Заманауи музыкалық жанрлар. Музыка, 6 сынып, презентация. 4 сабақ.


2-бөлім:Заманауи музыка мәдениеті

Сабақтың тақырыбы:

Заманауи музыкалық жанрлар

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

Сабақ мақсаттары:

рэп және поп музыка стидьдерін талқылау;

С. Мусалимовтың «Менің Қазақстаным» әнін тыңдау және талдау;

әнге түрлі стильде импровизация жасау;

өзінің және өзгенің жұмысына баға беру.

Бағалау критерийлері:

рэп және поп музыка стильдерінің айырмашылығын анықтайды;

С. Мусалимовтың «Менің Қазақстаным» әнін талдайды;

түрлі стильде әнді импровизациялайды;

әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды;

өзінің және өзгерің жұмысына әділ баға береді.

Әні мен сөзі С. Мусалимовтың «Менің Қазақстаным» әнін тыңдаңыз.

Сұрақтарды талқылаңыз:

Ән не жайында айтылады?

Бұл ән заманауи болып санала ма?

Неліктен?

Әннің шумағы мен қайырмасын барлық сыныппен қосылып орындау (караоке).

https://www.youtube.com/watch?v=gYeCiyIHEek

Карточкаларда берілген музыкалық стильдердің сәйкестігін табу.

 

Рэп пен поп музыка стильдерінің қандай айырмашылықтары бар?

Импровизация және орындаңыз. (топпенжұмыс)

Топта «Менің Қазақстаным» тақырыбында дайын әннің шумағы мен қайырмасын немесе өздері шығарған шумақ жолдарын рэп, хип-хоп, поп стилінің бірінде орындаңыз.

- Әр топ импровизациясын сынып алдында орындаңыз.

Топтық жұмысты бағалау үшін дескрипторлар:

Берілген стильдегі импровизацияны ұсынады;

Әуеннің көңіл күйін жеткізеді;

Топта өз рөлін атқарады;

Өз жұмысына әділ баға береді.

Рефлексия

Сіздің орындауыңызда не жақсы шықты?

Қандай өзгерістер енгізер едіңіз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу