Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 6.2 В Алгебралық өрнектер

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерізімі:

Мұғалім аты-жөні:

Сыныбы: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

Оқу бағдарламасына сілтеме:

6.2.1.7 алгебралық өрнектердегі ұқсас қосылғыштарды біріктіре алады

Сабақтың мақсаты

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру дағдысын қалыптастырады және оларды қоса алады.

Талдау, салыстыру және жалпылау дағдыларын жетілдіреді

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Ұқсас қосылғыштарды анықтайды, оларды қосады, алгебралық өрнектерді ықшамдай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Ұқсас қосылғыштардың анықтамасын айта алады, ұқсас қосылғыштарды біріктіру түсінігін қалыптастырады

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Әріп бөліктері

Ортақ көбейткіш

Ұқсас қосылғыштар

Алгебралық өрнек

Қосу амалына қатысты көбейтудің үлестірімділік қасиеті

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Өрнек

Выражение

Expression

Әріпті өрнек

Буквенное выражение

Literal expression

Өрнектің мәні

Коэффициент

Значение выражения

Коэффициент

Value of expression

Coefficient

Сандық өрнек

Числовое выражение

Numeral expression

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

Приведение подобных слагаемых

Reduction of such terms

Жазу мен диалогқа арналған керекті сөздер қоры:

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару...

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру...

Өрнекті ықшамдау...

Алгебралық өрнектің мәнін табу...

Құндылықтарды дарыту

Әлемдік білім саласындағы бәсекеге қабылетті терең академиялық білім беру

Пән аралық байланыстар

Тілдік қатынастар бойынша, орыс тілі және ағылшын тілі.

(Сабақтың бас кезеңінде презентация бойынша сабаққа қатысты лексика мен терминологиямен таныстырылады. Осы кезеңде орыс және ағылшын тілдерімен пәнаралық байланыс орнатылады.)

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану дағдысын қалыптастыру (ActivPrimary, ActivStudio, ActivInspire).

Алдыңғы сабақтан алған білім

Алгебралық өрнектер, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

(2 мин)

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

5 мин

5 мин

10 мин

5 мин

Жаңа білімнің актуалдылығы

Жұппен жұмыс

Әрбір жұпқа қосылғыштар жиынтығын беріп, бір бірімен қосуға болатын қосылғыштарды таңдап алуларын сұраңыз.(тақтаға дайындап жазыңыз) Оқушылардан бір бірімен қосуға болатын қосылғыштарды қалай таңдауға болатындығын түсіндіруін сұраңыз.

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, оны толықтырып, ұқсас қосылғыштардың анықтамасын және ұқсас қосылғыштарды біріктіру амалын көрсетеміз.

Анықтама:

Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атаймыз.

Анықтама:

Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.

Мысалды талдайық.

Мысыл:

Оқушыларға ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін құрастыруды сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдап, жауаптарын толықтырып, ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін жазамыз.

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:

1. олардың коэффициенттерін қосу керек

2. алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.

Жұптық жұмыс

Өрнекті ықшамдаңыз және болғандағы өрнектің мәнін табыңыз.

-7,5 және -2,5 қосылғыштары өрнектің бос мүшелері деп аталады. Неліктен ? Оқушылардың жауабын тыңдаймыз.

Оқушылар өзін-өзін немесе бір-бірін тексереді.

Жауабы: -15

Қорытындылау. Сыныппен жұмыс (тақтамен жұмыс)

№1. Жақшаларды ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіріңіз.

a)

b) ()-1.8 ().

№2. кез келген натурал n үшін өрнек 3 ке еселі болатынын дәлелдеңіз.

Жеке жұмыс (формативті бағалау)

Қосымша 1

Оқулық «Математика», 6 сынып

Алдамуратова Т.А.

«Атамұра» баспасы

Сабақтың соң

3 мин

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия «Бес саусақ»

Үйге тапсырма

№790. (6), №792 (4), №793 (6), №800 (2)

Оқулық «Математика», 6 сынып

Алдамуратова Т.А.

«Атамұра» баспасы

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейміз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексереміз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

Қабылеті жоғары оқушыларға қиынырақ тапсырмалар беру

Жұптық жұмыста оқушылардың бірін -бірі тексеруі, дәптермен жұмыс, кез келген 5 оқушының дәптерін тексеруге алу.

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.Қайталау арқылы еске түсіру

2. Қалыптастырушы бағалау

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Тапсырмаларды топта талқылау

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топтағы оқушылардың тапсырманы орындауға толық қатысып отырғанына көңіл бөлу қажет

Қосымша 1

Оқушының аты-жөні ____________________________

Пәні: математика

Сыныбы:

Бөлім 6.2В Алгебралық өрнектер

Оқу мақсаты:

6.2.1.7 алгебралық өрнектердегі ұқсас қосылғыштарды біріктіре алады

Өрнекті ықшамдап, болғандағы өрнектің мәнін табыңыз.

Бағалау критерийлері:

Ұқсас қосылғыштарды анықтайды, оларды қосады, алгебралық өрнектерді ықшамдай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу