Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу. Математика, 6 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу

Оқу мақсаттары:

6.2.2.14

бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамасын біледі;

Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешудің алгоритмін біледі;

Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін таба алады;

Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндей біледі;

Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін таба алады.

Психологиялық ахуал

Өмірде ойлап тұрсаң, бәріде есеп,

Ауырсаң іше-тұғын дәріде есеп.

Есепсіз өмір деген мазмұнсыз - ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Сыныпты топтарға бөлу.

Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді

Топқа арналған ереже:

белсенді болу;

шыдамдылық таныту;

достық қарым-қатынаста болу;

бір-бірінің ойын сыйлау;

басқа адамды тыңдай білу;

барлығын бірге жасау;

ынтымақтастықта жұмыс жасау.

«Ой шақыру»

«Қай топ тез»

Жаңа сабақ

Бірайнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу

Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз – жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысын тура теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндері.

Жүйедегі теңсіздіктердің барлығына ортақ шешімдер жиыны жүйенің шешімдері болады.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктердің шешімдерін табу үшін:

жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табу керек;

табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндеу керек;

координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табу керек немесе бірде бір шешімі болмайтынын дәлелдеу керек.

Жүйедегі теңсіздіктердің шешімдері жиындарының қиылысуы жүйенің шешімдері болады.

Топтық жұмыс

Дескриптор:

Қос теңсіздікті теңсіздіктер жүйесінде жазады;

жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табады;

табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндейді;

координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табады.

Сергіту сәті:

«Сәлемдесу» ойыны:

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Өз беттік жұмыс

№1062. Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:

Үйге тапсырма: 1054 есеп

Рефлексия:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу