Уақытты анықтау есептерін оқып білу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 В бөлім: Уақытты анықтауға берілген есептер Мерзімі:17.04.18 Сынып: 4В | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Уақытты анықтау есептерін оқып білу | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.3.4 уақытты: секунд, мин, с, тәулік, жыл, ғасыр олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Есепті түрлендіру арқылы шығару | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Уақыт өлшем бірліктер арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіруді орындайды; Уақытты, өнімділікті, еңбекті анықтауға арналған есептерді талдайды. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Уақыт, минут, секунд, сағат, бастау, басы, соңы, аяқтау, ұзақтығы, жалпы жұмсалған уақыт, нақты уақыт терминдерін қолдану арқылы математикалық тілді дамыту. | ||||||||||||||||
Миссия. Пайымдау. Жаһандық азаматтық. | Қоршаған ортаны сақтауға, уақытты бос жібермеуге баулу. | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, төзімділік қасиеттерді сіңіреді. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер пәнімен байланыс жүзеге асады. | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Уақыт өлшем бірліктері туралы білімі бар. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 4 минут | (Ұ) Оқушылармен мектептің күн тәртібін талқылау. Бір күннің барысында оқушылар уақытты пайдаланудың қандай дағдыларын қолданатынын анықтау. Мысалы, сабақтың басталу және аяқталу уақытын анықтау, үзілістің ұзақтығы. Әр пән бойынша тапсырманы орындауға кеткен уақыт ұзақтығын анықтау үшін диаграмма құру.
| Бейнеролик, үлестірмелі карточкалар. | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 минут | (Ө,Қ) Оқушыларға уақытты анықтауға есеп ұсыну және олардан уақыт сызығын құрып жеке ламинатталған парақтарында көрсету. Қанша уақыт жұмсалғанын сұрау. Қажет болған жағдайда жұмсалған уақытты анықтауды қадамның көмегімен схемада көрсету. (1бөлік=1сағат, бөліктер арасының төрттен бір бөлігі 25 минут) . Оқушылардан нәтижені минуттармен және сағат пен минут түрінде көрсетуді сұрау. (Ұ,Қ.) Уақытты, өнімділікті, еңбекті анықтауға арналған есептерді талдау.
| Уақытпен байланысты есептер | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 1 минут | Рефлексия: Оқушылар берілген тапсырманы орындау деңгейлерін белгілеп көрсетеді. Үйге: Уақытты табуға арналған есептер. | ||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
А тобының оқушыларына кесте бойынша есеп құрастыру тапсырмасы беріледі. | Уақытты, өнімділікті, еңбекті анықтауға арналған есептерді талдау. | Есеп мазмұны бойынша қауіпсіздікті сақтау ережелері айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?