Ұлы дала сазгерлері. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1– сабақ.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Атақты тұлғалар» бөлімінің алғашқы тақырыбы «Ұлы дала сазгерлері» деп аталады. Тақырыпты анықтау үшін оқушыларға ашық дәрежелі сұрақтар қойылады және алдын ала дайындалған Құрманғазы, Дина, Ақан, Біржан, Дәулеткерей, Ыбырай портреттері бар стенд немесе презентация көрсетіледі.
Содан соң халық өнерімен байланысмты негізгі терминдерге түсініктеме беріледі.
Бұл тапсырма оқушылардың алдыңғы білімдерін тексеріп, бөлім тақырыбын түсіндіру мақсатында өткізіледі.
Күйші– домбырада, қобызда, сыбызғыда күй орындаушы - музыкант. Күйшіні домбырашы, сыбызғышы, қобызшы деп те атайды.
Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы” деп аталған. Жыршылар жырды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады.
Әнші – әнді нақышына келтіріп, шебер орындайтын адам.
Оқушылар күйші, жыршы, әнші терминдеріне түсінік берген соң мұғалім сабақ мақсатын атайды.
Бейнеүзіндіні көру және талдау үшін мұғалім «Біржан сал» киносындағы Біржанның Қоянды жәрмеңкесінде өнер көрсететін жерін дайындап қоюы қажет.
Бейне материалды қарам бұрын мұғалім неге назар аудару қажет екенін айтуына болады, сонда оқушылар көріп отырғанда маңызды жерлерін естеріне сақтап қалуғы тырысады.
Бейнематериалды талдау оқушылармен әңгімелесу түрінде жүргізіледі.
4. Теориялық түсініктеме беру. Бейне материалға сүйене отырып мұғалім оқушыларға өзі теориялық түсініктеме береді. БҰл шағыр ақпаратты таратпа материал ретінде басып шығарып, оқушылардың діптерлеріне жапсырып қоюын сұрауға болады. Оқушылар қажет кезде, дәптердегі дидактикалық материалды қолдануға мүмкіншілік алады.
«Сал» мен «Сері» терминдері
Сал және сері – әнші ипровизаторлар, бойларында композиторлық, жыршылық, шабандоз, аңшылық қабілеттері болған. Бұл халықтық дара, тума талантты тұлғалар. Өздерінің өнерін халқына арнаған, халық арасында құрметке ие болған.
Сал – әнші, композитор, импровизатор, орындаушы болған дарынды өнерпаз.
Сері – бойларында өнермен қатар, құсбегілік, аңшылық, күресу қабілеттері болған.
5. Оқушыларды топтарға біріктіру.
Әр оқушының партасының астыңғы жағына сабақ басталмас бұрын мұғалім белгілі бір түсті карточка жасырады. Оқушылар өз карточкаларын тауып қызыл, көк, сары, жасыл түстерге сәйкес өз топтарына бірігеді.
6. Шығармашылық тапсырма. Постер жасау. Постер жасау үшін мұғалім ақпаратты алдын-ала өзі дайындайды. Әр топқа музыканттардың портреттері, бастылырып шығарылған ақпарат А3 форматты ақ қағаз, желім, фломастерлер мен қайшы береді.
Постерді жасауды бастамас бұрын топтар берілген ақпартты оқып, талқылайды. Талқылау барысында оқушылар өз постерінде көрсететін негізгі ақпаратты белгілеп алулары керек.
топтық жұмысқа кіріспес бұрын топта өзін өзі қалай ұстау керек екенін мұғаілм оуқышалрмен бірге анықтап алады. Бұл сыныпта тәртіпті сақтауға, оқушылардың коммуникабелдік қабілетттерін қалыптастырады.
Оқушылар бір бірінің сөзін бөлмей, өзге оқушының идеясы мен еңбегіне құрметпен қарау керек екенін айтады. Өзге топ жұмысты бағалаған кезде, қарсы сөйлеп, сөздерін бөлмеу қажет. «Алдымен тыңда, сосын дәлелде» қағидасын ұстау қажет екенін мұғалімнің айтып өтуіне болады.
8. Презентация және бағалау
Әр топқа өз постерін таныстыру үшін 2 минут уақыт беріледі.
Таныстыру барысында әр топ бір топты бағалайтынын мұғалім презентациядан көрсетеді.
Өзара бағалау «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісімен өткізіледі.
Оқушылар постердегі екі сәтті тұстары мен, бір тілек айтады.
9. Cабақ қортыныдысын мұғалім презентацияда сабақтың басында айтылған мақсаттарға оралады. Әр оқушыға әр мақсат бойынша ойланып, жауап берулерін сұрайды.
- Мақсатқа жеттіңдер ме?
- Бүгін қандай жаңа ақпарат алдыңдар?
Рефлексия
«Бес саусақ»
Оқушыларға қағазда өз қолдарын бастыру ұсынылады. Немесе уақытты үнемдеу үшін алдын ала шаблон таратылып, түсті стикерлер беріледі. Қай саусақты оқушылар белгілегілері келсе, сол стикерді қажет саусаққа жапсыра салады.
Бас бармақ –мен үшін маңызды және қызықты;
Сұқ саусақ – маған қиын болды;
Ортаңғы саусақ – маған ақпарат жеткіліксіз болды;
Аты жоқ саусақ – менің көңіл-күйім;
Кішкентай саусақ – менің ұсынысым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?