Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 2

Жалпы сыныппен жұмыс

А деңгейі

№28. Мыс пен мырыштан даярланған құманың массасы 720 г. Құйманың құрамындағы мыстың массасының мырыштың массасына қатынасы 7:5 қатынасындай. Құйма құрамында неше грамм мыс, неше грамм мырыш бар?

№29. Қоспадағы алтын мен күмістің массаларының қатынас 5:3 қатынасындай.

  • 16 г қоспада қанша алтын бар?
  • 56 г қоспада қанша күміс бар?

№30. Ұзындығы 12 см-ге тең АВ кесіндісін С нүктесі ұзындықтарының қатынасы 3:1 қатынасындай АС және СВ кесінділеріне бөледі. АВ кесіндісі неше сантиметр? СВ кесіндісі неше сантиметр?

В деңгейі

№33. Тік төртбұрыштың периметрі 42 см. Оның ұзындығының еніне қатынасы 4:3 қатынасындай. Тік төртбұрыштың ауданын табыңдар.

А. 115 см2; В. 110 см2; С. 108 см2; Д. 120см2.

№34. Қантты су ерітіндісіндегі судың массасының қанттың массасына қатынасы 17:3 қатынасындай. Ондағы судың массасы қанттың массасынан 280 г артық. Қантты су ерітіндісінің массасы неше грамм?

С деңгейі

№40. Елдос төрт сан ойлады. Ол ойлаған сандардың қатынасы 2:3:5:8 қатынасындай. Бірінші сан мен үшінші санның қосындысы 84-ке тең. Елдос ойлаған сандарды табыңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу