Өрнекті ықшамдау (жаңа тақырыпты менгеру). Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

5.1А Натурал сандар және нөл

Мектеп:

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байбулатов Е.Н.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Өрнекті ықшамдау (жаңа тақырыпты менгеру).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар:

5.2.1.1

қосу және көбейту амаларының қасиеттерін қолданып, әріпті өрнектерді түрлендіру;

 Сабақ мақсаттары

- оқушыларды сандық және әріпті өрнектермен таныстыру;

- есеп шығаруда өрнектерді қолдану;

- математикалық есептерді шығаруда, туындаған қиындықты жеңе білу дағдыларын дамыту;

- танымдылық қызығу дағдыларын дамыту;

- логикалық, абстрактілі, сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамыту.

 Жетістік критерийлері

Оқушылар:

-қосудың қасиеттерін қолдана отырып, әріпті өрнекті дұрыс түрлендіреді;

- көбейтудің қасиеттерін қолдана отырып, әріпті өрнекті дұрыс түрлендіреді;

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

- натурал сандар, жұп сандар, тақ сандар;

- координаталық сәуле, координаталық сәуленің басы , нүктенің координатасы, бірлік кесінді;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- координатасы үлкен нүкте координаталық сәуледе ... оң жағына қарай орналасады;

- координатасы кіші нүкте координаталық сәуледе ... сол жағына қарай орналасады;

- есептеуді тиімді тәсілмен орындау;

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

-Өмір бойы білім алуға бейімделеді;

-Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру;

Пәнаралық байланыстар

Өмірде қолдану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны қолдану,

http://www.transum.org/Software/SW/Starter_of_the_day/

Бастапқы білім

Қосудың орын ауыстыру мен теру қасиеттері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Психологиялық ахуал туғызады.

Мұғалім оқушылардан, олардың көңіл -күйлеріне сәйкес келетін смайликті таңдауды ұсынады.

Қажет болса, «Сыйла» ойынын ойнауға болады. Бір-бірімізге жақсы көніл-күй сыйлаймыз.

«Білімді қорыту үшін, оны жақсы тәбетпен жұту қажет»

(Анатоль Франс - француз жазушысы)

https://twig-bilim.kz/film/numbers-the-discovery-of-zero-6812/

BrainGym

5 мин

Өзін-өзі тексеру.

  • Тапсырманы орындау үшін қандай білімдеріңіз қажет болды?
  • Дұрыс анықтай алдыңыздар ма?

презентация

Жұптық жұмыс. Білімін жаңғырту.

10 мин

Білімін жаңғырту барысында «Сағат бойынша достасу» техникасы бойынша, оқушылар жұптаса жұмыс жасайды.

Ұйымдастыру:

- Әр оқушы сағаттың суретін алады.

- Әр оқушы 12.00, 15.00, 18.00,21.00 кездесу үшін жұптарын іздейді, сәйкес уақыттың тұсында жұбының есімін жазады.

  • Әр түрлі уақыттарда оқушылар әр түрлі тапсырмалар алады. Ойларымен бөлісіп, тапсырманы орындайды.
  • Әр оқушы бірнеше оқушымен жұптасып шығады, бірге тапсырма орындайды.

12.00 үшін тапсырма.

Қосу мен көбейтудің коммутативті қасиетін қолдана отырып, есептеңіз:

 а) 372 + 2444 + 1628; b) 156 + 1037 + 2063 + 844; c) 125 53 8;

d)104;

15.00 үшін тапсырма.

Қосу мен көбейтудің ассоциативті қасиетін қолдана отырып, есептеңіз:

а) 239+(53+11); b) (716+18)+84; c) 25(32);

d)50;

18.00 үшін тапсырма.

Тиімді тәсілмен есептеңіз:а) 52 138 + 48 138; b) 67 149 + 149 33;

 c) 150 97 – 57 150.

21.00 үшін тапсырма.

Әріптің көмегімен жазыңыз:

- Қосу мен көбейтудің коммутативті және ассоциативті қасиеті.

Жұптаса отырып, бір-бірін тексереді.

Қай тапсырма қиындық туғызды? Қиындық неде болды?

Қосымша 1

Мәселелік тапсырма

2 мин

Тапсырма:

2х + у = 10 екені белгілі болса, 43 + х + 51:3 +х + у өрнегінің мәнін анықтаңыз.

Қандай өрнек берілген?

Берілген өрнектің мәнін қалай табамыз?

Қандай амалдар орындау қажет деп ойлайсыздар?

Сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатты қою.

презентация

Топтық жұмыс. Жаңа тақырыпты талдау.

8 ми н

Мұғалім оқушыларға тапрсыманы таратып, «Инсерт» техникасын қолданады.

Арнайы белгілермен белгілей отырып текстті оқиды:

V — мен бұны білемін;

+ — мен үшін жаңа мәлімет;

- — мен басқаша ойлағам, менің білгеніме қайшы келеді;

? — түсініксіз, түсіндіруді қажет етеді.

Рефлексия этапы:

  •  Қай мәлімет жаңа болды?
  •  Сіздің білгеніңізге қайшы келген мәліметті кездестірдіңіз бе?
  •  Не түсініксіз болды?

Рефлексия этапында келесі сұрақтардың жауабын нақтылау қажет. Оқушыларға өздігімен сұрақтар құрастыруға тапсырма беруге болады.

Өрнекті ықшамда дегенді қалай түсінесіздер?

Өрнекті ықшамдау қалай орындалады?

Әріпті өрнектің коэффициенті деп нені айтамыз?

Әріпті өрнектің әріптері бірдей бөлігін қалай атаймыз?

Ықшамдауға келмейтін әріпті өрнекке мысал келтіріңіз.

Қосымша 2

презентация

Бекіту

Жеке жұмыс

8 мин

Жаңа материалды бекіту мақсатында, сыни тұрғыда олаудың «Қатені тап» атты техникасын қолданамыз.Оқушыларға қатемен орындалған тапсырмалар беріледі, оқушылар қай жерде қате жіберілгенін анықтау керек.

Тапсырма 1. Өрнекті ықшамдаңыз.

a)27х +4y+29х+12y=(27+29)x+(4+12)y=56x+16yb) 7b – 5b + 13 + 2b + 10=(7-5+2)b+13+10=4b+23=27bc) 13z + 2z + z – 5z=10z

Тапсырма 2. Теңдеуді шешіңіза) 10к – к = 702;

9k=702

k=78b) 3х + 7х + 18 = 178;

28x=178

x=16c) 6у – 2у + 25 = 65.

8y=65-25

8y=40

y=5

Тапсырма 3. АВС үшбұрышының АС қабырғасы АВ қабырғасынан 3 есе үлкен, ал ВС қабырғасы АС қабырғасынан 4 см қысқа. Оның периметрі 24 см-ге тең. Үшбұрыш қабырғаларын анықтаңыз.

Шешуі:

АС=хсм болсын, онда ВС=(х-4)см және АВ=3хсм

Теңдеу құрастырайық:

х+(х-4)+ 3х =24

5х=20

х=4 (АС)

АВ=3см

ВС=24-(12+4)=8см

Барлық қателерді анықтай алдыңыздар ма?

Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар туындады?

Қосымша 3

Мәселелік тапсырманы шығару

2 мин

Тапсырма:

2х + у = 10 екені белгілі болса, 43 + х + 51:3 +х + у өрнегінің мәнін анықтаңыз.

43 + х + 51:3 +х + у=43+27+2х+у=60+2х+у=60+10=70

презентация

ФБ

8 мин

Тапсырма 1

Өрнекті ықшамдаңыз 34х-3+5х

Тапсырма 2

Бір қапта х кг картоп болған, ал екіншінсінде 2 есе көп. Екі қапта қанша картоп болған?

Тапсырма 3

Арман у тапсырма орындады, ал Мәриям 4 есеп арттық шығарды. Арман мен Мәриям бірігіп қанша есеп шығарды

Тапсырма 4

Ықшамдаңыз 4b+15+3b-10+b

Тапсырма5

Екі өрнек берілген 9(856+342) және 9. Өрнектің қайсысы үлкен?

Карточка

Үй жұмысы

1. Ерсағын у тапрсыма орындады, ал Жанарыс – 3 есеп артық шығарды. Ерсағын мен Жанарыс барлығы қанша есеп шығарды?

2. Бір қапта х кг картоп болған, ал екіншісінде 3 есе үлкен. Екі қапта қанша килограмм картоп болған?

3. Екі өрнек берілген: 7(855 + 342) және 7 .856 + 6 . 856. Өрнектің қайсысы үлкен?

Қосымша 4

Reflection

2 мин

  • СИНКВЕЙН
  • Бір зат есім
  • Екі сын есім
  • Үш етістік
  • Төрт сөзден құрастыратын сөйлем
  • Тақырыптың синонимы

Сабақты меңгеру барысында қиындық туғызған және түсініксіз болған жерлерді стикерде жазып, қалдырады.

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу