Мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

 Мәтінді есептерді шығару

 Оқу мақсаттары: 6.5.2.4 мәтінді есептер шығаруда айнымалысы бар өрнектер мен формулалар құрастыру.

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

  •  мәтінді есептің шартына сәйкес өрнек құрады;
  •  мәтінді есептерді шығарады.

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

Мәтінді есептерді шығарғанда былай істейді:

  • қандай да бір белгісізді әріппен белгілейді;
  • есептің шартын пайдаланып, өрнек немесе теңдеу құрады;
  • ол теңдеуді шешеді;
  • шыққан нәтижені есептің шартына сәйкес талқылап түсіндіреді.

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 Жұпқа бөлу үшін «Жұбыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады.

Оқушыларға алгебралық өрнектер таратылады. Оқушылар өзіндегі алгебралық өрнектің жауабы бар оқушымен жұптасады. Мысалы:

22+4 сәйкес 134; 27+14 сәйкес 5+26;

-(7+3) сәйкес –13+ 3; 5+(5-10) сәйкес 70 т.б.

 Мұғалім жұптық жұмыс пен әр оқушының жұпта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады.

 «Жақын арада даму аймағын» анықтау үшін, «Адамды табыңыз...» ойыны ұйымдастырылады.

Тепе-тең өрнектерді білетін....

Тепе-теңдікті дәлелдеу дегенімізді білетін...

Ұқсас қосылғыштарды біріктіруді білетін...

Жақша алдында «+» таңбасы тұрса, жақшаны ашуды білетін...

Жақша алдында «-» таңбасы тұрса, жақшаны ашуды білетін...

Өрнектің мүмкін мәндер жиыны дегенді білетін...

 Сынып оқушыларын алдыға шығып «Адамды табыңыз» деген тапсырманы үлестіріп, сол бойынша жұмыс жасау шарты түсіндіріледі. Оқушылар осы тапсырма бойынша диалог жүргізеді. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап бере алды ма, соны тапсырманың шартын интерактивті тақтаға шығара отырып таяқшалар көмегімен сұраққа жауап беретін оқушы таңдалып алынады. Келесі сұраққа жауап беретін оқушыны алдыңғы сұраққа жауап берген оқушы таңдап алады, т.с.с.

 Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

 Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

 Жаңа сабақты түсіну.

Оқушыларға жұпта келесі тапсырманы орындау ұсынылады. Кейбір жұптар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір жұптарға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

 Тапсырма 1.

 1. Қайықтың тынық судағы жылдамдығы 9,7 км/сағ. Өзен ағысымен t cағат жүзгенде қандай қашықтыққа барады, егер ағыс жылдамдығы v км/сағ болса?

 а) Есепті шығару үшін формула құрастыр.

 б) Егер v = 1,6 км/сағ, t = 4 сағ. болса, есепті шығар.

Шешуі: a) s=(9,7+v) t,

б) s=4(9,7+1,6) =11,3(км).

Жауабы: 11,3 км.

 2.Бірінші квадраттың қабырғасы m см, ал екінші квадраттың қабырғасы 3 см үлкен? а) Есепті шығару үшін формула құрастыр;

 б) Қай квадраттың ауданы үлкен? Нешеге Үлкен?

 в) Егер см болса есепті шығар.

Шешімі: =, =.

.

в)== (), == (), - =36().

Жауабы: Екінші квадраттың ауданы 36-қа үлкен.

 Ойлану: Бұл туралы мен не білемін?

 1 минут жеке ойланады, сосын жұбымен есеп шартын талқылайды.

 Оқушылар есептің өрнегін әр түрлі жазуы мүмкін. Оқушыларға жауаптарын салыстыруды ұсыныңыз.

 Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

 Жаңа сабақты меңгеру.

Бұл тапсырманы оқушыларға жұппен орындату ұсынылады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар мәтін есеп мысалында талқылау керек. Оқушылардың әрбір қадамды негіздей білуіне баса назар аудару керек.

 Тапсырма 2.

  •  а) Есепті шығару үшін формула құрастыр

 Өзен ағысының 2,4 км/сағ. Катердің тынық судағы жылдамдығы v км/сағ. Өзен ағысына қарсы t cағат тоқтаусыз жүзгенде қандай қашықтыққа барады?

 б) Егер v = 20,6 км/сағ, t = 2 сағ. болса есепті шығар.

Шешуі: а) s=(v – 2,4)t, б) s=2(20,6 – 2,4)=36,4(км).

Жауабы: 36,4 км.

 2. а) Есепті шығару үшін формула құрастыр

 Бірінші квадраттың қабырғасы b см, ал екінші квадраттың қабырғасы 4 см кіші?

 Бірінші квадраттың ауданы екінші квадраттың ауданынан нешеге үлкен?

 б) Егер см болса есепті шығар.

Шещімі: =, =, .

=(, =, - =44().

Жауабы: Бірінші квадраттың ауданы екінші квадраттың ауданынан 44-қа үлкен.

 3. Өрнек құрастыр және оны ықшамдаңыз.

 а) Егер бірінші сан а болса, бес тізбектес натурал санның қосындысын табыңыз.

 б) Егер жұп санның алдындағы сан а болса, төрт қатар жұп санның қосындысын табыңыз.

Шешімі: а) а+а+1+а+2+а+3+а+4=5a+10.

б) а+а+2+а+4+а+6=4a+12.

Жауабы: а) 5a+10; б) 4а+12.

 4. Оқушы 240 беттік кітаптың бірінші күні 5 бөлігін, екінші күні 4 бөлігін, ал үшінші күні қалған бөлігін оқып бітірді. Оқушы әр күнде кітаптың неше бетін оқыды?

 Жұптар бір-біріне өз жауаптарын негіздеп түсіндіреді.

Шешуі: 1-ші күні 240 = 48, 2-ші күні 240 = 60, 240 – 48 – 60=132.

Жауабы: 1-ші күні 48 бет, 2-ші күні 60 бет, 3-ші күні 132 бет оқыды.

 Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Дер кезінде кері байланыс береді.

 Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

 Жаңа сабақты бекіту.

Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Оқу туралы танымдық теорияға негізделе отырып, бұл оларға өздерінің бар білімдерін толықтырып, жаңа білімдерін, бұған дейінгі қалыптасқан құрылымға кіріктіруге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға бұл білімді өздері игергендігін сезінуге көмектеседі.

 Тапсырма 3.

  •  а) Тракторшылар егістік алқабын үш күнде 2:3:4 қатынасындай өлшемде орып бітірді. Үш күнде қанша га жерді орғанын есептеңіздер.

 ә) Егер егістік алқабы 54 га болса, тракторшылар әр күні қанша га жерді орғанын есептеңіздер.

 Дескриптор: Білім алушы

 -бөліктердің қосындысын жазады;

 -барлық жұмысқа теңестіріп теңдеу құрады;

 -бір бөліктің мәні есептеледі;

 - әр күндегі мәндерді табады.

Шешімі:

а) 1-ші күні – 2х, 2-ші күні – 3х, 3-ші күні – 4х. Үш күнде 2х+3х+4х=9x(га) жерді орды.

ә) 9x=54, x=6, 1-ші күні – 2·6=12(га), 2-ші күні – 3·6=18(га), , 3-ші күні – 4·6=24(га).

Жауабы: 1-ші күні 12 га, 2-ші күні 18 га, 3-ші күні 24 га жерді орды.

  • Егер бірінші сан n болса, жеті тізбектес натурал санның қосындысын табыңыз.

Шешімі: n+n+1+n+2+n+3+n+4+n+5+n+6=7n+21.

 Дескриптор: Білім алушы

 -тізбектес жеті санның өрнегін жазады;

 -өрнекті ықшамдайды;

 - қосындысын табады.

 Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды.

 Сабақты қорытындылау.

  •  Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
  •  Неліктен?
  •  Жұмыста нені ескермедіңіздер?
  •  Неліктен?
  •  Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 6 класс. Часть3.
  • Дорофеев Г.В., Петерсон Л.Г. Математика. 7 класс. Часть3.
  • Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
  • https://infourok.ru/sinip-matematika-algebrali-rnekterdi-mni-tairibina-isa-merzimdi-zhospar-835566.html

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу