вертушка айнала бастайды.

ІІІ топ Неліктен африкалық пілдердің құлақтары үлкен болады?

(Пілдің құлақтары тығыз қан тамырларының желісіне енген, қызған қанда ауаның конвекциялық ағыны бар, піл денесінен шығады, ыстықты ауаға береді; қан бірнеше градусқа дейін салқындап қанайналым жүйесіне түседі. Ал құлақтарды тезірек салқындату үшін, пілдер, конвекциялық ауа ағынын көбейтіп, олар үнемі құлақтарын желпіп жүреді

Әр топ 2 мин топта өз сұрақтарын талқылайды. Содан кейін басқа топтың алдына сұрақтарына жауап береді. Басқа топ мүшелері оларға сүратар қояды.

Топ мүшелері жауаптарын аяқтаған соң оларға кері байланыс жасай отырып, қосямша сұрақтар ұйымдастыруға болады.

Мұғалім әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіреді. Абиотикалық факторларды- табиғаттың  өлі элементтері: температура, жарық, ылғалдылық қарастырылады.

Оқушылар түсінулері тиіс: Барлық тірі ағзаларға ортаның абиотикалық факторлары (температура, жарық, ылғалдылық)әсер ететінін.Өлі табиғаттың әсеріне қарай өсімдіктер,жануарлар әр түрлі топтарға бөлінетінін және оларда осы факторлардың әсеріне бейімделетінін.Жылу берілудің түрлері тірі ағзаның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететінін.

Презентация

Сабақтың соңы

37-40

6. Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

7. Үйге тапсырма: Жылу берілудің түрлерін қайталау

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулы және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сырттай бақылай отырып, кері байланыс беріп, орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойып, қолдау көрсетіп отыру. Әрбір топ таныстырылым жасағаннан кейін оларға қабілетті оқушылар сұрақтар қояды.

Материалды меңгергендігін тексеру үшін бағалау критерийлерін қолдану. Топтық жүмысты және эксперименттік тапсырмалардың орындалуын сырттай бақылау арқылы бағалау.

Топтық жүмысты және эксперименттік тапсырмалардың орындағанда қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұры сжүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Орта факторлары және олардың ағзаға әсері.

        Ағза - француздың – organisme, латынша -  organiso – құрамын, сыртқы құрылым беремін деген сөздеріндегі мағынаны береді.

      Кең көлемде алатын болсақ, тірі ағза- дегеніміз,бір-бірімен байланыста болатын және бір-біріне бағыныңқы болатын элементтерден тұратын және олардың өзара байланыстары мен құрылысы  біртұтас құрылымды беретін биологиялық жүйе болып саналады.

       Ағза деген ұғымға тек жеке даралар (индивидтер) ғана емес, колониямен өмір сүретін (колониялы ағзалар),отбасы (жануарлардағы), популяция, биоценоз және тағы басқаларда кіреді.

      Қысқаша алғанда, ағза-дара, индивидиум, «тірі дене».

      Тіршілік ортасы –ол, табиғаттың тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей  өзара байланыстағы бөлігі.Тірі ағзалар өте күрделі және ауыспалы өмірде тіршілік етеді, олар сол ортаның  әсеріне байланысты үнемі өзгереді,тіршілік әрекеттерін үнемі өзгертіп отырады.Ағзалардың ортаға бейімделушілігі – адаптация деп аталады.

      Ортаның ағзаға әсер етуші жекеленген бөліктері мен құрылымы – экологиялық факторлар деп аталады.Экологиялық факторлар табиғаты жағынан және ағзаға әсер ету әрекеттері жағынан әртүрлі болады.

      Абиотикалық факторлар- табиғаттың  өлі элементтері: температура, жарық, радиоактивті сәулену, қысым, ауаның ылғалдылығы, судың құрамындағы тұздар, жел, ағымдар, жергілікті жер релефтары және т.б.

      Биотикалық факторлар – бұл тірі  денелердің бір – біріне  тигізетін әсерлері.

      Антропикалық факторлар – адамның  табиғат компоненттеріне  әсер еткен іс-әрекеті (оңды немесе теріс әсерлер).

      Тірі ағзаларға  экологиялық факторлардың  әсер етуші жалпы заңдылықтары:

 1.Оптимум Заңы.

2.Әсер етуші фактордың  түрлі  функцияларға әсерінің  бір жақты болмауы. 3.Өзгергіштік, вариабелділік  және  түрдің жеке даралардың орта  факторларының әрекетіне  жауап қайтару реакциясының  әр түрлі болуы.

4.Әсер етуші әр факторларға түрлер әр түрлі жолдармен бір – бірімен байланыссыз, өз бетінше  бейімделуі.

 5.Жеке  түрлердің  экологиялық спекторы төмендемейді. Әр түрдің  өзіндік экологиялық мүмкіншіліктері бар.

6. Факторлардың өзара байланысы.

7. Факторларды шектеу ережелері.

       Негізгі абиотикалық факторды және  ағзаның оған  адаптациялануын қарастырайық.

       Жарық . Күн сәулелерінің спекторының  әртүрлі бөліктеріндегі сәулелену ағзаға әртүрлі жағдайда әсер етеді:

       Көрінетін  жарық  өсімдіктерге оларда жүретін фотосинтез процесі үшін қажет.Түрлерді жарықсүйгіш (Фотофилдер) және көлеңкесүйгіш (фотофобтар) деп бөледі.

       Ұзынтолқынды ультрокүлгін сәулелерге (УКС) өте белсенділік тән. Олардың көп мөлшері  қауыпті, ал аз мөлшерде  көптеген түрлерге -  өте қажет.Олар өте күшті бактерицидті әсер етеді, антирахитік дәрумен Д түрінде қабылданады, терінің  күюін (терінің  қорғаныштық реакциясы) қамтамасыз етсе, инфрақызыл түсті ұзындығы 750 нм.-ге жететін ұзын толқындар  ағзаны  жылулықпен қамтиды.

      Жасыл өсімдіктер өміріндегі жарықтың ролі:

1).Хлорофиллдің  пайда болуы (фотосинтез).

2).Лептесіктердің жұмысын  қалыптастырады (газ алмасу және  транспирация), ферменттердің белсенділігін арттырады,ақуыз және нуклеин қышқылдарының  биосинтезін  жақсартады.

3).Жасушаның бөлінуі мен созылуына, өсуіне  және өсімдіктің дамуына  әсер етеді,  жемісберу мен гүлдеу мезгілдерін анықтайды, сонымен бірге өсімдіктердің формасының қалыптасуына да әсер етеді.

      Жарыққа байланысты  болатын экологиялық топтар:

      1. Жарық сүйгіштер (жарықтағы) – гелиофиттер.

      2.Көлеңке сүйгіштер (көлеңкедегілер) – сциофиттер.

      3.Көлдеңкеге төзімділер – факультативті  гелиофиттер.

      Жануарлар үшін жарық кеңістікте бағытты бақылауға , көруге ғана қажет.

      Температура.Тіршілік  үшін  қажетті температура мөлшері 0-дан басталып, +50°С –қа дейінгі температура аралықтары, осы температура аралықтары ақуыздың  нормадағы құрылысы және  қалыптасуы жүреді. Бірақ кейбір ағзалар осы мөлшерден  тыс температура  мөлшерінде де тіршілік ете алады:

      1.Криофилдер –суықты қажет ететін  түрлер.

      2.термофилдер – керісінше, жоғары температураны қажет етуші  түрлер.

       

Өсімдіктердің температураға адаптациялануы:

Төменгі температураға :

 1.Суыққа төзімсіздер. 2.Аязға төзімсіздер.3.Мұзға төзімділер (аязға төзімділер).

Жоғарғы температураға :

1.Салқынға төзімділер. 2.Ыстыққа төзімді эукариоттар. 3.Ыстыққа төзімді прокариоттар.

Жануарлардың температураға адаптациялануы :

1.Химиялық терморегуляция.  2.Физикалық терморегуляция. 3.Ағзалардың өзін -өзі көрсетуі.

Ылғалдылық. Су  - барлық ағзалардың тіршілігіне қажетті жағдай.

Суға байланысты өсімдіктердің  экологиялық топтары.

Гидатофиттер – суда толығымен немесе біршама бөлігімен  тұрып өсетін өсімдіктер.

Гидрофиты – құрлық –су өсімдіктері, олардың  көпшілік бөлігі суда өседі, су тоғандарында, шалшық суларда, балшықтарда өсетін өсімдіктер.

Гигрофиттер – құрлықтағы өсімдіктер, олардың көпшілігі ылғалды  ауасы бар жерлерде, ылғалды топырақта өседі.

Мезофиттер – аздаған және  өте  шөлді  жерлерде өсетін өсімдіктер.

Ксерофиттер -  ылғалы жеткіліксіз жерлерде өседі.

Суккуленттер – бойына  шырын жинаған шырынды өсімдіктер, оларда суды  паренхималары мен  түрлі  органдарында жинау қабілеттері бар.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу