Заманауи музыкалық жанрлар. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Алдыңғы алған білімін бекіту мақсатында, сабақты өткен тақырыпты еске түсіруден бастаңыз. Ол үшін «Білімпаз» ойынын ұйымдастырыңыз. . Сұрақ-жауап. Екі топ өткен сабақ бойынша 5 сұрақтан дайындайды.Сұрақтарға қарсы топ жауап береді. Бекіту бөлімі аяқталған соң, оқушыларды сабақтың оқу мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.
Тыңдау және талдау тапсырмасын орындау үшін Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін екі түрлі орындауда тыңдатыңыз. Тыңдалған шығармаға талдау жүргізіп, төмендегі сұрақтар көмегімен ерекшеліктерін анықтаңыз:
-Бірінші орындаудың екіншісінен қандай айырмашылығы бар?
-Қандай өзгерістер болды?
-Осы орындаулардың қайсысын заманауи деп ойлайсыз? Нелікен?
-Заманауи музыка дегеніміз не?
Талқылаудан кейін сабақ тақырыбын анықтаңыз.
-Поп, рэп, хип-хоп, битбокс тектес музыкалық жанрлары сіздерге таныс па? Сұрағы көмегімен оқушылардың білімін анықтаңыз. Егер жауап беру қиындық тудырса, тақырып бойынша шағын мәлімет беріңіз.
Поп, рэп, хип-хоп, битбокс жанрларына сай шығармалар тыңдатып, ажыратыңыз.
Кейін сыныпты жанр түрлері жазылған карточкалар көмегімен топтарға бөліңіз:
1 топ - рэп;
2 топ – битбокс;
3 топ – хип-хоп;
- топ – поп.
Әр жанр бойынша қысқаша мәлімет беру тапсырмасын беріңіз.
- Бұл жанрлардың әрқайсысы туралы не білесіз?
- Олар несімен өзгешеленеді? сұрақтарына жауап беруі тиіс.
Топтардағы талқылаудан кейін шығармашылық жұмыс орындатыңыз.
Музыка шығару мен импровизациялау (топпен жұмыс).
Топқа ұсынылған жанрға байланысты шағын музыкалық композиция шығару. Композиция орындауда дауысты, музыкалық аспаптарды қолдануға болады.
Сынып алдында өз жұмысын таныстырып, бағалау жүргізеді. Композицияны бағалау үшін келесі дескрипторлар ұсынылады: (дескрипторларды оқушылармен бірлесіп толықтыруға болады)
-Берілген жанрға сай композиция құрастырады;
-Шығарманың көркем бейнесін жеткізеді;
-Орындау барысында музыкалық/шулы аспаптар қолданады;
-Топта өз рөлін атқарады.
Сабақ барысында:
- не сәтті орындалды?
- қандай қиындықтар кездесті? сұрақтары көмегімен рефлексия жүргізіп, сабақты қорытындылаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?