Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2В Алгебрлық өрнектер

Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Атырау қаласы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудашов Ж.

Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.7

алгебралық өрнектерде ұқсас мүшелерді біріктіруді орындау;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • ұқсас қосылғыштарды біріктіру дағдысын қалыптастыру және оларды қосу.
  • талдау, салыстыру және жалпылау дағдыларын жетілдіру.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • ұқсас қосылғыштарды анықтайды;
  • ұқсас қосылғыштарды қосады;
  • алгебралық өрнектерді ықшамдайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • бұл бөлімдегі математикалық терминологияны қолданады;
  • ұқсас мүшелерді біріктіруді түсіндіреді;
  • алгебралық өрнектерің тепе-тең түрлендірулерінің орындауын түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- айнымалы;

- алгебралық өрнек;

- тепе-теңдік

- айнымалының мәні;

- айнымалының мүмкін мәндері;

- коэффициент;

- әріпті бөлігі;

- ұқсас мүшелер;

- әріпті өрнектің мәні;

- өрнектерді тепе-тең түрлендірулері;

- өрнектерді ықшамдау.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- әріпті бөлігі бірдей қосылғыштарды … деп атайды;

- ұқсас мүшелерді қосу үшін …;

- тепе-теңдік – бұл … теңдікті айтады.

 Құндылықтарды

  дарыту

Әлемдік білім саласындағы бәсекеге қабылетті терең академиялық білім беру. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық

  байланыстар

Оқушыларға алған математикалық білім мен дағдыларды жаратылыстану математика бағытындағы пәндерде, практикалық есептерде қолдануға мүмкіндік береді.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану дағдысын қалыптастыру (ActivPrimary, ActivStudio, ActivInspire).

Бастапқы білім

Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Бірлескен оқу ортасын құру.

Сергіту сәті

https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Слайд 4

Сабақтың ортасы

2 – 6 мин

6 11 мин

11 16 мин

16 17 мин

17 24 мин

24 – 31 мин

31 – 33 мин

33 – 37 мин

Жаңа білімнің актуалдылығы

Жұппен жұмыс

Әрбір жұпқа қосылғыштар жиынтығын беріп, бір бірімен қосуға болатын қосылғыштарды таңдап алуларын сұраңыз (тақтаға дайындап жазыңыз). Оқушылардан бір бірімен қосуға болатын қосылғыштарды қалай таңдауға болатындығын түсіндіруін сұраңыз.

3- 6 - 5;

-5c + 2,6a -3,8 +8a – 7,5c +9ac-10.

Оқушылардың жауаптарын тыңдап, оны толықтырып, ұқсас қосылғыштардың анықтамасын және ұқсас қосылғыштарды біріктіру амалын көрсетеміз.

Анықтама:

Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атаймыз.

Анықтама:

Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.

Мысалды талдайық.

Мысыл:

Оқушыларға ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін құрастыруды ұсыныңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдап, жауаптарын толықтырып, ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін жазамыз.

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:

1. олардың коэффициенттерін қосу керек

2. алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.

Жұптық жұмыс

№1. Өрнекті ықшамдаңыз және , болғандағы өрнектің мәнін табыңыз.

-7,5 және -2,5 қосылғыштары өрнектің бос мүшелері деп аталады. Неліктен ? Оқушылардың жауабын тыңдаймыз.

Оқушылар өзін-өзін немесе бір-бірін тексереді.

Жауабы: -15.

№2. Теңдеуді шешіңдер:

  • 2)

Жауабы: -5; .

Дайын жауап арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

Қорытындылау. Сыныппен жұмыс (тақтамен жұмыс)

№1. Жақшаларды ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіріңіз.

Жауабы:

№2. кез келген натурал n үшін өрнек 3 - ке еселі болатынын дәлелдеңіз.

Әр есептің орындалу жолына қысқаша шолу жасау талап етіледі.

№3. Жақшаларды ашып, өрнектің мәнін табыңыз:

Жауабы: -5,8.

Жеке жұмыс

№1.

Өрнекті ықшамдап, болғандағы өрнектің мәнін табыңыз.

Жауабы: -7,5.

№2. (№780)

Тізбектес төрт тақ санның қосындысы 48 – ге тең. Бірінші санды, екінші санды табыңдар.

Жауабы: 9; 11.

№3. Өрнектің мәнін табыңыз:

, егер болса.

Жауабы: -4.

Дескриптор: Білім алушы:

  • жақшаларды дұрыс ашады;
  • ұқсас қосылғыштарды анықтайды;
  • оларды қосады, мәнін табады;
  • алгебралық өрнектерді ықшамдайды.

«Карусель» әдісі бойынша оқушылар дәптерлерін келесі оқушыға жалғау арқылы бірін – бірі бағалайды.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Жеке үлестірмелер түрінде ұсыну.

Тапсырма

жауаптар

дұрысы

1

2n

1 – 3

2

a – 2b

2 – 5

3

2x – 3y

3 – 1

4

14x

4 – 2

5

-7x + 13y

5 - 4

Қосымша 1

Слайд 4 - 6

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 7

Қосымша 2

Слайд 8

А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 5 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.

Слайд 9

Қосымша 3

Слайд 10

Қосымша 4

Қосымша 5

Слайд 11

Сабақтың соңы

37 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • ұқсас қосылғыштарды анықтау;
  • ұқсас қосылғыштарды қосу;
  • алгебралық өрнектерді ықшамдау;
  • ауызша мысал келтіру.

Рефлексия

Үйге тапсырма:

№1. Жақшаларды ашып, ұқсас мүшелерді біріктіріңіз:

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 6

Слайд 12

Слайд 13

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Жеке жұмыс кезінде мұғалім өзі дайындаған үлестірме материалдарды үлестіреді. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу бағдарламасына сай дайындалды.

Жеке жұмыста бірін-бірі бағалау, жұптық жұмыста өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болуына, оқушылардың сергуіне назар аудару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу