Күй атасы Құрманғазы. Музыка, 3 сынып, презентация. 3 – сабақ.
Күй атасы -
Құрманғазы
Қаракерей Қабанбай
Қанжығалы Бөгенбай
Шапырашты Наурызбай
Бүгінгі сабақта
батырлық музыканы тыңдаймыз;
Құрманғазының шығармашылығымен және күйлерімен танысамыз.
Адай – батыс өңірдегі кіші жүздің руы. Адай руы Махамбет пен Исатайдың көтерілісінде ерлік пен батылдықпен есте қалды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған
Махамбет пен Исатайдың көтерілісінде ерлік пен батылдықпен есте қалды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған
Исатай Тайманұлы
Махамбет Өтемісұлы
Құрманғазы Сағырбайұлы туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Құрманғазының алғашқы шығармаларының бірі – “Кішкентай”. Бұл күй көтеріліс басшысы Исатайға арналған. Оның шығарған “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Адай” деген күйлерінде нұрлы болашақ, халық үміті, үстем тапқа деген ыза-кек шебер суреттеледі. Күйші “Сарыарқа” күйі арқылы туған жерді, кең байтақ даланы көз алдына келтіреді. Құрманғазы күйлері тыңдаушысын бай сазымен, кербез нақышымен, жігерлі қуатымен борандатып, ұшқыр екпінімен баурап əкетеді.
Күйлер өзінің дәстүрлік орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты орындалу мәнеріне, құрылыс тәсілдеріне, қағыс түріне, саз әуені мен екпін ырғағына қарай негізінен екі үлкен мектепке жатады. Олар төкпе күйлер, шертпе күйлер деп аталады. Оның біріншісі төкпе күйлерге музыкалық образы жағынан симфониялық сипатты бейнелейтін, көбіне тез қарқында орындалатын Қазақстанның Батыс өңіріндегі күйлер жатады.
Импровизация және бағалау
1 топ «Адай»,
2 топ «Балбырауын»,
3 топ «Аман бол, шешем, аман бол»
Күйге ырғақтық сүйемелдеу жаса
Шулы және ұрмалы аспаптарды қолдан
2. Өз импровизацияңызды күйдің екпіні мен динамикасын сақтай отырып орындаңыздар.
3. Өз және өзгенің жұмысын бағалаңыздар.
- Бүгін біз қандай композитор туралы айттық?
- Оның күйлері қандай болған?- Қандай батырлық музыканы тыңдадық?Құрманғазының шығармашылығы туралы не білдіңдер?«Көңіл күй баспалдағы»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру