Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл.»

Сабақтың мақсаты:

6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару.

6.5.2.6 шамалар арасындағы тәуелділіктер-дің берілу тәсілдерін білу.

6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу.

6.5.2.8 формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру.

6.5.2.9 формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • шамалардың арасындағы тәуелділіктерге мысалдар келтіре алады;
  • шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығаруды үйренді;
  • сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жаза алады;
  • формуламен және графикпен берілген тәуелділіктерге кесте құруды біледі;
  • формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін сала алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал тудыру.

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып.

Бүгінгі сабақ барысы,

Сәтті болсын бәріңе.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

«Ой-түрткі» - өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары.

С-1: Қандай шамалар арасындағы тәуелділікті білесіңдер?

С-2: Тәуелді айнымалы дегеніміз не?

С-3: Тәуелсіз айнымалы дегеніміз не?

С-4: Функция кестемен қалай беріледі?

С-5: Графиктік тәсіл қалай беріледі?

С-6: Аналитикалық тәсіл қалай беріледі?

С-7: Сөзбен сипаттау тәсілі қалай беріледі?

Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері.

Көбейту

Көбейткіш

Көбейткіш

Формула

Арақашықтық (S)

Жылдамдық ()

Уақыт (t)

Жұмыс (A)

Өнімділік ()

Уақыт (t)

Бағасы ©

Баға (a)

Тауар саны (n)

Көпбұрыш ауданы (S)

Ұзындығы (a)

Ені (b)

Заттың салмағы (m)

Тығыздығы ()

Көлемі (V)

Ерітіндегі заттың салмағы (m)

Шоғырлануы концентрация (p)

Ерітінді салмағы (M)

Оқушылармен оқу мақсатын меңгеру мақсатында жұптық жұмыстар жүргізу.

Жұптық жұмыс.

Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. Әрбір оқушыға келесі үлестірмелерді таратыңыз:

Сөзбен берілген сипаттама

Формула

№1. Тігін шеберханасында 200 м мата бар еді. Одан әрбір көйлекке 2,5 м-ден х көйлкке мата кесіліп алынғанда шеберханада у м мата қалды.

1)у = f(х) функциясын формуламен жазыңдар;

2) f(30); f(50) – дің мәнін табыңдар;

3) берілген функцияның анықталу аймағын сан аралығымен жазыңдар

1) у = 200 – 2,5х

2) f(30) = 125 м

f(50) = 75 м

№2. Компьютерде терілетін шығарма 88 бет. Принтер 1 минутта осы шығарманың 4 бетін шығарады. Принтер х мин жұмыс істеген соң шығарманың у беті принтерден шығарылмай қалды.

1)у = f(х) функциясын формуламен жазыңдар;

2) f(9); f(14) – тің мәнін табыңдар;

3) берілген функцияның анықталу аймағын табыңдар.

1) у =88 – 4х

2) f(9) = 52

f(14) = 32

3. Сөзбен тәуелділіктің сипаттамасын құрастырыңыз.

Әрбір оқушы берілген екі есепке тәуелділіктің формуласын жазады, содан кейін 3 - ші пунктегі өзі ойлап тапқан тәуелділікті сипаттайды.

Жұптар үлестірмелермен алмасады. Алғашқы екі есеп үлгі бойынша тексеріледі және 3-ші тапсырма орындалады.

Содан кейін жұптағы оқушылар тағы да үлестірмелермен алмасады және оқушы өзі құрастырған тапсырмаға сәйкес тәуелділіктің формуласын тексереді, өзінің жұбына кері байланыс береді.

Жұптық жұмысты болғаннан соң оқушылармен сергіту жұмыстары жүргізіледі.

Сергіту сәті:

“Алыптар мен ергежейлілер”әдісі

Мұғалім біресе қолдарын жоғары көтеріп, біресе төмен түсіріп, алыптар мен ергежейлілерді бейнелейді және «алып», «ергежейлі» деп айтып тұрады. Мұғалім кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше етіп, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

Сергіту сәтін болғаннан соң оқушыларға өз беттік жұмыс беріп, өз білімдерін шыңдайды. Оқушылар дайын жауаппен, жұпта қатар отырған оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Өз бетімен жұмыс.

Тапсырма 1. Кестеде өзеннің кейбір участкілердегі жылдамдығы мен олардың көлденен қима (Р, м2) ауданы арасындағы тәуелділігі көрсетілген. әуелді формуласын жазыңыз және график тұрғызыңыз.

Тапсырма 2. Тік бұрышты параллелепипед пішінді аквариумның табан ауданы 4,7 дм2, оның биіктігі 5 дм. Аквариумға құйылған су көлемнің (V л) ондағы су бағаны биіктігіне (h дм) тәуелділігі кестеде берілген.

Су бағаны биіктігі, (h дм)

0

1

2

3

4

5

Су көлемі, (V л)

0

4,2

8,4

12,6

16,8

21

1)Аквариумдағы су көлемінің ондағы су бағаны биіктігіне тәуелділігін формуламен жазыңдар. Ж: V =4,2h

2) Кестедегі бос орынды толтырыңдар.

Өз беттік жұмысты талқылап болғаннан соң, әр оқушы өз жұмыстары бойынша қорытынды жасайды. Бүгінгі сабақ бойынша түсінбеген сұрақтары болса сұрайды.

Үйге тапсырма беріліп, оның шығару жолдарына түсінік жұмыстары жүргізіледі.

Үйге тапсырма: №1303

Содан соң оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады, қорытындылайды.

Рефлексия: «МЕН ҮШІН БҮГІН САБАҚТА»

Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.

Сабақ

Мен сабақта

Қорытынды

1. қызық

1. жұмыс істедім

1. материалды түсіндім.

2. қызықсыз

2.демалдым

2. білетінімнен де көп білдім.

3.енжарлық басым

3.басқаларға көмектестім.

3.түсінбедім

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.

  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу