Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бекітемін:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу

Бөлім:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Педагогтің Жанибек Ж

Күні:

Пән/Сынып:

Математика, 6 А сынып.

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.2.2.14 бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;

Сабақтың мақсаты:

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамасын біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешудің алгоритмін біледі;
  • Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін таба алады;
  • Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндей біледі;
  • Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін таба алады.

Сабақтың барысы

Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут

Ұйым

дастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгін, Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу тақырыбын қарастырамыз

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

  • -бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімі.
  • -бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесіне арналған есептерді шешу.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақты бекіту сұрақтары.

1.Санды теңсіздік дегеніміз не?

  • 2. Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді?
  • 3. Санды теңсіздіктің бір жақ бөлігін оның екінші жақ бөлігіне орын ауыстырғанда теңсіздік белгісі қалай өзгереді?
  • 4. Қандай теңсіздіктерді мүшелеп қосуға болады?
  • 5. Қандай теңсіздіктерді мүшелеп алуға болады?

Амандасады, үй тапсырмасына жауап береді.

Сұрақтарға жауап береді

Оқулық

10 мин

Жаңа сабақты бекіту.

Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз – жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысын тура теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндері.

Жүйедегі теңсіздіктердің барлығына ортақ шешімдер жиыны жүйенің шешімдері болады.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктердің шешімдерін табу үшін:

  • жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табу керек;
  • табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндеу керек;
  • координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табу керек немесе бірде бір шешімі болмайтынын дәлелдеу керек.

Жүйедегі теңсіздіктердің шешімдері жиындарының қиылысуы жүйенің шешімдері болады.

5x – 15 > 2x – 3

Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады

Оқулық

25

минут

Бекіту тапсыр

масалы

Тапсырмалар. Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер: әр оқушы деңгейлері бойнша таңдап есепті шешеді.

А деңгейі

В деңгейі

С деңгейі

2. Қатесін тауып, шешіңдер:

Оқулықтан №969 /1,3,5/

Жауаптары:

1 нұсқа: 1) ( 11; +∞)

2) [-2;2) 3) [-4; 6]

2 нұсқа: 1) (-3;7]

2) ( -2; 7] 3) (-4;3]

Өз бетімен жұмыс.

а)

Ж: [-2;3].

б)

Ж: [-4;3].

Жауабы: (-8;-2,25)

Оқулықтан тақырыпқа қатысты есептерді шығарады.

Дескриптор:

- берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шеше алады.

«Басбармақ» әдісімен бағалау алады

жүргізіледі

Интернет ресурстары

Жалпы білім беретін мектептің 6–сыныбына арналған оқулық.

Оқулық авторлары: Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов Алматы «Атамұра» баспасы 2018 жыл

Жеке жұмыс

Әр оқушы жеке орындайды (тапсырмасы мұғалім өзі ішінара тексереді немесе көрші оқушылар дәптерін алмастыру арқылы тексереді)

№1. Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер және шешімін координат түзуіне салып, жауабын аралық түрінде беріңдер:

1)

2)

3)

№2. Теңсіздіктер жүйесін шешіп, жауабын сәйкестендіріңдер:

 1) ;

 2) ;

1) (-2;3)

2) [5; +∞)

3) (-12; 5)

4) (-1;4)

5) [ -3;4)

 3) .

Тапсырманы орындайды

Мониторинг

5 минут

Бүгінгі сабақта:

  • -бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімі.
  • -бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесіне арналған есептерді шешу.

Кері байланыс

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Үйге тапсырма. №969 /2,4,6/.

Кері байланыс

Презентация

Оқулық



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу