Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

5.1В бөлім: Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.12 екі және одан артық сандардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табу;

5.1.1.8 өзара жай сандардың анықтамасын білу.

Сабақтың түрі

Білімді бекіту

Сабақ мақсаттары

ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыбына байланысты есептер шығарады және өзара жай сандарды анықтай алады.

Бағалау критерийлері

-Натурал санды көбейткіштерге жіктей алады;

-ЕҮОБ табу алгоритмін біледі;

-ЕКОЕ табу алгоритмін біледі;

-Өзара жай сандарды анықтай алады;

-Есептеулерді дұрыс орындайды;

-Есептеу барысында заңдылықтарды анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің, жай және құрама санның, өзара жай сандардың, сандардың ЕКОЕ мен ЕҮОБ-нің анықтамаларын тұжырымдайды;

- бөлінгіштік белгілерін тұжырымдайды;

- бөлінгіштік белгілерін қолданып, құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу алгоритмін талдайды;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- санның бөлгіші;

- санның еселігі;

- жай сандар;

- өзара жай сандар;

- бірнеше санның ортақ бөлгіші;

- бірнеше санның ортақ еселігі;

- ең кіші ортақ еселік; (ЕКОЕ)

- ең үлкен ортақ бөлгіш; (ЕҮОБ)

- жай көбейткіштерге жіктеу;

- бөлінгіштік белгілері.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- натурал ... санының бөлгіші ... ;

- натурал ... санының еселіктері ... сандары болады;

- ... болғандықтан, натурал ... саны жай сан болады

- кез келген натурал санның шексіз көп еселіктері болады;

-кез келген құрама санды бір санынан басқа екі көбейткішке жіктеуге болады;

- егер сан ... цифрымен аяқталса, онда ол ... бөлінеді;

- егер натурал санның цифрларының қосындысы ... бөлінсе, онда сан ...бөлінеді;

- кез келген натурал санның шексіз көп еселігі болады;

- егер сан ...цифрына аяқталса, онда ол ... бөлінеді;

- кез келген құрама санды ... жіктеуге болады;

- өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі ... тең;

- өзара жай сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші ... тең.

Құндылықтарды дарыту

Өтілген тақырыпты қайталау және бекіту тапсырмаларын орындау арқылы еңбек және шығармашылық құндылықтарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Алгебра пәнімен алгебралық өрнектерді ықшамдауда орындайды.

АКТ қолдану дағдылары

Power Point бағдарламасында жұмыс тиімділігін қалыптастыру

Бастапқы білім

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар. Натурал сан дәрежесінің анықтамасы. Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

1) оқушылардың зейінін шоғырландыру, түгелдеу

2) Оқушыларға бағыттау парағын беру, сабақ жоспарымен таныстыру

2. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқаулық беру

3. Сабақ мақсатын қою (3 минут)

1) Оқушылармен бірге сабақ мақсатын қою.

2) оқу мақсатына жету критерийін құрастыру

Слайд 1-2

Білімді өзекті ету

10 минут

Бастапқы білімді еске түсіру. (Жалпы сыныптық жұмыс)

(5 минут)

Бос орынды толтырыңыз.

Берілген натурал сандардың ең ______(үлкен) ортақ ______(бөлгіші) деп сол сандардың әрқайсысы ___________(бөлінетін) ең _______(үлкен) натурал санды айтады.

Берілген натурал сандардың әрқайсысына ________(еселік) болатын ең ________(кіші) натурал санды сол сандардың ең ________(кіші) ортақ __________(еселігі) деп атайды.

________(1-ге) тең бір ғана ортақ __________(бөлгіші) бар натурал сандар _____________________(өзара жай сандар ) деп аталады.

__________________________(Өзара жай сандардың) ең кіші ортақ еселігі осы сандардың ________________(көбейтіндісіне) тең.

Мысал: (үлгіні талқылау)(5 минут)

Тіркемесі бар машинамен бірнеше рет қатынап, бірінші күні 35 т, екінші күні 21 т, үшінші күні 14 т тас көмір әкелінді. Тіркемесі бар машинаға әрбір ретте тиелген тас көмірдің массалары бірдей. Машина бір рет қатынағанда неше тонна неше тонна тас көмір алып келеді?

Слайд 3

Слайд 4-5

Білімді бекіту

20 минут

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 1. (В-деңгей)

  • 69 саны ең кіші еселігі болатын өзара жай сандарды жазыңыз;
  • 85 саны ең кіші еселігі болатын өзара жай сандарды жазыңыз.

Тапсырма 2. (В-деңгей)

Азайғыш пен азайтқыштың коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгішін жақша сыртына шығарып жазыңыз:

  • 42x – 30y;
  • 56x – 24y;
  • 60m – 36n;
  • 75m – 15n;
  • 95a – 35b;
  • 88a – 55b.

Тапсырма 3. (С-деңгей)

Кестені толтырыңыз:

Сандар

a

a × b

b

ЕҮОБ(a,b)

ЕКОЕ(a,b)

ЕҮОБ(a,b) × ЕКОЕ(a,b)

6

8

48

2

24

48

9

12

108

3

36

108

15

18

270

3

90

270

24

60

1440

12

120

1440

Тұжырымдаманы толықтырып жазыңыз.

Кез келген а және b натурал сандары үшін олардың ________________ ЕҮОБ(a,b) мен _____________ ЕКОЕ(a,b) көбейтіндісі, сол сандардың __________________ ( a × b) тең.

Оқушылар әр тапсырманы дұрыс жауап үлгісімен өзара тексеру жұмысын орындайды

Оқушылар 1 және 2 тапсырманы дұрыс орындағаны үшін төмендегі критерийлер бойынша бағаланады.

Бағалау критерийлері:

-екі немесе одан да көп сандардың ең кіші ортақ еселігін дұрыс табады;

-қосылғыштың коэффициентін жақша сыртына шығаруда ең үлкен ортақ бөлгішті дұрыс анықтайды.

Математика 5 сынып Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов 2015 жыл (оқулық)

Қосымша

Физминутка

https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың мақсатын еске түсіру.

-бүгінгі оқу мақсаты қандай еді?

-біз оқу мақсатына жете алдық па?

Рефлексия.

  • нені білдім,
  • неге үйрендім
  • не түсініксіз болды
  • немен әлі жұмыс жасау қажет

Үй тапсырмасы.

Тапсырма 1. (А-деңгей)

ЕКОЕ (а, 13) = a болатын a-ның үш мәнін жазыңыз.

Тапсырма 2. (В-деңгей)

Мына сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін тиімді тәсілмен табыңыз:

  • 26, 65 және 130;
  • 48, 240 және 264;
  • 72, 432 және 762;
  • 163, 310 және 997.

Қосымша тапсырма.

Тапсырма 3. (С-деңгей)

77, 30, 52, 35, 21 сандарынан өзара жай сандардың төрт жұбын құрастырыңыз.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық жұмыс орындау барысында оқушылар өзі білетін тапсырманы келесі оқушымен талқылау барысында әр оқушының өз деңгейіне байланысты тапсырманы орындауы жүзеге асады және үй тапсырмасын орындауда сыныпта оқитын кейбір оқушыларға шығармашылық (қосымша тапсырма) берілу арқылы жүзеге асады.

Жұптық жұмыс барысында өзара тексеру барысында өзара бағалау жұмысы орындалады.

Сабақ арасында оқушыларға физминутка жаттығуларын жасатамын

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу