Заманауи музыкалық жанрлар. Музыка, 6 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.


Дидактикалық материалдар

 «Рэп» сөзі ағылшынша rap – "тарсыл", "дыбыс" деген сөздерді білдіреді. To rap –  "айту" және "әңгімелеу" деген сөз. Рэп сөзі «Rhythm and Poetry» (ырғақ және поэзия), Rhytmic African Poetry» (ырғақты африкалық поэзия) немесе «Radical American Poetry» (радикалдық америкалық поэзия) деген тіркестерден қысқартылып алынған. Бір кездері рэп ағылшын тілінде rapping, rapper деп біртүбірлі сөздерде қолданыла берген. Рэп тарихы 70 жылдардан бастау алады. Алғашында ауызбен-ауыз айтылатын бұл өнер түрі жай ғана қарапайым шумақтардан ғана құралатын. Оны ең алғаш Бронкстегі ямайкалық диджейлер орындады. Құлағына сіңіріп алған негр ұлтындағы радио тыңдармандар осындай шумақтарды ести сала іліп әкетеді де, өз аудиторияларына аздаған өзгерістермен тарата бастайды. Алғашында стилін, содан соң шумақтарын өзгертіп, шамалары келгенше,  рэпті жандандыра түседі.   Тарихта алғаш рэп орныдаушысы деп Джек Гибсонды атай аламыз. Радиода жүргізуші болып қызмет атқарып жүрген ол рэп айта бастағаннан бастап, ел арасында Джек-Рэпер аталып кетті. Кейіннен бұл жанр көшеге шыға бастады. Осы үрдіс қазірдің өзінде қаз-қалпында сақталған. 80 жылдары бұл музыка жанрына сипаттама жасау үшін «хип-хоп» термині қолданылды. Сол арқылы рэптің өз тарихы мен мәдениеті де қалыптаса бастады. Онымен қоса, R’n’B (ырғақ және блюз) жанрының осы рэптің әсерінде дүниеге келгені тағы бар. 90 жылдары рэп жанры үшін жұлдызды шақтар болады. Өйткені сол жылдары осы өнер түрі барша әлемге танылып, музыка саласында өзіндік статусқа ие бола бастады. Әлемді жайлаған өнер түрі көбіне жас өнерсүйер жандарды қызықтырды. Әлемге аты жайылған рэп қазақ елін де айналып өте алмады. Біздің елімізге келгеніне көп болмаса да, қазақ жастарының сүйікті музыка түріне айналды. Құрамындағы өлең шумақтары аса күрделі емес рэп әндер халық арасында тез жатталды. 

 Музыка – түрлі жанрлар тоғысынан тұратын, адамның құлағы арқылы жан дүниесіне әсер етуші құбылыс. Әуеннің толқындары арқылы адам өзіне жақын, сүйіп тыңдайтын музыкасын іздейді. Музыканың жанрынан бөлек жаңа жаһандану заманында пайда болған элементтері бар. Соның бірі бесінші элемент, хип-хоп мәдениетінің бірі – битбокс. Битбокс – биттің, ритмнің, әннің адам ауызы арқылы орындалатын өнер түрі. Тарихы Битбокс ең алғаш АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында дамыды. Ол хип-хоп жанрының бір бөлшегі. Сөздің шығу тегі «Beat Box». Хип-хоп, соның ішінде рэп айту үшін ритм мен бит керек екені баршаға түсінікті. Дегенмен техникалық жабдық кез келген адамның мүкіншілігінде болма бермейді. Сондықтан рэпті айту кезінде оған сүйемелдеуші құрал ретінде адамның өз табиғи үні керек болды. Осы себептен битбокс қалыптасты. Оның алғашқы өкілі – Doug E.Fresh. Битбокс өнері 1970 жылдардың соңына қарай туды. Бірақ арада он жыл өткеннен кейін бұл өнерді жаппай қолдану етек ала бастады. Бір сөзбен айтқанда 1980 жылдардың соңына қарай аталған өнер белгілі бір дәрежеге көтеріліп кетті. Алғаш пайда болған кезде әрбір рэпер битбоксты ауыздың көмегімен өздері сала бастады. 1990 жылдары бұл өнер ғана емес, брейк данс жанрының да тоқырап қалғаны музыка әлеміндегі жанкүйерлерге таныс жайт. Бірақ арада біраз жыл өтіп 2002 жылы қайтадан өрлеу дәуірі басталды. Битбокс музыка әлемінде революция жасай алды. Ал бұл революцияны жасаушы – британиялық битбоксер Alex Tew a.k.a A-Plus. Битбокс – өзінің белгілі бір музыкалық тілі бар, адамның ауыз қуысы (тіл, тіс, таңдай, көмей) арқылы, өкпеден келетін ауаны пайдаланып жасалатын хип-хоп жанрының бөлшек түрі. Қазіргі кезде техниканың дамыған заманы болса да, адамдар арасында бұл өнерге қызығушылық көп. Әсіресе Youtube әлеуметтік желісінде бұл өнердің табынушылары көп. Қарқынды даму, өсудің нәтижесінде битбокс өнерін үйренушілерге арналған арнайы курстар мен мектептер де бар.Хип-хопХип-хоптың отаны – Нью-Йорктағы Оңтүстік Бронкс. Бұл би өткен ғсырда, яғни 1980-ші жылдары басталды. Хип-хоп жанры да баршамызға танымал, бірақ онымен кәсіби түрде айналысатындар оны өз іштерінде бірнеше бағыттарға бөледі. Мәселен, крамп, waving, брейк данс и C-Walk.

БачатаБишілер арасында «егер сен өміріңде бір рет болса да бачата билемесең, онда сен мүлдем билеген жоқсың» деген пікір қалыптасқан. Бидің мақсаты – жұптардың ара қатынасы және олардың қаншалықты жақын болғандығы соншалықты жақсы болғандығы.  Бұл бидегі жұптасқан бойжеткенді бір жақтан екінші жаққа қарай лақтыру және қапталдап тұру немесе өту өте сирек кездеседі. Сондықтанда бачата биін өз көзіңмен көріп тамашалаған дұрыс. Егер батылыңыз жетсе билеп те көріңіз.

РеггетонАталмыш би өз бастауын Пуэрто-Рико және Панамадан алады. Айып етпеңіз, егер Сіздің физикалық бейнеңіз жақсы болмаса, онда бұл би түрі Сізге қол емес. Көпшіліктің айтуы бойынша реггетон биі жануарлар патшалығындағы бірнеше түрлердің алғаш жұптасу сәтіндегі пәк сезімдерді бейнелейтін қимыл-қозғалыстарға сай келеді. әрине, мұндай биді риясыз сезіммен, өз жұбыңа деген ыстық сезіммен билеу керек, сонда ғана би сырт көзге үйлесімді, ырғақты әрі тартымды болып көрініп, адамдарға әдемі бір күй сыйлай алады.

ВальсВальс барлық би түрлерінің ішіндегі ең шоқтығы биік жұптар биі. Бұл биді қарапайым тойда да, ресми жиындарда да, венский баллда да билейді. Сондықтанда әрбір адам вальстің бірнеше қарапайым ережелерін білгені дұрыс. Вальс биінде басымдылық ер адамға түскендіктен оның қимылы ширақ, қозғалысы епті болуы керек, әйтпесе бойжеткеннің көйлегін немесе аяғын басып қапы қалдыруыңыз мүмкін.

Қаруы күшті ер адам жұптасқан әйел адамды би ырғақтарын білмеседе өз толқынында алып жүре алады. Бұл би сырт көзге де өте жақсы көрінеді. Егер би ырғкақтарын әлі білмесеңіз бірнеше мәрте дайындыққа барғаныңыз дұрыс болар, әйтеуір бір жиынға барарыңыз анық қой. Онда Сізді вальске шақырса, тұқырап қалып жүрмеңіз.

Ча-ча-чаБұл биді «қылықтылар биі» деп атаса да болады. Себебі мұндағы ырғақтар еркіндікті, еркелікті, ерекше бір назды талап етеді. Кеңес одағы тұсында ча-ча-чаны көптеген мектептерде міндетті түрде үйрететін. Бұл биде бөксенің ырғақаты қозғалысы маңызды орынға ие, сондықтанда ол сымдай тартылған сымбаттылықты талап етеді.

Поп-музыка (ағылш. Pop-musicPopular music) — қазіргі заманның музыка бағыты.

Поп-музыкасының жаппай мәдениетінің негізгі ерекшеліктері - аспаптық бөліктің қарапайымдылығы, ырғақ, вокалға баса назар аударылады. Поп-музыкадағы композицияның басты және жалғыз түрі - ән. Поп-музыкада еуропоп, латын, синтопоп, дискотека, би музыкасы және басқалары сияқты қосалқы элементтер бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу