Алгебралық өрнектің мәндері. Математика, 6 сынып, презентация.


Алгебралық өрнектердің мәндері

Оқу мақсаты:

айнымалыларға рационал сандарды қойып, алгебралық өрнектердің мәндерін есептей алады

1.Математкалық тілге аудару

х пен 3 еселенген у-тің қосындысы

3 еселенген х пен у-тің қосындысы

х пен у-тің квадраттарының қатынасы

x пен y-тің қатынасының квадраты

Үш еселенген х-пен у-тің қосындысының кубы

Үш еселенген х-пен у-тің кубтарының қосындысы

х-пен у-тің айырмасын а санының квадратына көбейту

х-пен у-тің көбейтіндісін а санының квадратынан азайту

2. Шешімі мына өрнекке (а-а:4):2 сәйкес келетін есептің шартын құр.

3. Шығармашылық есеп. Бассейн құбырдан 2 м3/мин жылдамдықпен ағатын сумен толады. t мин – құбырдың жұмыс істеу уақыты, V м3 – бассейнге құйылған судың көлемі. V-ның t-ға тәуелділік формуласын жаз. Кесте құрып, t-ның 0 мен 5 минут аралығындағы өзгерісін график арқылы көрсет

4. Шығармашылық есеп. Үйден мектепке дейінгі арақашықтық 6 км. V км/сағ – жылдамдық, t сағ – мектепке дейінгі жүрілген жолдың уақыты болсын. t-ның V – ға тәуелділік формуласын жаз. Кестені толтыр, 0,5≤ V≤12 теңсіздігін қанағаттандыратындай V – ның мәндерін пайдаланып график сал .

5. Шығармашылық есеп. Күннің ұзақтығы х сағ, түннің ұзақтығы у сағ болсын. у – тің х – ке тәуелділік формуласын жаз. х қандай мәндер қабылдауы мүмкін? Кестені толтыр, х – тің қабылдайтын барлық мүмкін мәндерін пайдаланып график құрастыр.

Бүгін мен білдім ...;

Қызықты болды …;

Қиын болды …;

Мен ... тапсырманы орындадым;

Мен ... түсіндім;

Енді мен ... істей аламын;

Мен ... сезіндім;

Мен ... үйрендім;

Менің ... қолымнан келді;

Мен ... істей алдым;

Мен ... тырысамын;

Мені ... таң қалдырды;

Сабақ маған өмір үшін ... берді;

Мен ... жасағым келді (қолданғым келді).

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу