Күй атасы Құрманғазы. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 3 – сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Атақты тұлғалар Сабақ: 3 | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сыныбы: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы: | Күй атасы Құрманғазы | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру 3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату 3.3.1.1 - өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай білу | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||
Бағалау критерийлері | Білім алушылар:
| ||||||||
Тілдік мақсаттар:
| Оқушылар: атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жөнінде шығармашылық жұмысқа идеялар ұсынады; өз шығармашылық жұмыстарын көрсетеді, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі. Пәнге тән лексика мен терминология: Адай күйі
Талқылауға арналған сұрақтар:
| ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ұлттық мәдениет пен шығармашылыққа, Құрманғазы күйлеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Топтық жұмыс барысында ұжымдық ынтымақтастық сезімдерін дамыту. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі - мұғалім күй атасы – Құрмангазы сөзінің мағынасын айтады. Дүниетану, тарих oқушыларға Қазақстан картасын көрсету арқылы үш жүздің орналасуы мен Адай руының мекендеген жерлері көрсетіледі. | ||||||||
АКТ дағдылары | Презентация Power Point | ||||||||
Бастапқы білім | Алдыңғы сабақта оқушылар Ақан серінің шығармашылығымен, лирика, аранжировка терминдерімен танысты. Балқадиша әнін импровизация жасай отырып орындады. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен музыкалық сәлемдесу 1. сыныппен талқылау
Қазақ батырларының суреттеріне қарап, аттарын айтыңыздар.
Күтілетін нәтиже: оқушылармен бірге сабақ тақырыбын ашу. Бүгінгі сабақта
2. Музыка тыңдау және талдау Құрмангазының «Адай» күйін тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
«Адай» күйі туралы бейнематериал қараңыздар.
Адай – батыс өңірдегі кіші жүздің руы. Адай руы Махамбет пен Исатайдың көтерілісінде ерлік пен батылдықпен есте қалды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған Оқушыларға Қазақстан картасын көрсету арқылы үш жүздің орналасуы мен Адай руының мекендеген жерлері көрсетіледі. 3. Ақпарат іздеу. Құрманғазының өмірі және шығармашылығымен танысыңыз. Оқушыларды төкпе күй стилімен таныстыру. Күйлер өзінің дәстүрлік орындаушылық ерекшеліктеріне байланысты орындалу мәнеріне, құрылыс тәсілдеріне, қағыс түріне, саз әуені мен екпін ырғағына қарай негізінен екі үлкен мектепке жатады. Олар төкпе күйлер, шертпе күйлер деп аталады. Оның біріншісі төкпе күйлерге музыкалық образы жағынан симфониялық сипатты бейнелейтін, көбіне тез қарқында орындалатын Қазақстанның Батыс өңіріндегі күйлер жатады. Құрманғазының қандай күйлерін білесіңдер? | https://www.youtube.com/watch?v=UCOJhjB7jBM Құрманғазы мен «Адай» күйі туралы
https://e-history.kz/kz/contents/view/280 Махамбет Өтемісұлының портреті Қазақстан картасы http://asyl-bilim.kz/load/p_nder/n_k_j_muzyka/k_jshilik_d_st_r_t_kpe_k_j_tabi_aty_ony_tara_an_ajma_y_men_stildik_k_rkemdik_erekshelikteri_shertpe_k_j_d_st_ri_ony_zhanrly_k_rkemdik_er/17-1-0-471 | |||||||
Сабақтың ортасы 30 минут
| Мұғалім оқушыларға прзентация арқылы Құрманғазының өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы ауызша айтып береді. 4. Импровизация және бағалау Оқушыларды үш топқа біріктіру. 1 топ «Адай», 2 топ «Балбырауын», 3 топ «Аман бол, шешем, аман бол» 1. Күйге ырғақтық сүйемелдеу жасаңыз Шулы және ұрмалы аспаптарды қолданыңыздар. 2. Өз импровизацияңызды күйдің екпіні мен динамикасын сақтай отырып орындаңыздар. 3. Өз және өзгенің жұмысын бағалаңыздар. | https://www.youtube.com/watch?v=3481bxpH6IQ&index=8&list=PLFlAIF1ffgOaERWCMyh_i4dNNJ7V4WsCb | |||||||
Сабақтың соңы 5мин | Сабақ қорытындысы: - Бүгін біз қандай композитор туралы айттық? - Оның күйлері қандай болған? «Көңіл күй баспалдағы» Көңіл күй баспалдақ түрінде бейнеленген Бірінші – көңіл күйім өте жаман. Екінші - нашар. Үшінші - жақсы. Төртінші – өз күшіме сенімдімін. Көңіл күйім – өте жақсы. Сабақ соңында оқушы баспалдақты белгілеу арқылы өзін бағалайды. | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Қабілеттері жоғары аспапты меңгерген оқушыларға өз ырғақтарын ойылап табу ұсынылады. | Сұрақтарды талқылау кезінде, күйді талдау кезінде ауызша бағалау Ырғақ орындау барысында критерий бойынша бағалау | Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру