Екі санның пайыздық қатынасы. Математика, 5 сынып, қосымша материал.


А

№1.Пайызы бойынша санды (100%) табыңдар:

1) 3% -і 12; 15; 21; 24;

 2) 10% -і 3,4; 8,5; 9,25; 25; 39;

 3) 60% -і 42; 72; 48; 78; 90;

№2. Бөлінгіш бөлгіштің қанша пайызын құрайды:

1) 1:2; 3)3:4; 5)2:5; 7)1:5;

2) 1:4; 4)6:5; 6)3:2; 8)8:5?

№3. 450 кг руда құрамында 67,5 кг мыс бар. Руда құрамында қанша пайыз мыс бар?

№4. Мектеп кітапханасында 2890 оқулық бар. Бұл кітапханадағы барлық кітаптардың 85%-ын құрайды. Мектеп кітапханасында барлығы неше кітап бар?

№5. Фермера 72 га жерге алма ағашын отырғызды. Бұл – оның жер көлемінің 40%-ын құрайды. Фермердің барлық жер көлемінің ауданы неше гектар?

№6. 700 г спирт ерітіндісі құрамында 119 г йод бар. Ерітінді концентрациясы неше пайызды құрайды?

Ерітінді концентрация =

№7. Турист екінші күні 102 км жол жүрді, бұл бірінші күнгі жүрген жолының 85 % -ын құрайды. Турист бірінші күні қанша жол жүрді?

№8. Диірменде 1 т 800 кг бидайдан 1 т 458 кг ұн алынады.Ұн бидайдың қанша пайызын құрайды?

№9. Жылдық үстеме ақысы 5% болатын банктен 1 жылдан соң 75600 тг алу үшін қанша ақша салу керек?

№10. Мұздатқыштың бағасы 10%-ке арзандатылғаннан кейін 34200 тг тұратын болды. Мұздатқыштың арзандатылғанға дейінгі бағасы неше теңге болды?

№11. 50 кг қара өрікті кептіргеннен кейін, 18 кг кептірілген қара өрік алынды. Кепітірілген қара өрік кептірілмеген қара өріктің қанша пайызын құрайды.

В

№1. Пайызы бойынша санды табыңдар:

1) 15% - ы 9-ға; 4) 20% -ы 8,2;-ге

2) 40% -ы 15,6-ға; 5) 65% -ы 5,2-ке;

3) 120-ы 78 - ке 6) 85%-ы 25,5-ке

№2.

1) 5 кг 100 кг-ның; 4) 2,8 км 7 км-дің;

2) 6 т 30 т-ның; 5) 1,2 м 6 м-дің;

3) 4,5 г 30 г-ның; 6) 9,6 м 24 м-дің қанша пайызын құрайды?

№3. Қуыршақтың бағасы 15% -ға арзандатылғаннан 340 тг тұратын болды. Арзандатылғанға дейін қуыршақтың бағасы неше теңге болды? Сатып алушы қуыршақты арзандатылған бағамен сатып алса, қанша ақшасын үнемдейді?

№4. Сатушы сатып алған көкеністі 14758 тг сатып, 6% зиян шекті. Ол көкеністі неше теңгеге сатып алған?

№5. Концентрациясы 12 % ерітіндіде 48 г тұз бар. Ерітіндідегі су массасы қанша?

№6. А және В заводтарында шаңсорғыш дайындайды. Тексеру барысында А заводындағы 450 шаңсорғыштың 18-і, ал В заводындағы 650 шаңсорғыштың 13-і жарамсыз екендігі анықталды. Қай заводта өнімнің сапасы жоғары? Қанша пайызға жоғары?

№7. Токарь аптасына 300 деталь дайындауды жоспарлады, бірақ ол жоспарлағаннан 60 детальды артық дайындады. Токарь жоспарын неше пайызға артық орындады.

№8. Клиент банкке сақтау үшін 95000 тг салып, бір жылдан соң 104500 тг алды. Банктың жылдық үстеме ақысының пайызын табыңыз?

№9. Тіктөртбұрыштың ені 6 см, бұл оның ұзындығының 80 %-ын құрайды. Оның ауданын табыңдар.

С

№1. Қорытпаның 80% - ы алюминий, қалғаны мыс. Қорытпадағы алюминий мыстан 300г артық. Қорытпаның массасы қандай?

№2. Қазан айында қызанақтың бағасы тамыз айындағыға қарағанда 25%-ға артты, ал қараша айында осы жаңа баға тағы да 40% -ға арттып, 140 теңге тұратын болды. Қызанақтың тамыз айындағы бағасы неше теңге?

№3. Концентрациясы 30 % 200 г қант ерітіндісіне 100 г таза су құйды. Соңғы ерітіндідегі қант концентрациясы қанша?

№4. Концентрациясы 15% болатын 600 г тұзды су ерітіндісіне концентрациясы 50 % болатын 240 г тұзды су ерітіндісін қосты. Қоспадағы тұздың пайызы қанша?

Есепті шығарып келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Бірінші ерітіндіде тұз қанша грамм?

2) Екінші ерітіндіде тұз қанша грамм?

3) Екі ерітіндіде де тұз қанша грамм?

4) Екі ерітіндіден дайындалған қоспаның массасы қанша?

5) Қоспаның қанша пайызы тұз?

№5. Алғашқыда костюм бағасы 5%-ке қымбаттап, кейін 20%-ке арзандатылды. Осыдан кейін оның бағасы 8400 тг болды.Костюмның алғашқы бағасы қанша теңге?

№6. Елді мекеннен станцияға дейінгі арақашықтықты мотоциклші 3 сағ жүріп өтеді. Егер елді мекеннен мотоциклші шығып және оған қарсы бағытта онымен біруақытта станциядан велосипедші шығатын болса, онда олар 2 сағаттан кейін кездеседі. Осы арақашыұтыұты велосипедші неше сағатта жүріп өтеді?

Алдамұратова «математика» 5сынып



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу