Заманауи музыкалық жанрлар. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

 Сабақ барысын ұйымдастыру бөлімінен бастаңыз. Оқушыларды сабақ тақырыбы, сабақтың мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.

Ән тыңдау және талдау таспырмасын орындату үшін, алдын-ала ресурстарды дайындаңыз. Тыңдалған әнге келесі сұрақтар көмегімен талдау жүргізіңіз:

-Ән не жайында айтылады?

-Бұл ән заманауи болып санала ма?

-Неліктен?

 Талдау жүргізген соң, оқушыларға әннің шумағы мен қайырмасын караоке орындауды ұсыныңыз. Орындау барысында сыныпты екі топқа бөліп, канон элементін қолданып көріңіз. Әннің көркем бейнесі мен көңіл-күйін жеткізуді сұраңыз.

 Алдыңғы сабақтарда өткен тапсырмаларды еске түсіріп, бекіту мақсатында сәйкестікті табуға арналған тапсырманы орындаңыз. Карточкаларда берілген музыкалық стильдердің сәйкестігін тауып, талқылаңыз. Рэп пен поп музыка стильдерінің айырмашылықтарын анықтаңыз.

 Импровизация және орындау тапсырмасына арналған карточкаларды қолданып, сыныпты топқа (гитара, саксафон, домбыра) бөліңіз.

Топтарда «Менің Қазақстаным» тақырыбында дайын әннің шумағы мен қайырмасын немесе өздері шығарған шумақ жолдарын рэп, хип-хоп, поп стилінің бірінде орындатыңыз. Дайындыққа уақыт белгілеңіз. Саралау жұмыстары үшін кейбір оқушылар импровизация кезінде шумақ жолдарын шығарып беруі мүмкін. Сонымен қатар, орындау дағдысы жоғары оқушылар, белгілі бір стильде солист рөлін орындай алады. Музыкалық аспапта орындау дағдысы жоғары оқушылар өз импровизациясын ұсына алады. Әр топ импровизациясын сынып алдында орындайды. Оқушыларды топтық жұмыс орындар алдында, бағалау дескрипторларымен таныстырыңыз.

Топтық жұмысты бағалау үшін дескрипторлар:

-Берілген стильдегі импровизацияны ұсынады;

- Креативті импровизация үлгісін көрсетеді;

-Әуеннің көңіл күйін жеткізеді;

-Топта өз рөлін атқарады;

-Өз жұмысына әділ баға береді.

Сабақты қорытындылап,төмендегі сұрақтар көмегімен рефлексия жүргізіңіз:

-Сіздің орындауыңызда не жақсы шықты?

-Қандай өзгерістер енгізер едіңіз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу