Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2В Алгебрлық өрнектер | Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қаласы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Лайла Хусайновна | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.1.1 алгебралық өрнек ұғымын меңгеру; 6.2.1.2 айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептеу; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - бұл бөлімдегі математикалық терминологияны қолданады; - алгебралық өрнектің мүмкін мәндерін қалай анықтайтынын түсіндіреді; Пәнге қатысты лексика мен терминология: - айнымалы; - алгебралық өрнек; - тепе-теңдік; - айнымалының мәні; - айнымалының мүмкін мәндері; - коэффициент; - әріпті бөлігі; - ұқсас мүшелер; - әріпті өрнектің мәні; - өрнектерді тепе-тең түрлендірулері; - өрнектерді ықшамдау. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - алгебралық өрнек деп …; - алгебралық өрнектің мәнін табу үшін … керек; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Әлемдік проблемаларын ескере отырып, жаһандық азаматтық сезімін дамыту. Өзіне және басқаларға құрметпен қарауды, ынтымақтастықты жұптық және жеке жұмыстар арқылы дарыту. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл сабақта жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда әртүрлі есептеулер үшін қажетті формулалар туралы түсініктер қарастырылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Active Board тақтамен жұмыс істеу арқылы сабақты белсендендіру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Әріпті өрнек туралы түсінігі бар. Есептің шарты бойынша әріпті өрнекті құрастыра алады. Әріпті өрнектердің мәндерін таба алады. Бүтін өрнектерді түрлендірулерді орындай алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
0 – 3 мин
| Ұйымдастыру кезеңі Бірлескен оқу ортасын құру. Алдыңғы тарау бойынша қайталау сұрақтары:
|
Слайд 4 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
3 – 13 мин
13 – 20 мин
20 -22 мин
22 - 32 мин
32 – 34 мин
34 – 38 мин | Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену. Оқушылар, бүгін біз өткен түсініктерімізді қайталау арқылы жаңа сабақпен сабақтастырамыз. Мынадай мысалдармен қарастырайық:
Сонда, P = 2(a + b), S = ab болады.
Сонда, V= abc болады. Осы мысалдарды тұжырымдайық: Табылған P = 2(a + b), S = ab, V= abc өрнектеріндегі а, b, с әріптері айнымалылар деп, ал P = 2(a + b), S = ab, V= abc өрнектері айнымалысы бар өрнектер деп аталады.
Жазылуында бір немесе бірнеше әріптер, сандар, арифметикалық амалдар және жақшалар болатын өрнек алгебралық өрнек деп аталады. Мысалы: 3a; a + b; x(x+2) өрнектеріндегі әріптердәі қабылдайтын мәндері – кез келген сандар. Алгебралық өрнектің жазылуы мен оқылуына мән беру. Мысалы: х санынан у пен 9 санының қосындысын азайтуды былай жазамыз: х – (у + 9) Егер айнымалылары бар өрнектегі әрбір айнымалының орнына оның қабылдайтын мәнін қойсақ, санды өрнек жазылады. Бұл жағдайда санды өрнектің мәнін айнымалылары бар өрнектің мәні деп атайды. Алгебралық өрнектің сандық мәнін табу үшін:
Мысалы: 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәнін табайық. 7а + 5 = 7·3 + 5 = 26. Мұндағы 26 саны 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәні. Жалпы сыныппен жұмыс №693. Айнымалылары бар өрнектерді «қосынды», «айырма», «көбейтінді» және «бөлінлі» ұғымдарын пайдаланып оқыңдар:
Оқылуы: (3а + с) - үш пен а санының көбейтіндісіне с санын қосу. №698. Айнымалысы бар өрнек түрінде жазыңдар.
Жауабы: 3а; ; ; 0,14а; 1,25а; 0,7b. №705. өрнегінің мәнін табыңдар, мұндағы:
Жауабы: 6; 2,8; 6; 15. Дескриптор: Білім алушы:
Оқушылар өзін – өзі бағалайды. Жұптық жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Негізгі деңгей №1.
№2. Кестені толтырыңыз:
Жауабы:1) 0,9а; 2,5s;
13,9; 14,5; 16; 18,5; . Дамытушы деңгей №1. Есепті өрнек құрып шығарыңдар. Бірінші сан екінші саннан а есе үлкен, ал екінші сан үшінші саннан b есе үлкен. Үш санның қосындысы 171-ге тең. Осы сандарды табыңдар. Мұндағы a = 2,4, b = 2,5.. №2. Егер m – жұп сан болса:
сандардың қайсысы тақ сан болады? Жауабы: 1) 108; 45; 18. 2) 1; 3. Шығармашылық деңгей №1. Өрнектердің мәндерін есептеп табыңдар: 1) (а + b)2; a2 + b2; a2 +2ab +b2 мұндағы a = 3, b = -7. 2) (а - b)2; a2 - b2; a2 -2ab +b2 мұндағы a = 2, b = -5. Мәндері тең өрнектерді теңдік белгісімен жазыңдар. №2. Қабырғасы а см квадрат пішінді қалың қағаздың бұрыштарынан қабырғасы b см квадраттар қиылып алынып, одан қорапша жасалған (суретте). Қорапша көлемін табыңдар. Мұндағы a = 24, b = 6. Жауабы: 1) (а + b)2= a2 +2ab +b2; (а - b)2=a2 -2ab +b2. 2) 864 см3. Мұғалім ұсынған дайын жауаптар арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі. Жеке жұмыс Берілген өрнектердің мәндерін есептеп, кестеге тиісті әріптерді сәйкестендіріп геометриялық фигураны табыңыз.
Жауабы: Параллелограмм | Қосымша 1 Слайд 5 - 6 Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Слайд 7
Қосымша 2 Слайд 8 Қосымша 3 Слайд 9 Қосымша 4 Слайд 10 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау:
Үйге тапсырма Жеке жұмыстағы «Параллелограмм» туралы оқып, сызбасын дәптерге орындау. Рефлексия | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Қосымша 5 Слайд 11 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген, жұптық жұмыс деңгейлік тапсырмалармен берілді. Оқушының ойлау қабілетін шыңдау барысында жеке жұмыс зерттеу тапсырмасы ретінде ұсынылады. | Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру. | Дұрыс отыруын қадағалау, жұмыстану кезінде емін еркін қозғалыста болу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру