Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебралық өрнектер. | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | |||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Жақшаларды ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.5 жақшаны ашу ережелерін білу. | |||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: • жақша ішінде алгебралық қосынды жазылған өрнектерді оған тең жақшасыз өрнектермен алмастыруды біледі. | |||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
| |||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне құрмет құндылығын, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын, жақшаны ашу ережесін оқу арқылы үздіксіз оқу құндылығын дарыту. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Осы сабақта алған білімдері шынайы және физикалық процесстердің математикалық модельдерін құрастыру үшін қажет. | |||||||
Бастапқы білім | Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 1-4 мин 4-6 мин 6-8 мин | Ұйымдастыру. Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу. Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Жақын арада даму аймағын» анықтау. Тапсырма 1. Есептеңіз. Оқушылардан әр кезде өз шешімдерін негіздеп отыруы сұралады. Бұл тапсырма ауызша орындалады. а) -1-(-3) ә) 9-(-5) б) 5-(-3) в) 9,9-9,9 г) -1-(+8) ғ) -6-(-11) д) 3,5-(+7) е) 6-(-4) Жауабы: а)2; ә)14; б) 8; в)0; г)-9; ғ)5; д)-3,5; е)10. Ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Жақшаларды ашу. Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | |||||||
Сабақтың ортасы 8-12 мин 12-23 мин 23-30 мин 30-36 мин | Жаңа сабақты түсіну. Топтық жұмыс. Тапсырма 1. Топта талқылауға ұсынылады. 1-топқа тапсырма 1. Сабақта мұғалім Айжан мен Бижанға өрнегіндегі жақшаны ашуды ұсынды. Олардың шешімдері төмендегідей болды. . 2) . Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар? 2-топқа тапсырма 1. Сабақта мұғалім Айжан мен Бижанға өрнегіндегі жақшаны ашуды ұсынды. Олардың шешімдері төмендегідей болды. . 2) . Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар? 3-топқа тапсырма 1. Сабақта мұғалім Айжан мен Бижанға өрнегіндегі жақшаны ашуды ұсынды. Олардың шешімдері төмендегідей болды. . 2) . Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар? 4-топқа тапсырма. Сабақта мұғалім Айжан мен Бижанға өрнегіндегі ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды ұсынды. Олардың шешімдері төмендегідей болды. . 2) . Шешімдер дұрыс па? Сіздер неге олай ойлайсыздар? Әр топтан бір оқушыдан шығып, топтың шешімімен бөліседі. Сосын оқушыларға оқулықтағы жақшаларды ашу ережелері ұсынылады. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс. Тапсырма 2. 1. Өрнектерді ықшамдаңыз: 1)-(1 - x)- (5,1 + x)= ; 2) - (a - x - 3)- (x - a + 2)= ; 3) (a + 3,3 - a)- (3,3 + x)= ; 4) - (2,43 + x - b)- (2,43 + b - x)= ; 5) - (1,53 - x + 1)- (x - a - 2,53)= ; 6) -(a - x)- (5,1 + x)+ a - 5,1 = ; 7) (b - x)- (a - x)+ (a - b)= ; 8) -(a + 3,3) - (x - a) - 3,3 + x = 9) (2,43 + 1,1)- (b + 2,43)+ (b - 1,1)= ; 10) - (1,53 - x + a)- (x - 1,53 - a)- a = . Тапсырманы орындағаннан кейін дайын шешімдер арқылы жұптар өзара бірін-бірі тексереді. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалайды. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс. Тапсырма 3. №1. Жақшаларды ашып, өрнектің мәнін табыңыз: a) b) Дескриптор: Білім алушы
№760. Жақшаны ашып жазыңыз: 2) 4) №761. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарып жазыңыз: 3) №764. (Есептің шығару өрнегін құрастырып, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз). Ұзындығы a см, ені b см, биіктігі с см тік бұрышты параллелепипедтің қаңқасын жасау үшін ұзындығы неше сантиметр сым керек? Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады. Дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды. | Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 1. Қосымша 2. Қосымша 3. Қосымша 4. Қосымша 5. Қосымша 6. Қосымша 7. Математика -6 Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011 | ||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | Сабақты қорытындылау.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім; - нені толық түсінбедім; - немен жұмысты жалғастыру қажет. Үйге тапсырма: (Есептің шығару өрнегін құрастырып, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз). Үшбұрышты тік төртбұрышқа толықтыру тәсілін пайдаланып, сурет бойынша EFK үшбұрышының ауданын табыңыз. | Қосымша 8. | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||
Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. | Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады, | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру