Ұлы дала сазгерлері. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 1– сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Атақты тұлғалар Сабақ: 1 | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сыныбы: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы: | Ұлы дала сазгерлері | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.3 - музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату 3.3.1.1 - өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай білу | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушылар:
| ||||||||
Тілдік мақсаттар:
| Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ұлттық ән өнерімізге деген құрмет. Топтық жұмыс жасау барысында ынтымымақтастық және бір біріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы | ||||||||
АКТ дағдылары | Презентация Power Point | ||||||||
Бастапқы білім | 5 бөлімде оқушылар музыканың басқа да өнер салаларымен байланысын зерттеді, музыкалық шығармашылық жұмыстар жасады. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 5 минут Сабақтың ортасы 30 минут | Музыкалық сәлемдесу 1. Сыныпта талқылау.
(суретте Құрманғазы, Дина, Ақан, Біржан, Дәулеткерей, Ыбырай.) - Күйші, жыршы, әнші терминдері нені білдіреді? Есімізге түсірейікші. Күйші– домбырада, қобызда, сыбызғыда күй орындаушы - музыкант. Күйшіні домбырашы, сыбызғышы, қобызшы деп те атайды. Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы” деп аталған. Жыршылар жырды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады. Әнші – әнді нақышына келтіріп, шебер орындайтын адам. 2. Сабақ мақсаттары: Бүгінгі сабақта біз
3. Бейнеүзіндіні көру және талдау «Біржан сал» киносынан үзінді көрңіздер.
| Атақты тұлғалар суреттері Слайд Терминдер жазылған А4 қағазы https://www.youtube.com/watch?v=HJTfrTZfPis | |||||||
4. Теориялық түсініктеме беру. «Сал» және «Сері» терминдері Сал және сері – әнші ипровизаторлар, бойларында композиторлық, жыршылық, шабандоз, аңшылық қабілеттері болған. Бұл халықтық дара, тума талантты тұлғалар. Өздерінің өнерін халқына арнаған, халық арасында құрметке ие болған. Сал – әнші, композитор, импровизатор, орындаушы болған дарынды өнерпаз. Сері – бойларында өнермен қатар, құсбегілік, аңшылық, күресу қабілеттері болған. 5. Оқушыларды топтарға біріктіру. Оқушыларды түстер бойынша 4 топқа біріктіру. 6. Шығармашылық тапсырма. Постер жасау. Ақпаратты зерттеу үшін 6 минут уақыт беріледі. М.: топтық жұмысқа кіріспес бұрын топта өзін өзі қалай ұстау керек екенін анықтайық Тапсырма: Дала өнерпаздары жайлы постер жасаңыздар. Постерді жасау үшін 10 минут уақыт беріледі Қызыл топ - Біржан Сал Сары топ – Үкілі Ыбырай Жасыл топ – Ақан сері Көк топ - Сегіз сері 8. Презентация және бағалау Әр топқа өз постерін таныстыру үшін 2 минут уақыт беріледі. Оқушылар өз шығармашылық жұмысын креативті таныстыруға тырысу керек. Өзара бағалау «Екі жұлдыз – бір тілек» Постердегі екі жақсы нәрсе Бір тілек – нені өзгертер едің немесе жақсартар едің? | Презентация Түрлі түсті карточкалар музыканттардың портреттері, бастылырып шығарылған ақпарат А3 форматты ақ қағаз, желім, фломастерлер мен қайшы Таймер | ||||||||
Сабақтың соңы 5мин | 9. Cабақ қортыныдысы М.: Сабақтың мақсаттарына оралайықшы - Мақсатқа жеттіңдер ме? - Бүгін қандай жаңа ақпарат алдыңдар? Рефлексия «Бес саусақ» Оқушыларға қағазда өз қолдарын бастыру ұсынылады. Бастырған қолдың бір саусағын берілген критерийлерге сай бояу ұсынылады. Әр саусақ өз пікірін білдіруге болатын құрал болып табылады. Бас бармақ – барлық ақпарат мен үшін маңызды және қызықты; Сұқ саусақ – маған қиын болды; Ортаңғы саусақ – маған ақпарат жеткіліксіз болды; Аты жоқ саусақ – менің көңіл-күйім; Кішкентай саусақ – менің ұсынысым. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Постер жасау кезінде оқушыларға қосымша көпіршелер орнату және көмек көрсету. | Сұрақтарды талқылау кезінде ауызша бағалау Постер қорғағанда өзара бағалау | Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау. Постер жасау барысында мұғалім қайшымен жұмысты абайлап істеуді екертіп отырады. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?