Жаңа тақырыпты меңгеру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Алгебралық өрнектер

Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cыздыкова Г.К.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Жақшаларды ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

Сабақтың түрі:

Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақ мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.5 жақшаларды ашу ережелерін білу;

 Сабақ мақсаттары

Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашу;

Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашу;

Көбейтудің үлестірімділік қасиеті;

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашады;

Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашады;

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қоданып, жақшаны ашады;

Жақша ішіндегі қосылғыштар екіден көп болғанда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қоданып, жақшаны ашады;

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: жақшаларды ашып, өрнектерді ықшамдауға немесе жақшаларды ашуға берілген есептерді шығару барысында математикалық терминдерді өз орнымен қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жақша/жақшалар – скобка/скобки – bracket/brackets

Жақшаларды ашу – раскрывать скобки – open the brackets

Өрнек/өрнектер – выражение/выражения – expression/expressions

Теңбе-тең өрнектер – тождественные выражения – identical expressions

Таңба – знак – sign

Жақша алдында – перед скобкой – before the bracket

«+» таңбасы – знак «+» - sign «+»

«-» таңбасы – знак «-» - sign «-»

Қосылғыш – слагаемое - summand

Қарама-қарсы – противоположный - opposite

Қасиеті – свойство – property

Үлестірімділік қасиеті – распределительный закон – distributive law

Ортақ көбейткіш – общий множитель – common factor

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жақшаларды ашу дегеніміз - ...

... , жақша ішіндегі ... таңбалары өзгермейді, себебі, жақша алдында «+» таңбасы;

... , жақша ішіндегі ... таңбалары өзгереді, себебі, жақша алдында «-» таңбасы;

.... теңбе-тең өрнектер шығады.

Мұнда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдануға болады деп ойлаймын, себебі ...

Жақша ішіндегі қосылғыштар саны үшеу/төртеу, ... көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, ... теңбе-тең өрнектер аламыз;

Бұл тапсырмада .... ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарамыз.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзара пікіралмаса отырып, бір-бірлерінің ойларын бағалап, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластықпен бір командада жұмыс жасау. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі (тілдік қатынастар бойынша)

Физика, геометрия (мәтіндік есептер шығаруда)

Логика, Өзін-өзі тану (сергіту сәтін қолдануда)

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Миға шабуыл» стратегиясы

5 минут

Топпен жұмыс

«Галерея» стратегиясы

13 минут

Сергіту сәті

«Логикалық тапсырмалар» стратегиясы

2 минут

Жұппен жұмыс

10 мин

Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

14 мин

Сабақтың соңы

«Мен үшін сабақта» стратегиясы

1 минут

Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Күтілетін нәтижемен таныстыру.

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы байланысы арқылы шолу сұрақтары қойылады:

  • Жақшаларды ашу дегеніміз не?
  • Қандай өрнектер теңбе-тең болады?
  • Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
  • Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
  • Көбейтудің үлестірімділік қасиеті қандай?
  • Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару дегеніміз не?

Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал оқушылар бір-бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысының есептерінің шығарылу жолдары мен жауаптарын сәйкестендіреді және «+», «-», «?» бойынша бірін-бірі бағалайды. Сосын, әркім өз дәптерлерін алып, «-» және «?» тұстарын сыныппен бірге мұғалім нұсқаулығы бойынша талқылайды.

Жаңа білім.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жақша/жақшалар – скобка/скобки – bracket/brackets

Жақшаларды ашу – раскрывать скобки – open the brackets

Өрнек/өрнектер – выражение/выражения – expression/expressions

Теңбе-тең өрнектер – тождественные выражения – identical expressions

Таңба – знак – sign

Жақша алдында – перед скобкой – before the bracket

«+» таңбасы – знак «+» - sign «+»

«-» таңбасы – знак «-» - sign «-»

Қосылғыш – слагаемое - summand

Қарама-қарсы – противоположный - opposite

Қасиеті – свойство – property

Үлестірімділік қасиеті – распределительный закон – distributive law

Ортақ көбейткіш – общий множитель – common factor

 Жақшаларды ашу.

 Жақша ішінде алгебралық қосынды жазылған өрнектерді оған тең жақшасыз өрнектермен алмастыруға болады. Бұл жағдайды «жақшаларды ашу» деп атайды.

 Жақшаларды ашқаннан кейінгі өрнек пен бастапқы өрнек теңбе-тең өрнектер деп аталады.

Топпен жұмыс. Төрт түрлі тапсырмалардың түрлерін таңдау арқылы оқушылар «Жақша алдында «+» таңбасы ...», «Жақша алдында «-» таңбасы ...», «Көбейтудің үлестірімділік қасиеті...» , «Ортақ көбейткіштіжақша сыртына шығару» болып, 4 топқа бөлінеді.

«Галерея» стратегиясы бойынша, әр топ мұғалімнің дайындап берген материалы бойынша өз постерлерін рәсімдеп, топпен өздерінің жұмыстарын басқа топтарға түсіндіреді, қалған топтардан сұрақтар болса жауап береді.

І топ.

Жақша алдында «+» таңбасы бар түріндегі өрнектегі жақшаны ашу.

№1-Мысал.

.

Яғни: .

- теңбе-тең өрнектер.

ЕРЕЖЕ.

Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады:

.

Жақша алдында «+» таңбасы болғанда, жақшаны ашу АЛГОРИТМІ:

 1. Жақшаларды және жақша алдындағы «+» таңбасын жазбау керек;

 2. Жақша ішіндегі қосылғыштарды өз таңбаларымен жазу керек.

ІІ топ.

Жақша алдында «-» таңбасы бар түріндегі өрнектегі жақшаны ашу.

2-Мысал.

.

Яғни: .

- теңбе-тең өрнектер.

ЕРЕЖЕ.

Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады:

.

Жақша алдында «-» таңбасы болғанда, жақшаны ашу АЛГОРИТМІ:

 1. Жақшаларды және жақша алдындағы «-» таңбасын жазбау керек;

 2. Жақша ішіндегі қосылғыштардың әрқайсысының таңбасын қарама-қарсы таңбаға алмастырып жазу керек.

 

ІІІ топ. көбейтіндісі түріндегі өрнектердегі жақшаларды ашу.

көбейтіндісі түріндегі өрнектердегі жақшаларды ашу үшін, көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдалану керек:

,

мұндағы: – рационал сандар.

3-Мысал.

.

Яғни: .

- теңбе-тең өрнектер.

ЕСКЕРТУ!

Көбейтудің үлестірімділік қасиеті жақша ішіндегі қосылғыштар саны екіден көп болған жағдайда да орындалады:

,

мұндағы: – рационал сандар.

4-Мысал.

.

ІV топ. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

Көбейтудің үлестірімділік қасиеті теңдігінің оң жақ және сол жақ бөліктерінің орындарын ауыстырсақ:

теңдігі шығады. Мұндағы: – ортақ көбейткіш.

Мұндай жағдайда «ортақ көбейткішті жақша сыртына шығардық», - дейді.

Демек, қосындысын көбейтіндісі түрінде жазуды ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару деп атайды.

5-Мысал.

.

Мұндағы: 11 саны – ортақ көбейткіш.

Сергіту сәті: «Логикалық тапсырмалар».

1) 8 адам кездесіп, бір-бірімен қол алысты. Олар барлығы неше рет қол алысты?

2) Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер, бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы болады?

3) Екі таяқшаны алып тастау арқылы екі шаршы шығарып ал.

Жұппен жұмыс.

А деңгейінің есептері.

№1. Жақшаларды ашып жазыңыз:

а) ә) б) ;

в) г) ғ) .

№2. Раскройте скобки:

а) б) в) ; г) д)

№3. Тake out the common factor before the brackets:

a) b) c) .

753. Раскройте скобки, упростите выражения:

1) 2)

;

№6. Асан 5 дәптер және 5 қалам сатып алды. Дәптердің бағасы b тг, қаламның бағасы с тг. Асан неше теңгеге сауда жасады? Мұндағы

759. Solve the equations:

1) 4) .

Жауаптары:

№1. а) ә) б) ; в)

г) ғ) .

№2. а) б) в) ;

г) д)

№3. a) b) c) d) 36(c-2d)

e) .

753. 1) 2) 3) ;

;

; .

№6. 450 тг. №759. 1) 4) .

В деңгейінің есептері.

760. Жақшаны ашып жазыңыз:

2) 4)

761. Выносите общий множитель за скобки:

3)

№764. (Есептің шығару өрнегін құрастырып, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз).

Ұзындығы a см, ені b см, биіктігі с см тік бұрышты параллелепипедтің қаңқасын жасау үшін ұзындығы неше сантиметр сым керек?

769. Solve the equation:

2) .

Жауаптары:

760. 2) 4)

761. 3) . №764. .

769. 2)

Қалыптастырушы бағалау жұмысы.

Оқушының аты-жөні: Сыныбы: 6 « » Күні:

Бағалау критерийлері:

Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашады;

Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашады;

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қоданып, жақшаны ашады;

Жақша ішіндегі қосылғыштар екіден көп болғанда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қоданып, жақшаны ашады;

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады.

№1. Жақшаны ашып жазыңыз: .

№2. Выносите общий множитель за скобки: .

№3. Solve the equation: .

№4. Қабырғасы 12 см шаршыдан диаметрі сол шаршының қабырғасының ұзындығына тең дөңгелек қиылып алынды. Дөңгелектің ауданын табыңыз.

№5. (Есептің шығару өрнегін құрастырып, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңыз).

 Үшбұрышты тік төртбұрышқа толықтыру тәсілін пайдаланып, сурет бойынша EFK үшбұрышының ауданын табыңыз.

Жауаптары:

№1. . №2. . №3. .

№4. 36π см² . №5. .

Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Мен үшін бүгін сабақта» стратегиясы көмегімен рефлексия жасайды.

Рефлексия: «Мен үшін бүгін сабақта».

Оқушыларға жеке парақшалар беріледі. Олар үш бағыт бойынша өз жұмыстары бойынша қажет сөздердің астын сызу керек.

Сабақ

Мен сабақта

Қорытынды

1. қызық

1. жұмыс істедім

1. материалды түсіндім

2. қызықсыз

2. демалдым

2. білетінімнен де көп білдім

3. енжарлық басым

3. басқаларға көмектестім

3. онша түсінбедім

Үй тапсырмаларын орындауға бағыттау. Үйге тапсырма:

А деңгейінің есептері.

№3. Тake out the common factor before the brackets:

d) 36c-72d e) .

753. Раскройте скобки, упростите выражения:

3) 0,8-(m+3);

;

.

Жауаптары:

№3. d) 36(c-2d) e) .753. 3) ;

  ;

.

В деңгейінің есептері.

762. Жақшаны ашып, өрнектің мәнін табыңыз:

6) , мұндағы .

769. Solve the equation:

6) .

Жауаптары: 762. 6) -3.769. 6) .

Қосымша 1

Интербелсенді тақта

Қосымша 2

Қосымша 3

Математика, 6. Алдамұратова Т.А., Байшоланов Т.С.,

Bilimland.kz

Дидактикалық материалдар, 6.

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Қосымша 7

Рефлексия

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

ЖАДАны қолдану

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Өзін-өзі бағалау, бірін-бірі және топты бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктелді. Топпен жұмыс кезінде мұғалім өзі дайындаған үлестірме материалдарды үлестіреді, әр топ постерлерін рәсімдейді. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу бағдарламасына сай дайындалды. Тапсырмаларды жылдам орындап болған оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындалған.

Бағалау критерийлері бойынша әр тапсырма бағаланады; өзін-өзі және бірін-бірі, сонымен қатар топты бағалау және қалыптастырушы бағалау іске асырылады.

«Миға шабуыл»,

топпен жұмыс: «Галерея» стратегиясы,

жұппен жұмыс, жеке жұмыс, сергіту сәті: «Логикалық тапсырмалар», рефлексия: «Мен үшін сабақта» стратегиясы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу