Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Шамалар арасындағы тәуелділіктерді берілу тәсілдері: аналитикалық (формула арқылы), кестелік, графиктік тәсіл.»

Сабақтың мақсаты:

6.5.2.5 шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығару.

6.5.2.6 шамалар арасындағы тәуелділіктер-дің берілу тәсілдерін білу.

6.5.2.7 сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жазу.

6.5.2.8 формуламен немесе графикпен берілген тәуелділіктердің кестесін құру.

6.5.2.9 формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін салу.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • шамалардың арасындағы тәуелділіктерге мысалдар келтіре алады;
  • шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығаруды үйренді;
  • сипаттамасы бойынша тәуелділіктің формуласын жаза алады;
  • формуламен және графикпен берілген тәуелділіктерге кесте құруды біледі;
  • формуламен және кестемен берілген тәуелділіктердің графиктерін сала алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру.

Психологиялық ахуал тудыру.

Біздің күлкіміз көңілді,

Жеткізсін жылу мен шаттықты.

Бөліскен жақсы ғой өмірде,

Қуаныш мейірім бақытты.

Шеңбер құрғызып: Бүгінгі күнге сәттілік тілеп, бір-бірімен тос қағыстырып амандастырамын. Бүгінгі сабағымды сондай жылылықпен бастаймыз.

Үй тапсырмасын жұпта қатар отырған оқушылар бір-бірінің дәптерлерінен тексеріп, бағалайды.

 «Өрмекші торы» әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды, жауап береді.

“ Өрмекші торы” ойын-әдісі - оқушылардың білімін бақылауға және бағалауға арналған әдістердің бірі.

Мұнда оқушы әрбір айтқан жауабы үшін жіптің бір ұшын қолына орауы тиіс. Соңынан әр оқушының қолына жинап ораған жіптің санын анықтау арқылы оқушының қай деңгейде жауап бергенін де білуге болады. Сонымен бірге бұл әдіс оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

«Кім жылдам?» - оқушылардың есеп шығару қабілеттерін байқау.

Тапсырма 1. Тік төртбұрыштың ауданы мен қабырғасының ұзындығы арасындағы байланысты анықтаңыз. Ж: S = ab.

Тапсырма 2. Формуланы толықтырыңыз:

S=?·tкездесу Ж: S= v·tкездесу

V=a·b·? Ж: V=a·b·c.

Тапсырма 3. Келесі тәуелділікті сипаттайтын формуланы құрастырыңыз:

1) текшенің көлемі V мен қабырға ұзындығы a. Ж: V = a3.

2) тікбұрышты үшбұрыштың ауданы S мен катеттер a және b. Ж: S = ab.

3) шеңбердің диаметрі D мен радиусы R. Ж: D = 2R.

4) тік төртбұрыштың ұзындығы a мен оның периметрі P және ауданы S. Ж: P = 2(a + b), S = ab.

5) текшенің толық ауданы S мен қабырға ұзындығы a. Ж: S = a2.

6) тік төртбұрышты параллелепипедтің толық ауданыS мен үш өлшемдер a, b және c. Ж: V = abc.

Жұптық жұмыс.

А деңгейі

№1. y=5x-4 формуласымен берілген тәуелді айнымалының мәні 5,5-ке тең. Тәуелсіз айнымалының мәнін табыңыз. Ж: 1,9.

№2. Функция y=3x + 1 формуласымен берілген. Кестені толтырыңдар:

х

-2

-1

0

1

2

3

4

у

-5

-2

1

4

7

10

13

х – тің қандай мәнінде у 1-ге; -5-ке және 13-ке тең?

Ж: y = 1; х = 0.

y = -5; х = -2.

y = 13; х = 4.

В деңгейі

№1. Ауданы S см2 тік төртбұрыштың ені 5см тең, ұзындығы одан x см-ге артық. S(2) мәнін табыңыз. Ж: 35.

№2. Функция y=2(x + 1) формуласымен берілген. Аргументтің

-3 мәндерінде қадамы 1-ге тең кестесін құрыңдар.

Кесте бойынша:

1)аргументтің -2; 2-ге және 0-ге тең мәндеріндегі функцияның мәндерін табыңдар;

2) функцияның 4-ке; 8-ге; 6-ға тең мәндеріне сәйкес аргумент х-тің мәндерін табыңдар.

Жауабы:

х

-3

-2

-1

0

1

2

3

у

-4

-2

0

2

4

6

8

1)

х

-2

0

2

у

-2

2

6

2)

х

1

3

2

у

4

8

6

С деңгейі

№1. y=2x+5 формуласымен берілген тәуелділіктің аралығындағы тәуелді айнымалының мәндер жиынын табыңыз. Ж: .

№2. y = f(x) функциясы кестемен берілген. х пен у тура пропорционал шамалар:

х

-3

-2

-1

0

1

2

3

у

3

0

-1,5

Функцияны формуламен жазыңдар. Ж: y = -1,5х.

Жұптық жұмысты болғаннан соң оқушылармен сергіту жұмыстары жүргізіледі.

Сергіту сәті:

Жаза, жаза қолымыз,Талып кетті көзіміз.1, 2, 3Бойға жинап күш,Жалқаулықты тастаймыз,Сабақты ұғып аламыз.

Сергіту сәтін болғаннан соң оқушыларға өз беттік жұмыс беріп, өз білімдерін шыңдайды. Оқушылар дайын жауаппен, жұпта қатар отырған оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Өз бетімен жұмыс.

№1. y=3x+5 формуласымен берілген тәуелділіктің y(-4) мәнін табыңыз. Ж: -7.

№2. y=49-x формуласымен тәуелділік берілген. y=-4 болса, онда x-ті табыңыз. Ж: 53.

№3. y=3x-1 формуласымен берілген функцияның графигін сызыңдар, мұндағы -3. Графиктен мыналарды анықтаңдар:

  • Функцияның 8-ге тең мәніне сәйкес аргументтің мәнін табыңдар; Ж: х = 3.
  • А(2;5); В(1;6); С(-1;4) нүктелерінің қайсысы берілген функцияның графигіне жатады?

Жауабы: А(2;5) – жатады.

Өз беттік жұмысты талқылап болғаннан соң, әр оқушы өз жұмыстары бойынша қорытынды жасайды. Бүгінгі сабақ бойынша түсінбеген сұрақтары болса сұрайды.

Үйге тапсырма беріліп, оның шығару жолдарына түсінік жұмыстары жүргізіледі.

Үйге тапсырма: №1322.

Содан соң оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады, қорытындылайды.

Рефлексия:

«Бағдаршам» әдісі

Бағдаршам – оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тəсілі. Оқушыларға қызыл, сары жəне жасыл түсті карточкалар беріледі. Сары, қызыл түсті көтерген оқушыларға түсіндіріп,талдауға белсенді оқушылардың көмегіне сүйенемін.

Оқушылар:

ЖАСЫЛ ТҮСТІ көтерсе, толық шығардым.

САРЫ ТҮСТІ көтерсе, жартылай шығарды.

ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ көтерсе, шығара алмадым.

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.

  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть 2.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу