Жаңа сабақты түсіндіру. Математика, 5 сынып, дидактикалық материал.


Оқушының жұмыс парағы. Натурал сандардың бөлінгіштігі. 1сабақ.

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: 5.1.1.5 Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын білу;

Жетістік критерийлері:

  • Натурал сандардың бөлгіштерінің анықтамаларын тұжырымдай алады;
  • Натурал сандардың еселіктерінің анықтамаларын тұжырымдай алады ;
  • Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің негізгі айырмашылықтарын тұжырымдайды ;

Тақырыптық сұрақтар:

  • Натурал сандардың бөлгіштері деп қандай санды айтамыз?
  • Натурал сандардың бөлгіштеріне мысал келтіріңіз.
  • Бөлгіш пен бөлінді сөздерінің айырмашылықтары қандай?
  • Натурал сандардың бөлгіштерін қалай табамыз ? 12 саны арқылы түсіндіріңіз.
  • Қай натурал сан берілген натурал санға еселі?
  • 2 санына еселі және еселі емес сан.
  • Кезкелген натурал санның неше бөлгіші болады?
  • Кезкелген натурал санның неше еселігі болады?
  • Берілген санның ең үлкен және ең кіші бөлгіші?
  • Берілген санның ең үлкен және ең кіші еселігі?

Натурал сандардың бөлгіштері

a: b = c, мұндағы a – бөлінгіш, b – бөлгіш, c – бөліндінің мәні.

Анықтама. b саны а санының бөлгіші деп аталады, егер b саны а санына қалдықсыз _________

Мысалы:_____________________________

12 санының бөлгіштері:_____________

5 санының бөлгіштері:______________

Кезкелген натурал санның _____________ бөлгіші болады

Берілген санның ең үлкен бөлгіші ______________

Берілген санның ең кіші бөлгіші ______________________

Натурал сандардың еселігі

a: b = c, мұндағы a – сан, b- санның еселігі, a = b∙ c

Анықтама. a саны b санының еселігі деп аталады, егерде a саны b санына қалдықсыз __________

Мысалы:_____________________________

2 санына еселі сандар:_______________

2 санына еселі емес сандар:___________

5 санына еселі сандар:_______________

Кезкелген натурал санның ____________________ еселігі болады

Берілген санның ең үлкен еселігі ______________

Берілген санның ең кіші еселігі ____________________

Сынып жұмысы:

1) Дұрыс жауапты белгілеп, сәйкес әріптерден математикалық термин құраңыз.2) Бала 15 бірдей шоколад сатып алды. Сатушы барлығының құны 348 теңге деді. Сатушы дұрыс санады ма?

3) Әр қорапта 6 қасық бар. ашылған қораптарда артық қасық қалмайтындай етіп: а) 42 қасық; б) 49 қасық алуға болады ма?

Жауабы: а) ия, себебі 42 саны 6 санының еселігі, 42:6=7

б)жоқ, себебі 49 саны 6 санына еселі емес, 49:6=8 (қалдық 1).

4) Алматы қаласында 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өтетін студенттік- жастардың спорттық жарыстары, яғни 28-ші қыстық Универсиада өтеді. Осыған орай 14 үй, яғни 1748 пәтерден құралған Универсиада ауылы соғылды . Үйлердің құрылысы бірдей ме??

5) Мына сандардың барлық бөлгіштерін табыңыз: а) 18; б) 19; в) 25.

6) Мына сандарға а) 8; б) 12 алғашқы еселі 3 санды жазып көрсетііңіз

Үй жұмысы:

1. Дұрыс па?

а) 5 саны 45 санының бөлгіші ме?

б) 16 саны 8 санының бөлгіші ме?

в) 17 саны 152 санының бөлгіші ме?

г) 27 саны 3 санына еселі ме?

д) 6 саны 12 санына еселі ме?

е) 156 саны13 санына еселі ме?

2. Спорттық іс-шараға 90 оқушы қатысты. Олар 1) бірдей екі сапқа 2) бірдей 5 сапқа 3) бірдей 11 сапқа 4) Колонаға бір қатарға алты адам тұра алды ма?

3.12 және 13 сандарының барлық бөлгіштерін табыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу