Музыкалық-поэзиялық мұра. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары-Музыка
3-бөлім: Мәдени мұра | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Музыкалық-поэзиялық мұра | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі сипаттағы екі дауысты қарапайым элементтері бар әндерді орындау; 4.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсете және бағалай білу. | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар : •тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және таладау; •өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Терминдер сөздігі: • мәдени мұра, музыкалық мұра; •халық әні; •музыкалық фольклор; •сал және сері, •ақын, суырып салма ақын; •жыр, жырау, жыршы; •терме, термеші. Сұхбат/хат үшін сыныпта пайдаланылатын лексика: Талқылауға арналған сұрақтар: -Қандай көрнекті салдар мен серілердің білесіз? -Олардың әндерін атаңыз. -Өлеңде не туралы айтылып жатыр? -Ақан сері қашан өмір сүрді? -Ол неге сері деп аталған? | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақтың мәдени мұрасын білу, қазақ халқының көрнекті салдар мен серілердің шығармашылығының құндылықтарын оқушылардың бойына дарыту және құрметпен қарау. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бейнелеу өнері, қазақ тілі. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бұл сабақта АКТ қолдану дағдылары пайдаланбайды. | |||||||||
Бастапқы білім | Өткен сабақта оқушылар қазақ халқының музыкалық аспаптары мен күйлері музыкалық мұрасы туралы әңгімеледі. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптардың дыбыстаран тыңдап, ажыратты. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Стартер Музыкалық сәлемдесу Дауыс жаттығулары Тақырыппен танысу Оқушыларға сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен таңыстыру. Сұрақтар: - Өткен сабақта не үйрендік? Мысалдар келтіріндер. | Таныстырылым. | ||||||||
Сабақтың ортасы 8 минут
7 минут
20 минут
| 1-тапсырма. Ақпарат іздеу. Ұсынылған ұғымдардың сипаттамасын естеріңізге түсіріп, А4 парақтарына жазыңыз: 1 топ - ақын; 2 топ - сал – сері; 3 топ - жыршы; 4 топ - термеші. Қазақ халқының музыкалық-поэзиялық өнер өкілдерін атаңыз. Өз жұмысыңызды басқа топтарға көрсетіңіз. 2-тапсырма. Талқылау және орындау. Ерлан Рысқалидың орындауында Ақан серінің «Маңмаңгер» әнің тыңдаңыз. Сұрақтарды талқылаңыз: -Қандай көрнекті салдар мен серілердің білесіз? -Олардың әндерін атаңыз. -Өлеңде не туралы айтылып жатыр? -Ақан сері қашан өмір сүрді? -Ол неге сері деп аталған? Ақан серінің «Маңмаңгер» әнінің сөздері мен музыкасын естеріңізге түсіріңіз. Әнді орындаңыз. 3-тапсырма. Шығармашылық. Ақан серінің «Маңмаңгер» әнін орындаңыз. Өз шығармашылық жұмысыңызды топпен жаттықтырыңыз. 1 топ – әнді би қимылдарын қосып орындау. 2 топ – әнді күй жанрында орындау. Әнді ырғағына, өсіңкілігіне және сипатына сәйкес орындаңыз. Бір-біріңіздің жұмысыңызды бағалау критерийлеріне сәйкес бағалаңыз:
| Ресурстар: https://www.youtube.com/watch?v=iEW8KULpnkg Ерлан Рысқали - Ақан Сері Маңмаңгер. «Маңмаңгер» әні. Ақпарат парақшалар | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия - Бүгін сабақта не үйрендік? (…………….) - Қандай тапсарма сендерге ұнады? (…………….) - Қандай тапсырма сендерге қиын болды? (…………….) - Бүгін сабақта не құнды болды? Неге? (…………….) - Қазақтың сал серілерін әлем азаматтары деп алауға бола ма? Неге? (…………….) - Менің білуімше, бүгін сәтті болды? (…………..) | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады. | Алған білімдерін бағалау мүмкіндігі болады: - алдын ала оқыту білімін қолдау; - практикалық тапсырманы бір-бірін бағалау; - сұратар арқылы; - бағалау критерийлері бойынша. | Осы сабақта интертақтаны 10 минут пайдалану. Осы сабақты бейнелеу өнері, қазақ тілімен байланастыру мүнкіндігі бар. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?