Жаңа сабақты түсіндіру. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


«Келісемін» _________ «Математика» ӘБжетекшісі: Ахмедиева Г.Б.

Сабақ №:

Мектеп: НЗМ ФМН Тараз

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Күні: Мұғалім: Богучарская И. Г.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В бөлім: Натурал сандардың бөлінгіштігі

Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.5 Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын білу;

Сабақтың мақсаттары:

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын тұжырымдайды, беріліп отырған екі түсінікті ажырата алады және де натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін таба алады.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар мақсатқа жетеді, егер

  • Натурал сандардың бөлгіштерінің анықтамаларын тұжырымдай алады;
  • Натурал сандардың еселіктерінің анықтамаларын тұжырымдай алады ;
  • Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің негізгі айырмашылықтарын тұжырымдайды ;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар :

- Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын тұжырымдайды ,

- Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табу алгоритмін түсіндіреді,

Пәндік лексика және терминология

- натурал сан;

- санның бөлгіштері ;

- санның еселіктері;

-бөлінеді.

Хаттама немесе диалог үшін пайдалы фразалар

- Натурал сандардың бөлгіштері:.... мына сандар болып табылады;

- Натурал сандардың еселіктері :...мына сандар болып табылады;

Құндылықтарды дарыту

Өзара сенімділік әрі сыйластық қарам-қатынасты қолдау және тұжырымдау.Тындырымды да ұқыпты тұлға қалыптастыру,

Оқушы бойында коммуникативті дағдыны қалыптастыру;

Пәнаралық байланыс

АКТ қолданудағдылары

Сабақта PowerPoint презентациясы және видео – ресурстар қолданылады.

Бастапқы білім

Натурал сандардың бөлінуі мен көбейтілуін, жұп және тақ сандардың анықтамалары.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастырукезеңі

(1 мин)

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың дайындығын тексеру

Сабақ мақсатын қою.

(3 мин)

«Тақырып- сұрақ» әдісі.

Жаппай әңгімелесу.

Слайд 1. Мұғалім сабақ тақырыбының әр сөзіне сұрақ қояды:

  • Қандай сандармен жұмыс жасаймыз? (Біз натурал сандармен жұмыс жасаймыз)
  • Ол қандай сандар? (Заттарды санауда қолданатын сандар: 1,2,3,4,5,6, …, 10, 11, …, 100, 101,…натурал сандар деп аталады)
  • Бөлгіштері дегеніміз не? (Оқушылар анықтамасын тұжырымдап, мысалдар келтіреді: 6:2=3, 2)
  • Еселі дегеніміз не ? (Оқушылар бұл түсінікпен таныс еместігін айтады)

Оқушылар сабақтың мақсатын құрайды.

Мұғалім жауаптың дұрыстығын айтып, сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерімен танысуды ұсынады. . Слайд 2.

Презентация

Слайд 1,2.

Бастапқы білімді жетілдіру

(5 мин)

Мұғалім ауыз екі сөйлесуді жетілдіру мақсатында «Шыршаны безендір»

ойынын ойнатады.

Оқушылар 2-ге бөлінетін сандарды тауып, сол карточкаларды көтереді. Жауаптың дұрыстығын анимациялық презентация арқылы тексереміз ( жауап дұрыс болса шар немесе жұлдыздар шыршаға ілінеді, дұрыс емес жауап берілсе, онда жыпылықтайды).

Мұғалім нақтылау сұрақтарын қояды :

  • Бөлу кезіндегі сандар қалай аталады?

а : b = с (Жауабы: а — бөлінгіш, b — бөлгіш, с — бөліндінің мәні)

  • Бөлінгішті қалай табамыз?

Бөлінгішті табу үшін бөлгіш пен бөліндінің мәнін көбейтеміз.

  • Бөлгішті қалай табамыз?

Бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлеміз.

Презентация

Слайд 3.

Ресурс 1.

Жаңа білімді меңгеру

(15мин)

«Мәтінге дейін сұрақ» әдісі.

Оқушыларға видео көріліп болған соң жауап берулері тиіс сұрақтар тізімі беріледі. Оқушылар видеоға дейін сұрақтармен танысады. Видео көру барысында оқушылар оқушы парағындағы бос орындарды толтырады.

Сұрақтар тізіміне жауап берулері үшін жеткілікті уақыт беріледі.

  • Натурал сандардың бөлгіштері деп қандай санды айтамыз?
  • Натурал сандардың бөлгіштеріне мысал келтіріңіз.
  • «Бөлінді» мен «бөлінгіш» сөзінің айырмашылығы неде?
  • Натурал сандардың бөлгіштерін қалай табамыз ? 12 саны арқылы түсіндіріңіз.
  • Қай натурал сан берілген натурал санға еселі?
  • 2 санына еселі және еселі емес сан.
  • Кез келген натурал санның неше бөлгіші болады?
  • Кез келген натурал санның неше еселігі болады?
  • Берілген санның ең үлкен және ең кіші бөлгіші?
  • Берілген санның ең үлкен және ең кіші еселігі?

Топтық жұмыс.

Топтаса отырып, оқушылар жауаптарды талқылайды. Жауап парағының толтырылған жерін салыстырады. Топтар кезектесіп сұрақтарға жауап береді. «Сұрақтар қоржыны» ойыны ұйымдастырылады. Оқушылар топта кездейсоқ алынған сұраққа жауап береді. Қалған оқушылар мұқият тыңдап, қажет болған сұрақтарға қосымша жауап бере алады.Оқушылар өздерінің жауаптарын презентациядан жазып алады.

Жаппай әңгімелесу:

  • Бүгін өтілген екі ұғым несімен ұқсас?

(Екі жағдайда да біз бөлу амалын қалдықсыз орындаймыз. Екі жағдайда да натурал сандарды қарастырдық. ...)

  • Бүгін өтілген екі ұғымның айырмашылығы неде?

(Бөлгіш деп, бөлінді қалдықсыз бөлінетін сан, ал еселік дегеніміз берілген санға қалдықсыз бөлінетін сан).

Тарихи мәлімет.

  • «Еселік » сөзін біз тағы қай жерде естідік?

Бұл сөз орыстың ескіше «қысқа»сөзінен шыққан.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсатты дамыту барысында натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын дұрыс айтуын тексереді (анықтама дұрыс айтылмаған жағдайда қатесін оқушылар немесе мұғалім жөндеуіне болады). Оқушылар жауаптарын анықтама арқылы дәлелдейді.

Оқушының жұмыс парағы.

Презентация слайд 4.

Видео ресурс: https://www.youtube.com/watch?v=2svM6U0l7uU

немесе

https://www.youtube.com/watch?v=pMSuh3j4rlA

Презентация слайд 5.

Физминутка

(2 мин)

20- ға дейін санаймыз. Егер де 3-ке еселі санның орнына шапалақ ұрамыз, егер ол сан жұп болса қолымызды жоғары, ал тақ болса қолымызды жаямыз.

Өтілген тақырыпты бекіту.

(15 мин)

«Дұрыс па жұптық жұмысы.

Оқушылар жұптасып 2- 5-ке дейінгі тапсырмаларды орындайды.

Бірінші жұмысты оқушылар орнында отырып орындайды.

Тексеру 1) 6-шы слайд көмегімен жүзеге асады.

1) Дұрыс жауапты белгілеп, сәйкес әріптерден математикалық термин құраңыз.

Р-8 саны 68-тің бөлгіші

А-15саны 3-тің бөлгіші

К-24 саны 72-нің бөлгіші

У-1 саны а- ның бөлгіші

Н-70 саны 5-тің еселігі

Т-4 саны 12-нің бөлгіші

С-56 саны 7-нің еселігі

О-х саны х-тің еселігі

Жауабы: конус.

Оқушылар өз жауаптарын анықтамаға сүйене отырып дәләлдеп, қателерін түзейді

Қалған тапсырмаларды оқушылар жұптаса отырып, орындарында шығарады. Содан соң тақта бетіне түсіреді (егер оқушыларға тақта жетіспесе, А3 – А4 парағына немесе флипчартта орындайды). 2-5 тапсырмаларын мұғалім «Маркер» көмегімен тексереді. Жұптар жауаптарымен бөлісіп, бірін бірі бағалайды, қатесін жөндемей, тек өзінің көзқарасын жазады.

2) Бала 15 бірдей шоколад сатып алды. Сатушы барлығының құны 348 теңге деді. Сатушы дұрыс санады ма?

Жауабы: жоқ. Себебі, 348 саны 15 санының еселігі емес 348 :15 = 23(қалдық 3)

3) Әр қорапта 6 қасық бар. ашылған қораптарда артық қасық қалмайтындай етіп: а) 42 қасық; б) 49 қасық алуға болады ма?

Жауабы: а) ия, себебі 42 саны 6 санының еселігі, 42:6=7

б)жоқ, себебі 49 саны 6 санына еселі емес, 49:6=8 (қалдық 1).

4) Алматы қаласында 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтетін студенттік- жастардың спорттық жарыстары, яғни 28-ші қыстық Универсиада өтеді. Осыған орай 14 үй, яғни 1748 пәтерден құралған Универсиада ауылы соғылды . Үйлердің құрылысы бірдей ме??

Жауабы: жоқ, 1748 саны 14 санына еселі емес, үйлердегі пәтерлер саны әртүрлі, демек үйлердің құрылысы бірлей емес..

5) Мына сандардың барлық бөлгіштерін табыңыз: а) 18; б) 19; в) 25.

6) Мына сандарға а) 8; б) 12 алғашқы еселі 3 санды жазып көрсетііңіз.

Презентация слайды 6.

Оқушының жұмыс парағы

Қорытындылау бөлімі. . Рефлексия.

4 минуты

Мұғалім оқу мақсаты мен жетістік критерийлеріне қайта оралады..

  • Сабақтың мақсаты қандай?
  • Біз мақсатымызға жеттік пе? (Оқушыларға рефлексия парағы таратылады)
  • Қандай сан натурал санның бөлгіші деп аталады?
  • Қандай сан натурал санның еселігі деп аталады ?
  • Санның бөлгіші сол санның өзінен кіші бола алады ма?
  • Санның еселігі сол санның өзінен кіші бола алады ма?
  • Сан өзіне өзі еселі сан бола алады ма?
  • Кезкелген бір санның неше еселігі болады?
  • Кезкелген санның неше бөлгіші болады?
  • Қай сан барлық санның бөлгіші болып саналады?

Үй жұмысы.

Мұғалім үй жұмысын қалай орындайтынына нұсқау береді.

Ресурс 2.

Оқушының жұмыс парағы.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы қалай күрделендіруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Сабақ барысында өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Қосмша тапсырма қажет ететін үлгерімі жоғары оқушыға қосымша есептер беріледі

Қалыптастырушы бағалау жұптық жұмыстағы есептерді шығарудағы белсенділіктерін бақылау арқылы жүргізіледі.

Бірін-бірі бағлау. Өзін-өзі бағалау.

Физкультминуткалар немесе көз жаттығуы.

Белсенді қызмет түрлері

ҚТ бойынша нұсқаулық

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ресурс 1.

Ресурс 2.

Аты-жөні

Білемін. Қолдана аламын

Сыныптастарыма түсіндіре аламын

Білмеймін, бірақ қолдана аламын

Білмеймін. Түсінбеймін

Натурал санның бөлінгіштерінің анықтамасы

Натурал сандардың еселіктерінің анықтамасы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу