Уақытты анықтау есептерін оқып білу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Пән:математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 В бөлім: Уақытты анықтауға берілген есептер Күні:18.04.18 Сынып: 4В | Мектеп: Талдықорған қаласы физика- математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Уақытты анықтау есептерін оқып білу | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.3.4 уақытты: секунд, мин, с, тәулік, жыл, ғасыр олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру | ||
Сабақ мақсаттары | Уақыт қатынастарын анықтауға есептер орындау. | ||
Бағалау критерийлері | Уақыт өлшем бірліктері арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіруді орындайды. | ||
Тілдік мақсаттар | уақыт, минут, секунд, сағат, бастау, басы, соңы, аяқтау, ұзақтығы, жалпы жұмсалған уақыт, нақты уақыт терминдерін қолданып математикалық тілді дамыту. | ||
Миссия. Пайымдау. Жаһандық азаматтық. | Өмір бойы білім алуға дайын, зиялы, елі үшін жауапты тұлға тәрбиелеу. | ||
Құндылықтарды дарыту | Ұйымшылдық, жауапкершілік туралы түсініктері кеңейеді. | ||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер, тарих пәндерімен байланыс көрініс табады. | ||
Бастапқы білім | Уақыт өлшем бірліктерін еске түсіру. Уақыттың әртүрлі өлшем бірліктерін пайдаланып, уақытты анықтай білу. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 3 минут |
| ||
Сабақтың ортасы 35 минут | (Ұ) Ширату тапсырмаларын орындау. Сағатпен өрнектеу 360 мин, 2 тәулік, 1 тәулік 13 сағат, 7 200 секунд; Минутпен 2 сағат 45 минут, 6 сағат, 240 секунд, 2 минут 120 секунд; Секундпен 1 сағат; 3 минут 16 секунд, 5 минут, 1 сағат 15 секунд; Тәулікпен 48 сағат, 1 апта, 72 сағат, 1 жыл. 6 сағ.23 мин *3 – 2 сағ. 48 мин = (Ұ, Қ) Құрамдас есептер шығару. 1. Үш айдың алғашқы 14 күнінде зауыт 560 бірдей кір жуу машинасын дайындап шығарды. Кейінгі күндері әр күн сайын 5 машина артық шығарып отырды. Үш айдың алғашқы 20 күнінде зауыт қанша машина жасап шығарды? 2. Әкенің жұмысы 08.15-те басталады. Жұмысқа жету үшін 35 минут кетеді. Үйден шығуға болатын ең кеш уақыт қандай? 3. Фермер 100 картоп отырғызуы керек. Әр картопты отырғызуға 2 минут кетеді. Ол 08.30-да жұмысты бастайды. Ол жұмысын қашан бітіреді? 4. Арал теңізі суының көлемі жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында 1 064 км 3 құраса, ал 1995 жылы оның төрттен бір бөлігі ғана қалды.1995 жылы Арал теңізі суының көлемі қандай болды? (Т) «Уақыт сызығы» Қазақстан тақырыбында есептер құрастыру. 1-топ. Тарихи оқиғалар; 2-топ. Мерекелер; 3-топ. Қазақстан астаналары. (Ұ) Белгілі оқиға барысында қанша уақыт өткенін білу үшін тапсырма түрлерін талқылау. | ||
Сабақтың соңы 2 минут | |||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
А тобындағы оқушыларға Уақыт сызығына тарихи оқиғаларды орналастыру ұсынылады. | Құрамдас есептерді шығару дағдылары тексеріледі. | Компьютерде ақпарат алуда қауіпсіздік ережелері ескертіледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?