Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебралық өрнектер.

Мектеп:

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар.

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.6 коэффициент, ұқсас мүшелер ұғымдарының анықтамаларын білу.

6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

• коэффициент және ұқсас мүшелер анықтамаларын біледі;

• ұқсас мүшелерді біріктіруді біледі.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • жақшаларды ашу ережесін қолданады
  • ұқсас мүшелерді анықтайды
  • алгебралық өрнектерді ықшамдайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • ұқсас мүшелерді біріктіруді түсіндіреді;
  • алгебралық өрнектің коэффициентін қалай анықтайтынын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • айнымалы;
  • коэффициент;
  • ұқсас мүшелер;
  • әріпті өрнектің мәні;
  • өрнектерді ықшамдау.
  • Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
  • әріпті бөлігі бірдей қосылғыштарды … деп атайды;
  • ұқсас мүшелерді қосу үшін …;
  • егер жақшаның алдында «минус» таңбасы тұрса, онда ...;
  • егер жақшаның алдында «плюс» таңбасы тұрса, онда ….

Құндылықтарды дарыту

Жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын, видеоны тыңдап, өз ойын түйіндеу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет.

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-4 мин

4-5 мин

5-8 мин

Ұйымдастыру.

Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жұпқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Жақын арада даму аймағын» анықтау.

Тапсырма 1.

Тұжырымдар дұрыс па? Жауабыңды түсіндір.

1)Кез келген сандық өрнекке сандық мән табуға болады. Неліктен нақтылаңыз.

2)Кез келген алгебралық өрнекке сандық мән табуға болады.

3)Бөлшектің бөлімін нөлге теңестіретін айнымалылардың мәндері мүмкін емес болып саналады.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

infourok.ru/sinip-matematika-algebrali-rnekterdi-mni-tairibina-isa-merzimdi-zhospar-835566.html

Қосымша 1.

 

Сабақтың ортасы

8-16 мин

16-21 мин

21-25 мин

25-26 мин

26-27 мин

27-37 мин

Жаңа сабақты түсіну.

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 2.

Есеп: Дүкенде 12 қуыршақ k тенгеден және 13 мәшине ойыншығы m тенгеден тұрады. Ойыншықтардың құнын табу үшін өрнекті құрастырыңыз. Дүкенге тағы 7 қуыршақ k тенгеден және 5 мәшине ойыншығы m тенгеден әкелінді.

  • Дүкендегі барлық қуыршақтар мен мәшине ойыншықтарының құнын табыңыз.
  • Шешіміңізді түсіндіріңіз.
  • Осы есепке ұқсас өз мысалыңызды келтіріңіз.

Оқушылар бұл есептің толық шешімін көрсетулері және өз мысалдарын оқулары керек.

Оқушыларға дер кезінде кері байланыс беріледі.

Есептің шешімі:

12k+13m

12k+7k+13m+5m=19k+18m.

Тапсырма 3.

Жұптық жұмыс.

3∆+1∎- 6∎+7∆ - 5𝛻;

-5c+2,6a-3,8+8a–7,5c+9ac-10

  • Қалай ойлайсыздар, берілген өрнектердегі қандай қосылғыштарды бір-бірімен қосуға болады?

Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін bilimland.kz/kk сайдынан видео көрсетіледі. Ойлан және сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Ұқсас қосылғыштар дегеніміз не?
  • Ұқсас қосылғыштардың коэффициенттері дегеніміз не?

Сосын оқушыларды коэффициент және ұқсас мүшелер анықтамаларын тұжырымдауға жетелеу.

Алгебралық өрнекті жазу барысында коэффициент пен әріпті бөлігіне, ұқсас мүшелерді біріктіруге оқушылардың назарын аудару керек.

Жаңа сабақты меңгеру.

Сыныппен жұмыс.

Тапсырма 4.(Ауызша)

а) 16с + (3с – 2) – (5с + 7) өрнегі берілген.

1) жақшаларды ашыңыз;

2) ұқсас қосылғыштарды атаңыз;

3) коэффициенттерін атаңыз;

4) бос мүшесін атаңыз;

б) 7 – 3(6у – 4) өрнегі берілген.

1) жақшаларды ашыңыз;

2) ұқсас қосылғыштарды атаңыз;

3) коэффициенттерін атаңыз;

4) бос мүшесін атаңыз;

в) 8c – 2d – 11c + 7d өрнегі берілген.

1) ұқсас қосылғыштарды атаңыз;

2) коэффициенттерін атаңыз;

3) бос мүшесін атаңыз.

Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды.

«Дем алу» сергіту сәтін өткізу.

 

Жаңа сабақты бекіту.

Тапсырма 5.

1. Өрнекті ықшамдаңыз:

a)

b)

c)

d)

Дескриптор: Білім алушы

- жақшаларды ашады;

- ұқсас мүшелерді табады;

- өрнекті ықшамдайды.

  • Теңдеулердің түбірлерін табыңыз:

a)

b)

Дескриптор: Білім алушы

  • жақшаларды ашады;
  • ұқсас мүшелерді табады;
  • модульдің қасиетін қолданады;
  • теңдеудің түбірін табады.
  • 5a – 3b – 8a + 12b – 9 алгебралық өрнегінің төменде берілген элементтері мен атауларын сәйкестендіріңіз.

1

5a мен (– 8a)

А

коэффициент

2

– 3b мен 12а

Ә

бос мүше

3

5; -3; -8; 12

Б

ұқсас қосылғыштар

4

  • 9

В

Тапсырманы орындағаннан кейін дайын шешімдер арқылы жұптар өзара бірін-бірі тексереді. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды.

Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011

Қосымша 2.

Қосымша 3.

https://bilimland.kz/kk/

courses/math-kz/algebra/algebralyq-ornekterdi-turlendiru/birmusheler

Қосымша 4.

Қосымша 5.

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма:

Өзара теңбе-тең өрнектерге үш мысал келтіріңіздер.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады.

Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.

«Дем алу» сергіту сәті өткізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу