Скалярлық және векторлық шамалар. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1 А

Мектеп: ХББ НЗМ ПЕТРОПАВЛ қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Скалярлық және векторлық шамалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

скалярлық және векторлық шамалар арасындағы айырмашылықты білу және мысалдар келтіру;

коллинеарлы векторларды қосу мен азайтуды жүргізе білу;

физика кабинетінде техника қауіпсіздігін білужәне сақтау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар скалярлық және векторлық шамалардың айырмашылығын біледі,

коллениар векторларды қосу және азайтуды үйренеді

 Жетістік критерийлері

 Тілдік мақсаттар

 

Векторлық шамалар, скаляр шамалар, колленеарлық векторлар, векторларға амалдар қолдану

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Жұппен және топпен жұмыс барысында өзара көмектесуге, бірін-бірі тыңдай білуге, физиқалық құралдармен өлшеген кезде ұқыпты болуға үйренеді

 Пәнаралық байланыстар

математика пәнінен векторлар тақырыбы

 АКТ қолдану дағдылары

презентация

Бастапқы білім

Физикалық шамалар (ұзындық, аудан, көлем, уақыт, жылдамдық, масса, температура) және олардың өлшем бірліктері мен өлшейтін құралдар, бөлік құны, өлшеу қателігі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Үй жұмысын карточка бойынша дәптерде тексеру.

Сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушылармен анықтау.

Вектор дегеніміз не? Біз нені оқимыз?

Интерактивты тақтада өлшеуіш құралдары көрсетілген (спидометр, мензурка, динамометр, сызғыш, секундомер). Оқушылар бір-бірден осы құралдарды атайды, бөлік құнын анықтайды. Көрсетілген қуралдар арқылы өлшенетін шамаларды атайды.

Мұғалім аталған шамаларды екі қатарға жазады, ал оқушылар олардың айырмашылығын табу керек.

Оқушылар шамалар белгілердің үстіндегі бағытты көріп вектор мен скалярдың айырмашылығы бағытта деп айтады.

Сабақтың ортасы

Физикада шамалардың екі түрі бар.Вектор және скаляр шамалардың анықтамаларын жазу, мысал келтіру.

Қалай ойлайсыңдар: скаляр және вектор шамаларды қалай ажыратуға болады?

Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар немесе векторлар деп аталады. Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар скалярлық шамалар немесе скалярлар деп аталады. Мысалы, уақыт, заттың тығыздығы, дененің көлемі, температура, арақашықтығын (орын ауыстыру емес), сынып бөлмесінің ұзындығы, ені және биіктігі, т.с.с. скалярлық шамаларға жатады.

Кез келген вектордың сандық мәні оның модулі деп аталады. Модуль — скалярлық шама.

Коллинеар векторлар - өзара параллель сызықтың бойында немесе бір сызықтың бойында жатқан векторлар.

Колленеар векторлар бағыты бірдей болуы мүмкін (бағыттас), немесе бағыттары әртүрлі (қарама-қарсы).

Егер a және b векторларының модульдері мен бағыттары бірдей болса, онда олар тең болады а = b. Ал векторлардың модульдері тең болып, бірақ бағыттары қарама-қарсы болса, онда а = - b болады.

Бір түзудің бойында жатқан немесе бір-біріне параллель векторлар бір жаққа қарай не қарама-қарсы бағытталуы мүмкін.

Мұндай векторлар оңай қосылады, яғни бірінші вектордың ұшы екінші вектордың басымен қосылады. Қорытқы вектор модулі бойынша қосылатын векторлар модульдерінің арифметикалық қосындысына немесе арифметикалық айырымына тең. Қорытқы вектор қосылатын векторлармен бағыттас модулі үлкен вектор жаққа қарай бағытталады.

Бұл векторларды қосуға немесе азайтуға болады.

a⃗  және b⃗  (сурет 6, а) және a⃗  және d⃗  (сурет 7, а). Бұл векторлардың қосындысы, c⃗ =a⃗ +b⃗  және f⃗ =a⃗ +d⃗   сурет 6, б және 7, б. Векторлардың модулі c=a+b и f=|a−d|.

   

а                                         б

сурет 6.

   

а                                         б

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- не қызық болды

- мына сұрағым жауапсыз қалды

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Үй жұмысын беру

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу