Жер әуені. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Қоршаған ортаны қорғау 4-5 сабақ | Мектеп: Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г.Ғ. | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жер әуені | ||||||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары | 4.1.1.1-музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру; 4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау; 4.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар таңдау; 4.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсете және бағалай білу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
Пәндік лексикасы мен терминологиясы Киностудия We are the world Талқылау сұрақтары:
| ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Табиғатты қорғауға тәрбиелеу Ұжымдық жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін құрметтеу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Информатика – оқушылар компьютерлік бағдарламамен жұмыс жасайды. | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар қасқыр мен аққудың образына арналып жазылған музыканмен танысты. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Басы | Оқушылармен сәлемдесу Бұл екі сабақ бір тақырыпты қамтып, оқушылар бөлім бойынша алған білімдерін жоба жасау арқылы көрсететінін айту. Сабақ мақсаты:
жобамызды таныстырып, бағалаймыз. 1-тапсырма. Тыңдау және талдау М.Джексонның «Жер өлеңі» әнін тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз:
2 тапсырма. Әнді орындап үйренейік. Оқушылар әннің 1 шумағы мен қайырмасын үйренеді. «Жер-ана» Сөзін жазған: Е. Сейдахметов, әнін жазған: Х. Сетеков Сотқар болып кім ұтты? Сындырмайық шыбықты. Қоқыс тастап өзенге, Лайламайық тұнықты. Киелі құс саналар. Айтқан маған ағалар. Қарлығаштың ұясын, Бұзбайықшы, балалар. Қайырмасы: Сөнбесе екен күніміз. Солмаса екен гүліміз. Қасиетті Жер-ана Біздің ортақ үйіміз. 3-тапсырма. Шығармашылық жұптық жұмыс.
«Киностудия» бағдарламасын қолдана отырып «Жерді қалай қорғауға болады?» тақырыбында ролик жаса. Жұмыс жасау барысында нұсқаулықты пайдалан. 1.Тақырыпқа байланысты суреттерді интернет-ресурсын пайдаланып жүкте; 2.Тақырыпқа байлынысты музыканы жүкте; 3.«Пуск»- «все программы»- «Киностудия» деп бағдарламаны аш; 4.«Добавить фото-видео» тетікшесін басу арқылы суреттерді бағдарламаға жүкте; 5.«Добавить музыку» тетікшесін басу арқылы музыканы бағдарламаға жүкте; 6.Суреттер мен музыканы қосып «Киностудия» бағдарламасында бейнебаян жаса; 7.Артық музыканы қиып таста; 8.Суреттерге «Анимация»- «переход» тетікшелерді басу арқылы ауысу түрлерін қолдан; 9.«Главная» - «Сохранить фильм» теткішесін басу арқылы өз жұмысыңды дұрыс сақта. Білім алушы
бағдарламаны қолдана отырып жұппен бірге жоба жасайды. | Michael Jackson - "We Are The World" live at W orld Music Awards 2006 - HD https://www.youtube.com/watch?v=O7y9aMIJG00 әннің сөзі мен караоке нұсқасы Нотубуктер, тыңдауыш, интернет желісі, тышқандар. | |||||||||||
Сабақтың ортасы | 4-Тапсырма.Жұптық жұмыс. «Жерді қалай қорғауға болады?» тақырыбында бастаған жобаңды аяқта. Жұбыңмен бірге өз шығармашылық жұмысыңды қорғауға дайындал. 5-тапсырма. Презентация және өзара бағалау. Өз шығармашылық жұмысыңды сыныпқа таныстыр. Өзге оқушылардың жасаған жұмысын бағала: -Жобада жер мәселесі қозғалды ма? -Жобада не сәтті шықты? -Қай тұстарын жақсартуға болады? | ||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия.
Оқушылар топтарда ақылдасып өз ойларын білдіреді | ||||||||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Қажет болған жағдайда оқушыларға қосымша көпіршелер орнату, көмек көрсету. Ноутбуктермен жұмыс жасау кезінде тақырып таңдауға қиналатын оқушыларға тақырыптарды үйлестіріп беріледі. | Дескрипторлар арқылы Бақылау Бағалау критерийлері | Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерді сақтайды. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?