Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
Оқу мақсаттары:
6.2.2.14
бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамасын біледі;
Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешудің алгоритмін біледі;
Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін таба алады;
Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндей біледі;
Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін таба алады.
Психологиялық ахуал
«Мен елімді сүйемін»
1. Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
2. Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
3.Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;
4.Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
5.Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
6.Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!
«Кім көп біледі»
С-1: Қандай сан аралығын білесіңдер?
С-2: Қандай сан аралығы интервал деп аталады? Мысал келтір.
С-3: Қандай сан аралығы кесінді деп аталады? Мысал келтір.
С-4: Қандай сан аралығын А және В аралықтарының қиылысуы деп атайды? Мысал келтір.
С-5: Қандай сан аралығын А және В аралықтарының бірігуі деп атайды? Мысал келтір.
С-6: Қандай жағдайда сан аралықтарының қиылысуы бос жиын болады? Мысал келтір.
С-7: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтамыз? Мысал келтір.
С-8: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі деп нені айтамыз?
С-9: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу алгоритмі қалай ?
С-10: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз не?
С-11: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімдерін қалай табуға болады?
Жұптық жұмыс
І жұп
№1. Теңсіздікті шешіңдер:
№2. Теңсіздіктерді шешіп, дұрыс жауабын табыңыздар:
Жұптық жұмыс
ІІ жұп
№1. Теңсіздікті шешіңдер:
№2. Теңсіздіктерді шешіп, дұрыс жауабын табыңыздар:
Сергіту сәті:
«Көңіл-күйімізді жаттықтыру»
Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпі;
Қасқырдан қорыққан қоянның;
Ұядан түсіп қалған балапанының;
Мысықтың қорыққан тышқанның;
Иттен қорыққан баланың бет-әлпеті;
Жылап тұрған адамды көрсету;
Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету;
8. Өлең айтып тұрған адамнын сезімін көрсете білу.
Жеке жұмыс
Үйге тапсырма: №1058 есеп
Рефлесия:
«Білім қоржыны»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру