Қозғалыс теңдеулері. Әртүрлі қозғалыс графиктері. Физика, 7 сынып, дикдактикалық материал.


Оқушының аты-жөні: ________________________________Сыныбы: __________

Қалыптастырушы бағалау

Сабақ тақырыбы:

Қозғалыс теңдеулері.Әртүрлі қозғалыс графиктері

Оқу мақсаттары:

7.2.1.6 орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдықты анықтау;

7.2.1.7 жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау: (1) дене тыныштық күйде болғанда, (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалғанда, (3) теңүдеумелі қозғалғанда, (4) айнымалы үдеумен қозғалғанда;

7.2.1.8 дене тұрақты жылдамдықпен немесе тұрақты үдеумен қозғалғанда жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі график астындағы ауданын есептеу арқылы жүрілген қашықтықты анықтау;

Бағалау критерийлері:

  • x(t) және 𝜐(t) графиктеріне талдау жасап, қозғалыс түрлерін ажыратады;
  • x(t) графигінен жылдамдықты анықтайды;
  • 𝜐(t) графигінен дененің жылдамдығын, үдеуін анықтайды.
  • 𝜐(t) графигінен фигура ауданын есептеу арқылы жүрілген жолды анықтайды

Тапсырмаларды дәптерге орындаңыз:

  • Төменде берілген жүрілген жолдың уақытқа тәуелділік s(t) графигінің әр бөлігі үшін қозғалысты сипаттаңыз. Келесі уақыт интервалдарындағы:

а) 0-4 с аралығындағы;

b) 4-10 с аралығындағы

с) 10-12 с аралығындағы объекттің жылдамдықтарын анықтаңыз.

Дескрипторлары:

  • График бөліктеріндегі қозғалысты дұрыс сипаттайды;
  • Берілген уақыт интервалдарындағы жылдамдық мәнін дұрыс анықтайды.
  • Төмендегі графикті пайдаланып, А нүктесінен F нүктесіне дейін жүріп өткен велосипедші туралы сұрақтарға жауап бере отырып, әңгіме жазыңыз
  • Велосипедші өз қозғалысын қалай бастады?
  • Қандай уақыт интервалдарында бірқалыпты қозғалды?
  • Бірқалыпты қозғалыстарының жылдамдығы қандай?
  • Қанша уақыттан кейін ол үзіліс жасады? Үзілісі қанша уақытқа созылды?
  • Барлық уақытта оның орын ауыстыруы қандай? Жолы ше?

Дескрипторы:

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді
  • Суретте зымыран моделі үшін жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінің мысалы келтірілген. Графикті қолдана отырып:
    • төмендегі үш негізгі интервал үшін оның үдеуілерін анықтаңыз.
  • 0-1 с аралығындағы;
  • 1-4 с аралығындағы;
  • 4-12 с аралығындағы.
    • 1-4 с аралығындағы жүрген жолын анықтаңыз

Дескрипторлары:

  • График бөліктеріндегі қозғалыс үдеулерін дұрыс анықтайды;
  • Берілген уақыт интервалдарындағы жүрілген жол мәнін дұрыс анықтайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу