Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
6.2.1.1
алгебралық өрнек ұғымын меңгеру;
6.2.1.2
айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін
алгебралық өрнектердің мәндерін есептеу;
Бағалау критерийлері:
- алгебралық өрнек ұғымын біледі;
- айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептейді.
Алдыңғы тарау бойынша қайталау сұрақтары:
Рационал сандар ұғымы, мысал келтіріңіз;
Рационал сандарды қосу, мысал келтіріңіз;
Рационал сандарды азайту, мысал келтіріңіз;
- Координаталық түзу туралы түсінік.
Мысалдар:
Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см болса, периметрін, ауданын табыңыз.
Егер текшенің өлшемдері а см, b см, с см болса, онда текшенің көлемін табыңыз.
Формулалар мен есептің шартына байланысты құрылған теңдеулерді жазуда айнымалысы бар өрнектер пайдаланылады.
Айнымалысы бар өрнектің жазылуында айнымалылармен қатар, сандар, жақшалар және арифметикалық амалдар таңбалары да болуы мүмкін.
Кейде бір айнымалының өзі де айнымалысы бар өрнек бола алады, мысалы, b – айнымалысы бар өрнек, х– айнымалысы бар өрнек.
Әріпті өрнектің сандық мәнін табу үшін:
Әріпті өрнектегі әріптерді олардың сан мәндерімен алмастыру қажет;
Теріс сандар жақша ішіне алынып жазылады;
Әріпті өрнектегі жақшалар есепке алынып (егер жақща болса), тиісті арифметикалық амалдар ретімен орындалады.
Мысалы: 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәнін табайық.
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру