Жаңа тақырыпты меңгеру. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Алгебралық өрнектер

Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Cыздыкова Г.К.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Ұқсас қосылғыштар, коэффициент.

Сабақтың түрі:

Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақ мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.1.6 ұқсас қосылғыштар, коэффициент ұғымдарының анықтамаларын білу;

 Сабақ мақсаттары

Алгебралық қосындыдағы ұқсас қосылғыштарды анықтайды;

Алгебралық қосындыдағы қосылғыштардың коэффициенті мен бос мүшесін анықтайды;

Өрнекті ықшамдауда көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданады.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

Ұқсас қосылғыштарды анықтайды;

Коэффициент ұғымын біледі;

Бос мүшені ажыратады;

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: ұқсас қосылғыштарды, коэффициентті, айнымалы мен бос мүшені анықтауға берілген тапсырмаларды орындау барысында математикалық терминдерді дұрыс, әрі өз орнымен қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Өрнек/өрнектер – выражение/выражения – expression/expressions

Қосылғыш – слагаемое - summand

Ұқсас қосылғыштар – подобные слагаемые - similar summands

Қарама-қарсы – противоположный - opposite

Қасиеті – свойство – property

Коэффициент – коэффициент – coefficient

Бос мүше – свободный член - free term

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

... бұл алгебралық қосындыдағы ұқсас қосылғыштар ... , себебі ...

Өрнектің мәнін табу үшін, алдымен ... ықшамдаймыз, көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданамыз, сосын ....

Бұл өрнектегі .... айнымалылар.

Өрнекті ықшамдаймын, ... бос мүшесін анықтаймын.

Менің ойымша, өрнектің айнымалылары ... , ал коэффициенті ...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзара пікіралмаса отырып, бір-бірлерінің ойларын бағалап, жауапкершілікті сезіну, өзара сыйластықпен бір командада жұмыс жасау. Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі (тілдік қатынастар бойынша)

Физика, геометрия (мәтіндік есептер шығаруда)

Логика, Өзін-өзі тану (сергіту сәтін қолдануда)

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Үй жұмысын тексеру

2 мин

«Ойқозғау» - «Сиқырлы қалам» стратегиясы

3 минут

«Семантикалық карта» әдісі

5 мин

Топпен жұмыс

«Галерея» стратегиясы

10 минут

Сергіту сәті

«Логикалық тапсырма» стратегиясы

1 минут

Жұппен жұмыс

10 мин

Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

13 мин

Сабақтың соңы

«Жетістік баспалдағы» стратегиясы

1 минут

Оқушылармен амандасады, түгендейді.

Психологиялық жағымды ахуал орнатады.

Үйге берілген тапсырма тексеріледі: мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал оқушылар дәптерлеріндегі үй жұмысының есептерінің шығарылу жолдары мен жауаптарын сәйкестендіріп, өзін-өзі бағалау жүзеге асырылады.

Қиындық туғызған тапсырмалар мұғалімнің нұсқаулығы бойынша, сыныппен бірге талқыланады.

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында «Ой қозғау» -

«Сиқырлы қалам» стратегиясы қолданылады:

 1. Екі теріс санды қосу ережесін  тұжырымдаңыз.

 2. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін  тұжырымдаңыз.

 3. Қарама-қарсы екі санның қосындысы неге тең?

 4. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі  қалай табылады?

 5. Таңбалары әртүрлі екі санның көбейтіндісі қалай табылады?

 6. Жақша алдында«+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

 7. Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?

 8. Көбейтудің үлестірімділік қасиеті қандай?

 9. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару дегеніміз не?

 

Жаңа білім.

Жаңа тақырыпты оқушылармен бірге ашу, ол үшін «Семантикалық карта» әдісі қолданылады.

 «Семантикалық карта» әдісі

Ұқсас қосылғыштар

Айнымалы

Коэффициент

Бос мүше

 

 Жауабы:

Ұқсас қосылғыштар

Айнымалы

Коэффициент

Бос мүше

+

+

+

+

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Өрнек/өрнектер – выражение/выражения – expression/expressions

Қосылғыш – слагаемое - summand

Ұқсас қосылғыштар – подобные слагаемые - similar summands

Қарама-қарсы – противоположный - opposite

Қасиеті – свойство – property

Коэффициент – коэффициент – coefficient

Бос мүше – свободный член - free term

 

Топпен жұмыс.

Оқушылар «Ұқсас қосылғыштар», «Үлестірімділік қасиетті қолдану» және «Коэффициент, бос мүше» деп, үш топқа бөлінеді.

I топ.

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, әріп бөліктері бірдей қосылғыштардан құралған алгебралық қосындыны ықшамдауға болады.

№1. Мысал.

алгебралық қосындысы берілген.

қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей.

АНЫҚТАМА. Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.

Тең қосылғыштар да ұқсас қосылғыштар болып табылады.

II топ.

№2. Мысал.

Ұқсас қосылғыштары бар алгебралық қосындысын ықшамдайық.

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, ұқсас қосылғыштардың ортақ әріп бөлігін жақша сыртына шығарып жазайық: .

Мұндағы: - алғашқы өрнек,

- ортақ әріп көбейткіш,

- өрнектің ықшамдалған түрі.

Берілген алгебралық қосындыны ұқсас қосылғыштарды біріктіріп ықшамдадық.

III топ.

№3. Мысал.

алгебралық қосындысын қарастырайық.

Мұнда әріп қосылғыштардан бөлек, -2 саны (қосылғышы) бар. Бұл бос мүше, ал әріп қосылғыштардағы z әрпі айнымалы болып табылады.

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, ұқсас қосылғыштардың ортақ әріп бөлігін жақша сыртына шығарып жазайық:

Мұндағы: - алғашқы өрнек,

- өрнектің ықшамдалған түрі,

- ортақ әріп көбейткіш, айнымалы,

- бос мүше.

Сергіту сәті: «Логикалық тапсырма».

Ауданы басқаларынан өзгеше фигураны табыңыз.

(Жауабы: D).

Жұппен жұмыс.

№1. Жақшаларды ашып, a айнымалысына қатысты ұқсас қосылғыштарды бір бағанға,

 b айнымалысына қатысты ұқсас қосылғыштарды екінші бағанға теріп жазыңыз.

 а) .

№764. өрнегі берілген.

 a) ұқсас қосылғыштарын жазыңыз;

 ә) берілген өрнекті ықшамдаңыз;

 б) коэффициентін жазыңыз;

 в) бос мүшесін жазыңыз;

 г) болғандағы ықшамдалған өрнектің мәнін табыңыз.

№783. Упростите выражение, напишите коэффициент и свободный член:

 1) ; 3) ; 5) .

№787. (Есепті шығарудың алгебралық өрнегін құрастырып, оның мәнін табыңыз).

Кітап сөресіндегі кітаптар үш қатарға орналастырылған. Бірінші қатарда n кітап бар. Бірінші қатардағыдан екінші қатардағы кітаптар 1,2 есе артық, ал үшінші қатардағы кітаптар 1,3 есе артық. Кітап сөресінің үш қатарында неше кітап бар? Мұндағы . (Жауабы: 70 кітап).

№790. Өрнекті ықшамдап, коэффициент пен бос мүшені жазыңыз:

 3) ; 6) .

№815. Амина дәмханаға кіріп, сүтті коктейль алғысы келді. Ол сатушыдан коктейльдің бағасын сұрағанда, оған: «2 тәтті тоқаш пен 3 коктейль 840 тг, ал 3 тәтті тоқаш пен 2 коктейль 880 тг тұрады», - деп жауап берді. 1 коктейль қанша тұрады?

(Жауабы: 152 тг)

Қалыптастырушы бағалау жұмысы.

Оқушының аты-жөні:

Сыныбы: 6 « » Күні:

Бағалау критерийлері:

Ұқсас қосылғыштарды анықтайды;

Коэффициент ұғымын біледі;

Бос мүшені ажыратады;

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданады.

№1. Бір айнымалысы бар ұқсас қосылғыштардың астын бір сызықпен екі айнымалысы бар ұқсас қосылғыштардың астын екі сызықпен сызып көрсетіңіз: ;

№2. Өрнектердің коэффициентін жазып көрсетіңіз:

; ; ; ; .

№3. Өрнекті ықшамдаңыз: .

 а) бос мүшені табыңыз;

 ә) болғандағы өрнектің мәнін табыңыз.

Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Жетістік баспалдағы» стратегиясы көмегімен рефлексия жасап, өздерінің қай сатыда екенін анықтайды.

Үйге тапсырма:

№1. Жақшаларды ашып, a айнымалысына қатысты ұқсас қосылғыштарды бір бағанға,

 b айнымалысына қатысты ұқсас қосылғыштарды екінші бағанға теріп жазыңыз.

 ә) .

№793. Упростите выражение, найдите его значение:

 1) , при ;

 3) , при .

№811. Болат 7 тізбектес натурал сан ойлады. Ол ойлаған сандарының алтауын өзара қосқанда, 544 шықты. Болат қай санды қосындыға алған жоқ?

(Жауабы: 93)

№790. Упростите выражение, напишите коэффициент и свободный член:

 1) ; 4) .

Интербелсенді тақта

Қосымша 1

Қосымша 3

Қосымша 2

Қосымша 4

Математика, 6. Алдамұратова Т.А., Байшоланов Т.С.,

Bilimland.kz

Дидактикалық материалдар, 6.

Қосымша 5

Берікұлы А., Математика, Логика

Қосымша 6

Қосымша 7

Қосымша 8

Рефлексия

Қосымша 9

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

ЖАДАны қолдану

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Өзін-өзі бағалау, бірін-бірі және топты бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктелді. Топпен жұмыс кезінде мұғалім өзі дайындаған үлестірме материалдарды үлестіреді, әр топ постерлерін рәсімдейді. Әрбір тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу бағдарламасына сай дайындалды.

Бағалау критерийлері бойынша әр тапсырма бағаланады; өзін-өзі және бірін-бірі, сонымен қатар топты бағалау және қалыптастырушы бағалау іске асырылады.

«Ойқозғау» - «Сиқырлы қалам», тақырыпты ашуда «Семантикалық карта»,

топпен жұмыс: «Галерея» стратегиясы,

жұппен жұмыс, жеке жұмыс, сергіту сәті: «Логикалық тапсырма», рефлексия: «Жетістік баспалдағы» стратегиясы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу