Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебралық өрнектер. | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | |||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.7 алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау | |||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: • алгебралық өрнектерде ұқсас қосылғаштарды біріктіре алады. | |||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
| |||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын, координаталық түзу жайлы мәтінді оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет. | |||||||
Бастапқы білім | Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 1-4 мин 4-5 мин 5-7 мин | Ұйымдастыру. Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Жақын арада даму аймағын» анықтау. Жұпқа бөлу. «Жұбыңды ізде» ойыны ұйымдастырылады. Оқушыларға алгебралық өрнектер таратылады. Оқушылар өзіндегі алгебралық өрнектің жауабы бар оқушымен жұптасады. Мысалы: 2(x+4) сәйкес 2x+8; 2+(3+а) сәйкес 5+а; -(а+3) сәйкес –а – 3; 5-(5-с) сәйкес с т.б. Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | |||||||
Сабақтың ортасы 7-13 мин 13-14 мин 14-22 мин 22-24 мин 24-32 мин 32-37 мин | Жаңа сабақты түсіну. Жұптық жұмыс. Тапсырма 1. Сабақта мұғалім Айжан мен Бижанға 6 + (7с – 2bс) – (5c + 4bc) өрнегін ықшамдауды ұсынды. Олардың шешімдері төмендегідей болды. 6 + (7с – 2bс) – (5c + 4bc) = 6 +7c – 2bc – 5c – 4bc = = (7 - 5)c – (2 + 4)bc + 6 = 2c – 2 bc +6.
Оқушылардың жауаптарын тыңдап, дер кезінде кері байланыс беріліп, ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін құрастыруды сұралады. Бірнеше жұп өз ойларымен бөліседі. Сосын сыныппен бірге ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін жазылады. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін: 1. олардың коэффициенттерін қосу керек 2. алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс. «Көз түйістіру» сергіту сәтін өткізу арқылы жұпқа бөлінеді. Тапсырма 2.
a)11p+2p +20p–7p-3,8k–k+3,8k+k+a+6,2a–6,5a–a; b)-18n – 12n + 10a + b – 10b – a +7,3n + 6,5n; c)9a – 9b+ 7a – 9,2m+5a + 15m-1,2a + 5,8m; d)-12p + 3k +0,5a - b- 3,2p – 2,3k - 8,8p - 3,7k; e)0,5a - b - a – b+ 0,1a - b+ 3,8k + k + a -7,8k. Тапсырма 4. 2. кез келген натурал n үшін өрнек 3 ке еселі болатынын дәлелдеңіз. Тапсырманы орындағаннан кейін дайын шешімдер арқылы жұптар өзара бірін-бірі тексереді. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Жаңа сабақты бекіту. Тапсырма 3. 1. Өрнекті ықшамдаңыз және айнымалының берілген мәнінде өрнектің мәнін табыңыз. а) 12(3с – 1) – 35с + 4(с+6) егер с = - 0,2; б) егер ; в) егер ; г) егер . Дескриптор: Білім алушы
Дескриптор: Білім алушы - көбейтудің үлестірімділік заңын қолданады; - қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданады; - ұқсас мүшелерді біріктіреді; - өрнектің мәнін табады. Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. | Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 1. Қосымша 3. Қосымша 4. | ||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Сабақты қорытындылау. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. Үйге тапсырма: (Есепті шығарудың алгебралық өрнегін құрастырып, оның мәнін табыңыз). Кітап сөресіндегі кітаптар үш қатарға орналастырылған. Бірінші қатарда n кітап бар. Бірінші қатардағыдан екінші қатардағы кітаптар 1,2 есе артық, ал үшінші қатардағы кітаптар 1,3 есе артық. Кітап сөресінің үш қатарында неше кітап бар? Мұндағы . (Жауабы: 70 кітап). | |||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||
Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. «Көз түйістіру» сергіту сәті өткізіледі. | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру