Ұлы дала сазгерлері. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 1– сабақ.


Ақан сері Қорамсаұлы – қазақ халқының әйгілі әнші-композиторы, ақын. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөл маңында 1843 жылы туып, сол ата мекеніндегі Бұлақ басы, Құлагер құдығы деген жерде дүние салған. Ақан сері алғашқыда ауыл молласынан сауат ашып, сонсоң Қызылжардағы Уәли медресесінде (1856-1859) оқыған. Ақан сері алғашқы әйелі Бәтимадан Ыбан (Ыбырайым) есімді бір перзент көрген. Бәтима өлген соң Ұрқия атты қызға үйленіп, онымен ұзақ отаспаған. Ақанның «Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия» деп басталатын өлеңі осы Ұрқияға арналған. Ақан өмірінде өшпес із қалдырған адам – Ақтоқты сұлу. Ақтотыға үйленуді тағдыр Ақанға жазбаған. Ақанның «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың» деп аталатын терең сырлы, ғажайып сезімге толы әндері осы Ақтотыға арналған. Сал-серілік дәстүрді барша сән-салтанатымен ұстанған Ақан сері жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазыны жан серігі еткен. Мұндай өмір-салт оның әншілік-ақындық шабытына тұғыр болып, «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Алайкөк», «Тер қатқан» сияқты тамаша әндердің дүниеге келуіне себепші болған. Сондай-ақ, оның «Көкшетау», «Сырымбет», «Кербез сұлу» деп аталатын әндері туған жерге, өскен елге деген перзенттік махабаттың жарқын айғағы. Ақан сері өз кезінде Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иманжүсіп, Құлтума сияқты ақын-әншілермен бастас болып, халықтың мәдени-рухани өміріне айырықша ықпал еткен. https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2296

Ақан 1843 жылы Көкшетау облысы Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Ол он үш жасқа келгенше Күнту деген молдадан мұсылманша оқыған. Бірақ сезімтал, сергек ойлы, ұғымтал балаға молданың оқуы ұнамайды. Кейін Қызылжарда Уәли медресесінде 2-3 жылдай дәріс алады. Жасынан өлең айтып, домбыра тартып, ән шығарумен шұғылданған Ақанның серілік өмірі басталады. Ел мұңын жоқтап, жүрген жерлері думанға айналған. Ақан сері Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сынды атақты сал серілермен жақын қарым-қатынаста болған. Ит жүгіртіп, құс салып аңшылық құрған. Алғыр қыран құс, жүйрік тазы ұстаған. Кейін Құлагер сияқты жүйрік атқа ие болған.

Ақан сері өмір шындығын терең жырлаған. Асқақ ақын ғана емес, сыршыл лирикалық сезіммен, әншілік орындаушылық композиторлық өнерімен бүкіл қазақ даласына танылған ерекше дарын иесі, арқаның ардагер ақын әншісі болды. "Ойқалқа", "Біздің көңіл қайда жатыр".

Жастық, бозбалалық көңілде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы достық, махаббат болды. Өзі ақын, өзі әнші, өзі аңшы сұлу жігіт Ақанның халық арасына атағы тез жайылады. Оның айналасына қыз-бозбала топтала береді. Эстетикалық сезімі, талғамы күшті, ол Көкшенің көркем табиғатында туған небір әсем әндерін бабына келтіріп орындайтын болған. Ақанның енді қадірі ел арасында күннен-күнге арта түскен. Нәзік жанды ақын өмірдегі небір сұлу, әдемінің бәрін беріле жырлаған. Ол өзінің "Желдірме" өлеңінде:

...Ғашықтық бір ыстық күн, желі тынық,

Басына түскен жанның көңілі сынық.

Жарлы, бай, жаман, жақсы дегізбейді

Уа, шіркін, желіктірсе жігітшілік, –

деп бастан өткізген албырт жастықтың бір кезеңін сүйсіне толғайды;

Ақынның "Жайықтың ақ түлкісі", "Ақ көйлек" т.б. лирикалық өлеңдерінде көркі көз сүріндірер сұлу арулар ақын назарынан тыс қалмайды. Ол адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын қалайды, өлеңдерінің лирикалық қаһарманы – әсем бейнелі, жаны сұлу адам болып келеді. Оны суреттеу барысында неше алуан теңеу, метафоралар, бейнелі сөздер, үздік эпитет, теңеу, шендестірулерді молынан шебер пайдаланады. "Жайықтың ақ түлкісі аралдағы" өлеңінде:

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,

Алдымен сен бір қашқан маралдағы.

Ертістің құба талы секілденіп,

Жаудырап екі көзің отырасың

Тұндырған шай секілді құмандағы, –

деп келіп енді бірде:

"Сен болсаң, ол – қызыл гүл асыл еркем,

Мен – бұлбұл сайрап тұрған иран бағы, –

деп қызды гүлге теңеп, еркелете келіп, өзін бұлбұлға теңейді. Қыз бейнесін суреттеуде Ақан ең әдемі, нәзік суреттермен береді; "ақ түлкі", "ақ марал" өмірде сирек кездесетін, ешкімнің қолына оңайшылықпен түсе бермейтін сүйкімді хайуанаттар.

Ары қарай:

Қалқыған дариядағы сен бір кеме,

Ішінде бір шамшырақ бұрандалы,

немесе:

Сен болсаң адамзаттың асылысың,

Біз қанжар алтындаған қыныңдағы.

Ұнаса көңіліңе, перизатым

Жүре бер беліңе, орап буын-дағы, –

деп ақын қыз бейнесін ерекше бір нәзіктікпен суреттей отырып, өзінің де осал еместігін ұмытпайды, "Алтын қанжарға", "Сұңқарға" теңеп, қияға қол созып, арманын ашық көрсетеді.

Жүсіп төренің сұлу қызы Жамалға ғашық болған Ақан оны ешбір қызға теңемейтінін өлең шумағында анық білдіреді.

... Етегін ақ көйлектің алтындаған,

Ажарың ақжамбыдай жарқылдаған.

Сексен қыз серуенге шықса-дағы

Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған.

Сармойын ақкуымсың көлге тартқан.

Жүйрік ат көлденеңдей жемге тартқан.

Болғанда сен аққу құс көлде жүзген

Лашын кұс не болады талпынбаған.

Мұнда ақын Жамалды "Ақ жамбы", "Аққу" "Қоңырқыз" т.б. сияқты небір теңеулермен аспандата суреттеп эмоциялық әсерін күшейте түседі. Осындай сұлу жанның өзіне тең келмейтін сүймеген адамына баруына мүлде қарсылық білдіреді. Жамалды мүлде ұмыта алмаған Ақан сері оның өзі ұнатпаған адамына ұзатылу кезінде іштегі мұң-шерін өлеңнің, музыканың тілімен сыртқы шығарған әйгілі "Сырымбет" әні дүниеге келеді. Бұл ән кімнің болса да жүрегін қозғайтын, ішкі жан ашуының, сезімінің адамшылық, азаматтық сырларын паш еткен шығарма.

Мысалы:

Аулым қонған Сырымбет саласына,

Болдым ғашық ақсұңқар баласына.

Бидайыққа лайық қарағым-ай,

Бөктеріге қор болып барасың ба?

"Қарындасым, енді есен бол! –

деген жолдардың өзінен ақын жаны қанша қиналса да, азаматтық ағалық көңілмен сүйген адамына аман-саулық тілейді. "Сырымбет" әні – Ақан шығармаларының ішіндегі шоқтығы биік туындысы. Бұл әнді білмейтін кісі аз. Ақан суреттеген бейнелер Шығыс поэзиясында кездесетін қыздардың романтикалық сипатымен ұқсас келуі, оның шығыс әдебиетін жақсы білгенін көрсетеді.

Ақан әндерінің ішінде көңілді, ойнақы, қысқа қайырылатын әні – "Балқадиша", бұл да – халық арасында кең тараған әндерінің бірі. Бір сапарында Ақан Қарауыл Шәкейдің Ыбырайының қызы Балқадишаны кездестіреді. Атына сай көрікті қылықты қыз Ақанды өзіне тарта түседі. Қыздың мінез-құлқын, түрінің әдемілігін, әдептілігін бірден байқаған сері Ақан оны қасынан жібергісі келмейді. Бірақ, қыздың жеңгесі қайталық деп болмайды, қыз екі оттың арасында қалып мазасыздана береді. Сезімтал Ақан оны байқап: –

Дегенде Балқадиша, Балқадиша

Есілді өрлей біткен тал Қадиша

Жеңгеңіз қайталық деп асығып тұр,

Рұхсат бізден сізге бар, Қадиша, –

деп табан астында өлеңмен өзі амалсыздан қимаса да рұхсат беретінін білдіреді. Өлең – асығып тұрған қызға тілек-ықыласын байқату мақсатында шығарылған ән. Мұнда мұң, қасірет, өкініштен бөлек, ашық-жарқын көңілділік, ойнақылық басым.

"Құлагер". Ереймен еліндегі Сағынайдың асында Ақанның сүйікті аты Құлагерге қастық жасалады. Бұл кез серінің сүйген жары Ұрқиядан, қыран құсы Қараторғайдан, құмай тазысы Базаралыдан айрылған кезі болатын. Ат арқылы халық арасында беделі айырықша артып бара жатқан Ақанды дұшпандары көре алмайды. Топ аттың алдында озып келе жатқан Құлагерді Батыраш-Қотыраштың адамдары тосып тұрып, шоқпармен ұрып өлтіреді. Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін көріп, бір жамандықты көңілі сезеді.

Қасындағыларға:

Жел соқса қамыс басы майда деймін,

Атыңды ат айдаушы, айда деймін.

Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды

Жығылмаса Құлагер қайда деймін? –

деп зарлы өлеңін айта бастайды.

...Құлагер, айналайын шабысыңнан,

Атағың елге шыққан дабысыңнан,

немесе:

Құлагер шешең – сұңқар, әкең – тұлпар

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.

Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің,

Бота тіресек, қыз сағақ, сандал керім.

Құлпырған күлте жібек құйрығың-ай

Ор болып қалушы еді шапқан жерің, –

деген суреттеулерден Құлагердің шын жүйрікке тән мүсінін, бәйгеге шапқандағы қимылын толық көзге елестетеміз.

Атын жанындай жақсы көрген Ақан Құлагерге арнап, өлеңдерін шығарады.

Зорлықшыл қиянатқа қарсы ақын қатты назаланып, жан айқайын өлең жолдарымен білдіреді. Құлагер мерт болды деп естігенде, Жұлдым да сақалымды ойбайладым, деп суреттейді. Бұл өлеңде ат портретін, жүйрік қасиетін танытатын суреттеулер басым. Мәселен:

Шынымен өлгенің бе, Құлагерім,

Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің

Баспа-бас қызға бермес жануарым,

Басылмас бір шырқамай менің шерім, –

деген жолдары Ақанның Құлагерді ерекше бағалап, талай аруларға ән шығарған сері енді қызға да айырбастамайтынын білдіреді. Құлагердің өлімі Ақанды қатты толғанысқа түсіреді. Ол өмірде әділдік жоқ деген сияқты ойлар басына келіп, рухани дағдарысқа ұшырайды. Бұл ән – серінің жан ашуының туындысы. Ақанның ызалы үні баршаға ортақ сезіліп онымен бірге күйінеді, жетелейді. "Құлагер" – ат қайғысын ғана жырлаған өлең емес, озбыр зұлымдықты әшкерелеген туынды. Талай жарыста ел намысын, ел абыройын асырған Құлагердің мерт болуын Ақан Атығай, Қарауыл елдерінің қайғысындай қабылдайды.

Ақанның есімі халық арасына өзінің әсем әндерімен тарады. Ол үлкен лирик ақын болды. Жасынан сұлулықты сезініп, әсемдікті ардақтаған жан махаббат бостандығын аңсаған сазды да сырлы өлеңдер жазды, өмірінің соңғы кезінде өзін ұқпаған ортадан алшақтап, жалғыздықпен мұңдасты. Өз заманының қатыгездігіне мойынсынбай, ерлік, тапқырлық танытты. Ақан сері туралы кезінде С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, І.Жансүгіровтер зерттеп, әдебиеттен өз орнын ашып берді.

http://kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/231-kazak-adebieti/2572-akan-koramsayli-.html

Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)

Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі тұлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жаңғасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата қонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Аңшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқүл, Қожағүл, Қожағүлдан Түрлыбай, Нұралы, Ералы туады. Біржан Тұрлыбайдың баласы Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді.

Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағүлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Әншілігінің, ақындығының арңасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салт дәстүрі сал дәстүрін шыңға шығарған жанға айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ әдебиетінің биік түлғасына айналады. Жаяу Мүса, Үкілі Ыбырай, балуан Шолақ секілді әнші-ақындар Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады. Мәжіліс құрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.

Баласы Қожағүлдың Біржан салмын

Адамға зияны жоқ жүрген жанмын.

Қасыңа мені сендер неге алмайсың,

Өзім сұңқар, өзім сал, кімге зармын.

Жасым бар жиырмада жасырмаймын

Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын.

Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе,

Сен түгіл, патшаға да бас ұрмаймын, - деп ақындық қуатынық зорлығын, шалқар талантының бар екенін ескертіп, биік пафоспен жоғары әуенменен айтады.

Осыданақ Біржанның ақындық қуатын танимыз. Ақын сөзін әдемі өрнектеп, соған сай қуатты әнменен қосады. Яғни, ол қазақ даласындағы біріккен, тоғыспалы, синкретті өнер түрін сазгерлік, ақындық, әншілік сипатта үш тоғыстың басын қосқан айрықша талант.

Біржан ең бастысы ақын екендігі мәлім.

Созады Біржан даусын қоңыр қаздай

Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай, секілді сөздері Біржанның ақындық күшін көрсетеді.

Аты жоқ құс болады көкек деген,

Алдында терезенің секектеген.

Ойымда үш үйықтасам бар ма менің,

Айырылып сені сәулем кетет деген.

Кім сүймес шешек атқан көкек айын

Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.

Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,

Әй, көкек, үшып барып білші жайын.

Шекеңе селдіретіп айдар тағып

Көкектеп бос жүргенше секең қағып,

Қосайын өле-өлгенше мен әніме,

Қалқадан хабар әкел ұшып барып.

Бұл жырында ақын сағынған сүлуын көкекке барып білші деп соншалық нәзіктікпен үшқан құсқа мұңын шағып айтады.

Біржанның сезімді әндерді ақындық қуаты мол. Біржан Қожағүлдың бауырында, соның қарауында өседі. Ұсынсам қолым жетпес туған айға,

Айтсам да арыз жетпес бір қүдайға.

Жылына бес жүз теңге тапсам-дағы,

Жақпадым өзім әкем Түрлыбайға, - деп өзінің бір өлеңінде айткандай атасы Қожагұл киелі болғандығын байқаймыз. Біржан жас кезінен ақ әнші әнге құмар, жырға құмар, әр кезде де соны аңсайтын жүрекпен, музыканы, әнді, домбыраны ұнатқан жүрекпен ер жетеді.

Егер ауылға келген әлдебір әнші, я болмаса күйші болатын болса соның жанынан шықпай, мүмкіндігінше барын тыңдауға, түгел тауысып үғынуға тырысады. Ал егер көрші маңайындағы бір ауылда ән мен жырдың думаны болып жатса сол маңға тартып кеткенді жақсы көреді. Ол тек қана әнге емес, сал серілікті де үнатады. Сүлу киім, жүйрік ат, алғыр тазы, ңиырдағыны шалар ңыран ңүс осының бәрі Біржанның бала шақтагы ұнатқаны болады.

Жас кезінде «әнші бала» атанып жүрген Біржан «әнші жігіт» дейтін дәрежеге де жетеді. Ол ел аралап жүріп, жүрт аралап жүріп ңазақтың осы бір ешкімге үқсамайтын өнерінен өзегі қанып ішеді. Әдемі ер-тоқым, әдемі киім, Сарыарңаны тербеткен ғажап дауыс, сүлу бейне, көркем келбет осының бәрі қай жерде жүрсе де Біржанның бойын өзгеден биік көрсетіп, ңандай жағдайда кім болмасын басын бүрып қарайтындай, мынау Біржанау дейтіндей дәрежеге өкеледі. Аздаған уақыттың ішінде Біржан жүртқа танылып, яғни Біржан әнші, Біржан сазгер, Біржан өнерпаз, Біржан сал атымен біліне бастайды.

Біржан сал Қожағұлүлының алғашқы мектебі қазақ елі, Сарыарқада сайрандап күн кеш-кен, аққуға үн ңосқан сол кездегі Алаштың басындағы бір тәтті кездер, Біржанның өнінен естіледі. Соның ішіндегі «Аққуым» деп аталатын ән: Қызы едің Ақтентектің Ажар атың, Ешкімнен кейін емес салтанатың. Кез келіп ұшырастық сәті түсіл, Аман бола, жолықңанша перизатым, - деп жай басталып келіп, ойнақшып келіп одан әрі қарай дауысын жоғары көтеріп әкететін әдемі ән Біржанның алғашқы туьшдыларының бірі деуге болады.

Біржанды тек қана елжұрты емес, сол кездегі ңазаңтың аса ірі азаматтары да қадірлеп, сыйлайды. Соның бірі - Абай. Өзімізге белгілі «Абай жолында» айтылғанындай, расында да, Біржан Абай ауылына барып қайтады. Абай әндері Біржанга ұқсай бермесе де, Абай әуені Біржаннан басқаша болса да, Абай әуені Біржан-мен қабыса бермесе де Абай Біржанды соншалық ыстық, құрметпенен, жақыншылықпенен қарсы алады. Оны хан көтеріп күтеді. Өйткені бұл - екі ұлының, бірі әнші, бірі ақынның үндестігі. Бірі әнге, өлеңге қуат берген дарын, талант болса, бірі қазақ философиясына, қазак ойына, қазақтың асыл танымына жолығуы еді.

http://kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/231-kazak-adebieti/4235--1834-1897.html

Үкілі Ыбырай Сандыбайүлы (шын аты — Ыбырай) (1860, Көкшетау облысы, Володарский ауданы — 1930) — қазақтың халық сазгері, белгілі әнші (тенор) әрі ақын-импровизатор, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі.

Кедей шаруа отбасында туған. Үкілі Ыбырай бала кезінде молдадан оқып, арабша сауатты болған. Жасынан әнге, өлеңге құмар Үкілі Ыбырай қазақтың атақты әнші-ақындарынан (Орынбай, Арыстанбай Тобылбайұлы, Шөже, Біржан сал, Ақан, Балуан Шолақ, Тезекбай) үлгі-өнеге алып, олардың шығармашылық дәстүрін бойына сіңірді. Өз заманында әнші-сазгерлігімен аты шыққан Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасында 40-қа жуық әндер бар.[2]

Шығармалары

Ел арасына кеңінен тараған "Гәкку" әні Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылады. Ыбырайдың әндері жастық шақтың жалын атқан нәзік, таза махаббат сезіміне, оптимистік әуенге, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Е.Г.Брусиловский "Гәкку" әнін "Қыз Жібек" операсында (Жібектің негізгі ариясы). "Арарай" әнін "Ер Тарғын" операсында (Ақжүністің ариясы) пайдаланды.

Ыбырай әндерін алғаш нотаға түсірген А.В.Затаевич пен И.В. Коцык. Ыбырай ақындық өнерімен де әйгілі болды. Ыбырайдың өлеңдерін "Бостандық туы" газетіне жариялап, ақынның творчествосы туралы келелі пікір айтқан жазушы С.Мүқанов, сондай-ақ әдеби мұрасын байсалды зерттеген әдебиет сыншысы Е.Ысмайылов болды. Драматург Ш.Хұсайынов Ыбырай туралы "Қайран Гәкку" пьесасын жазды. Ыбырай поэзиясы тақырыбы жағынан алуан түрлі. Оның бір саласы жастық шақтың қызығын жырлауға арналған. "Қарақат көз", "Тойда бір нүрың балқиды", "Қаралдым" т. б. өлеңдері жастықтың нәзік сезімін шертеді. "Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа" өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді. Революцияга дейінгі өмірді көзімен көрген ақын советтік жаңа заманды, теңдік алган кедейлердің қуанышын ("Октябрьдің жеңісі", "Отарба") паш етті. Импровизатор Ыбырайдың тыңнан суырып салып айтқан өлеңдері де (Доскей, Есімбет, Қожақмет ақындармен айтыстары) көп.[3]

Шығармалары

"Гәкку" (4 түрі),

"Қарақат көз",

"Арарай",

"Кідік-ай",

"Бір қызық ит жүгіріп аң ауласа",

"Дүние",

"Шалқыма",

"Көкше",

"Сүйгенім кете барды қасыма еріп",

"Қалқа бел",

"Қалдырған",

"Желдірме" т. б.

Сегіз сері (1818-1854) - шын аты — Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов.

Өмірбаяны

Арғы атасы Қожаберген — әрі ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. "Ақтабан шұбырынды" заманының ұлы ескерткіші — "Елім-ай" дастаны мен әннің иесі. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған. Баласын жастайынан мұсылманша өзі оқытып, мылтық атуға, садақтартуға, найза шаншуға, қылыш шабуға, ат өнеріне, балуандықтың айла-тәсілдеріне баулыған. Кейін талапты жігіт қамшы өруден бастап, киіз үйдің шаңырақ, керегесін, аттың ер-тұрманын, өмілдірік-тартпасын, жүгеніне дейін өзі жасайтын шеберге айналған. "Сегіз" деп ат қойған — жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңға барып жүргенде сегіз жастағы Мұхамедқанапия оқтап берген мылтықпен қашқан киікті атып түсіріпті. Он үш жасынан домбыра тартып ән айтатыны, есейе келе бүркіт, қаршыға баптап, жүйрік ат ұстайтыны байқалған соң "сері" деген ат қосылған. Сегіз он жеті жасында қазіргі Қостанай облысының "Құсмұрын" деген жерін қоныс етіп отырған аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың ауылына қыдырып келеді. Серінің жан-жақты өнерін тамашалаған Шыңғыс дүниеге жаңа келген сәбиіне соған ұқсап өсер ме екен деген тілеумен Мүхамедқанапия деп азан шақыртып ат қояды. Шоқанның шілдехана тойын арнайы шақырылған Сегіз сері бастады деген дерек бар. Омбыдағы орыс әкімдері оны қазақтың ру басыларымен, беделді билерімен келісім сөз жүргізу саясатына пайдаланғысы келген.

Түпкі мақсаттары — халықтың ең шұрайлы жерлерін тартып алу екеніне ерте көзі жеткен Сегіз әуелі ауызекі наразылық білдіреді, қисыны келмеген соң атқа қонады.

Соғыс кездері

Айналасына жігіт жинап, отаршылардың мекен-жайына ойран салады, соғыс өнерін жетік білетін ол мұздай қаруланған әскерден де қорықпай жол торып, аңдып жүріп соғысады, талай рет жеңіске жетеді. Бірақ екі жақтың күші тең емес еді. Патша әкімдері оны ұстап қамауға, алыс Сібірге айдауға, қарсыласса атып тастауға жарлық береді. Сегіз Нияз сері деген сенімді жолдасымен бірге Сырдария жаққа қоныс аударуға мәжбүр болады. Той-думаны көп Сыр бойында жас жігіттің асыл қасиеттері жарқырап ашылған. Көпшілік жиналган жердің көркіне айналып, жақсы көрген қыздарға арнап, талай тамаша әндер шығарған. Ерлігімен көзге түсіп, Бұхара, Хиуа жақтан қарумен келіп, бейбіт елдің мал-жанын тонайтын қарақшыларға қарсы жасақ ұйымдастырады, басқыншылардың талай рет бетін қайтарып, кек алған.

Алайда бұл жақта да көп тұрақтау қиын-тұғын, артында қуғын бар. Өзіне ерген жігіттерді бастап, ол Батыс Қазақстан жаққа жол тартады. Жайық өзені мен Нарын құмында бұл кезде патша, хан саясатының озбырлығына қарсы наразылық оты лаулап келе жатқан. Бүл ел Сегіздің нағашы жұрты болғандықтан ішке оңай сіңеді. Исатай, Махамбет бастаған көтерілісшілерге әскери кеңес береді.

Бұл жақта да тұрақтай алмай, Кавказдағы елдерге өтеді, атақты Шәміл бастаған мұсылмандар көтерілісіне катысады. Соңынан Иран, Ауғанстан жаққа кетеді. Ақырында төрт жылдан кейін Сыр бойына қайтып оралады.

Мұз жастанып, қар төсеніп, жорықта жүрген жылдарында өкпесіне суық тигізіп, Сегіз 36 жасында (1818 жылы туған) ауырып қайтыс болады. Нияз сері, Біржан сал, Жаяу Муса, Нүржан т. б. шәкірттері ол туралы арнау өлең шығарып, жоқтау жазған. Оның қайғылы махаббаты жайында шөкірттері "Мақпал-Сегіз" деген бірнеше дастанды жарыса жазып, елге таратқан.

Сегіз серіні бүгінгі ұрпақтары әлі күнге дейін жөнді тани алмай келеді. Шындыққа жүгінсек, ол — қазақ сал-серілерінің атасы!

Шығармашылық өмірі

Соғыс өмірі "Қашқын келбеті" деген дастанында өлеңмен баяндалған. Ақмешітке келген соң Арқадан Сыр бойына қатынап жүрген адамдар арқылы елдегі атақты болыс-билерге сөз салады. Омбы генерал-губернаторына беделі өтетін ага сұлтан, билердің көмегімен кешірім алып, Солтүстік Қазақстандагы қазіргі Жамбыл ауданынақарайтын Гүлтөбе — Маманай деген жердегі ата қонысына келеді. Көп ұзамай өзі қалаган Ырысбике деген қызға үйленіп, балалы-шағалы болған.

Серілік, салдық туын тігетіні де осы кез. Бозбала шағында Біржан сал, Жаяу Муса, Үкілі Ыбырай, Нүржан Наушабаев, Ыбырай Алтынсарин тағы басқалар Сегіз серіден әр түрлі өнер үйреніп, бата алған. Оның әндерін жалпақ елге жаюшылар да — солар. Көп шәкіртінің бірі Жаманқүл Дәндібайүлы; "'Елу бес өнін Сегіздің өзім елге тараттым", "Қырық бес күйін Сегіздің тартып бердім әр жерде", "Тарап кетті халыққа жүзден астам..." — деп жырлаған. Соған Караганда Сегіздің біз білмейтін әндері көп, талайы бүрынғыша "халық әні" делініп немесе басқа сал-серілердің қанжығасында кеткен тәрізді. Ал күйлерін зерттеген ешкім жоқ. Оның "Ер Исатай", "Жорық", "Қашқын келбеті", "Өкініш", "Ақылсыз шаһзада", "Ақбүлақ" атты жыр-толгаулары, дастандары Ғылым академиясының қолжазба қорында жатыр. "Ер Тарғын", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан", "Қозы-Көрпеш — Баян сүлу", "Қамбар батыр" сияқты жыр-дастандардың Сегіз жырлаған нүсқаларын Жүсіпбек Шайхысламүлы Арқа жақты аралап жүріп, хатқа түсірген де, Қазанда өз атынан бастырған.

Шығармашылығы

  • "Қашқын келбеті",
  • "Ер Исатай",
  • "Жорық",
  • "Қашқын келбеті",
  • "Өкініш",
  • "Ақылсыз шаһзада",
  • "Ақбүлақ",
  • "Ер Тарғын",
  • "Қыз Жібек",
  • "Айман-Шолпан",
  • "Қозы-Көрпеш — Баян сұлу",
  • "Қамбар батыр"

Шәкірттері

  • Нияз сері,
  • Біржан сал,
  • Жаяу Муса,
  • Нұржан

Композиторлардың портреттері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу