алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Кіріспе. Физикалық құбылыстар. Физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері. Физика, 7 сынып, қосымша материал.


«Физикалық шамалар және өлшемдер» бөлімі

Оқыту мақсаты:

7.1.1.1 физикалық құбылыстар, физикалық шамалар және өлшем бірліктерге мысалдар келтіру

Бағалау критерийлері:

Физикалық дене, зат және құбылыстарды ажыратады

Физикалық шамаларды біледі және өлшем бірліктерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну

Тапсырма 1

a) Қайсысы зат болып табылады? Жарық, шыны, стакан, Ауа,  Ай, Мыс,  Грамм, Трактор, булану,

____________________________________________________________________________________

b) Қайсысы физикалық дене? Қағаз,Дәптер, Жылдамдық, Қайнау , Автомобиль, Ауа, Килограмм Қайнау, сызғыш, ине, _________________________________________________________________________________

c) Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты табыңыз? Шардың қозғалысы , Қоңыраудың сыңғыры, Таңның атуы, Қардың еруі, жаңғырық

_____________________________________________________________________________________

d) Төменде аталған заттар мен денелерден: мыс, қар, гүл, ұшақ, су, стақан, алюминий, бор, қағаз, заттарын бір бағанға, денелерді екінші бағанға жеке көшіріп жазыңыз.

Заттар

Денелер

е) Төмендегі кестеде денелер берілген. Берілген денелердің қандай заттан құралғанын жазыңыз:

Дене

Зат

Мұз

парта

орамал

доп

сызғыш

f) Төмендегі кестеге көрсетілген құбылыстарды анықтап механикалық, жылулық, электрлік, магниттік, жарық құбылыстарының түрін ажыратыңдар: тамшы құлады, мұз еріді, сіріңке жануда, музыка дыбыстары естілуде, қар еріп жатыр, шам жанып тұр, шымшық шырылдады, су қайнады, қайық жүзуде, ұшақ ұшуда, найзағай жарқырады, түйрегіш магнитке тартылды, жұлдыздар жарқырады, жапырақ сыбдырлады, электромагнит жүк көтеруде, өткізгіштегі ток.

Механикалық

Жылулық

Дыбыс

Электрлік

Жарық

Магниттік

Тапсырма 2

a) Физикалық шаманы көрсетіңіз: Уақыт, Темір, Тікұшақ,Үстел, масса, кітап, бензин

____________________________________________________________________________________

b)Төмендегі көрсетілген құралдар арқылы қандай физикалық шамаларды анықтауға болады?

  • 2)

___________________________________________________________________________________

c) Төменде жазылған құралдардың көмегімен қандай физикалық шамаларды өлшейді:

1) сызғыш ________________ 2) cекунд өлшеуіш_______________

d) Төмендегі кестеге аталған сөздерден физикалық шаманы, физикалық шама өлшем бірлігін ажыратып бағанаға жазып шығыңыз: килограмм, сызғыш, өзен тереңдігі, сантиметр, ғимарат биіктігі, автомобиль жылдамдығы, термометр, секунд, сызғыш ұзындығы, білеуше көлемі, масса, уақыт.

Физикалық шама

Физикалық шама өлшем бірлігі

Бағалау критерийлері:

Тапсырма №

Дескриптор

Физикалық дене, зат және құбылыстарды ажыратады

1

а) Берілген мысалдардан заттарды анықтайды

b) Физикалық денені анықтайды

c) Дыбыс құбылысына сәйкес мысалды анықтайды

d) Берілген мысалдардан дене мен затты кестеге бөліп жазады

f) көрсетілген құбылыстарды кестеге толтырады

Физикалық шамаларды біледі және өлшем бірліктерін анықтайды

2

a) Физикалық шамаларды көрсетеді

b) құралдар арқылы қандай физикалық шамаларды анықтауға болатынын жазады

c) құралдардың көмегімен қандай физикалық шамаларды өлшейтінін жазады

d)Кестеге физикалық шама мен шаманың өлшем бірілігін кестеге сәйкес толтырады


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы