Уақытты анықтау есептерін оқып білу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән:математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 В бөлім: Уақытты анықтауға берілген есептер

Күні:

Сынып:

Мектеп: Талдықорған қаласы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Копжанова Айнагуль Бекболатовна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақытты анықтау есептерін оқып білу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.4 **уақытты: секунд, мин, сағат, тәулік, жыл, ғасыр олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру

Сабақ мақсаттары

уақыт өлшем бірліктер арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіруді орындау;

Бағалау критерийлері

  • уақыт өлшем бірліктер арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіруді орындайды;
  • Уақытты, өнімділікті, еңбекті анықтауға арналған есептерді талдайды;

Тілдік мақсаттар

уақыт, минут, секунд, сағат

бастау, басы, соңы, аяқтау

ұзақтығы, жалпы жұмсалған уақыт, нақты уақыт

Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлық, жауапкершілік, мейірімділік, төзімді,

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиет

Бастапқы білім

Уақыт өлшем бірліктерін еске түсіру. Уақыттың әртүрлі өлшем бірліктерін пайдаланып, уақытты анықтай білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында:

Күлше қыз ертегісі.(үзінді)«Стоп кадр» әдісі.

-Балалар, Сіздер сүйікті мультфильмдеріңізді таныдыңыздар ма?

- Қалай аталады?

- Күлше қыз ханзаданың сарайынан түнгі сағат он екіде шығып кету керек еді, бірақ сарйдағы сағаттар бір сағат артқа ауыстырлып қойылған еді. Карета сағат нешеде асқабаққа және Күлше қыздың сәнді киімі қарапайым киімге айналады?

Жауабы: сағат 23.00

  • Осы мультфильмдегі басты кейіпкері Күлше қызға қандай мінездеме берер едіңдер?

Болжамды жауап: еңбекқор, жауапкершілікті,мейірімді, төзімді, көркіне ақылы сай жағымды кейіпкер, өнерлі.

Бүгінгі сабақта қандай тақырыпта жұмыс жасаймыз деп ойлайсыздар?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Уақыт өлшем бірліктері.

Табыс критерийлері:

  • Уақыт өлшем бірліктер арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіруді орындайды;
  • Уақытты, өнімділікті, еңбекті анықтауға арналған есептерді талдайды;

Сабақтың ортасы

Ұжымдық жұмыс.

Ширату жаттығулары.

Уақыт аралықтарымен амалдарды орында:

3 сағ +27 мин +8 сағ 49 мин -5 сағ 47 мин

32 мин 27 с – 18 мин 38 с+6 мин 11 с

26 тәул.8 сағ – 11тәул.23 сағ +15 тәул.15 сағ

Саралау:

  • Барлығын дұрыс орындаған оқушылар;
  • 2 тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар;
  • 1 тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар;

Деңгейлік тапсырмалар:

1-тапсырма (жасыл түс)

Салыстыр

2-тапсырма(сары түс)

Бос орындарға тиісті сандарды қой:

40 сағ = ____тәул.____ сағ 1 ғасыр 40 жыл = ______ жыл

3 сағ 4 мин = ____ мин 1мин 30 с = _______с

5 сағ 20мин = ____мин 2 тәул. 5 сағ = ______сағ

3 сағ = _____мин 4 мин = ______ с

3-тапсырма (қызыл түс)

Минут, сағат, тәулік, ай , жыл (жас) , ғасыр сөздерін пайдалана отырып, төмендегі сөйлемдерді толықтыр:

Біз 21 ... өмір сүріп жатырмыз.

Әлия 9 ... толды.

Мамыр – көктем ...

Пойыз үш ... жүді.

Ұшақ 3 ... ұшты.

Сабақтың ұзақтығы – 45 ...

Топтықжұмыс

1-тапсырма

Күлше қыз 1 күнде 63 тоқаш пісіруі тиіс.2 сағат жұмыс істегеннен кейін оның пісіруге тиісті 45 тоқашы қалды.Егер 1 сағатта пісірілетін тоқаштар саны өзгермесе, ол қалған тоқаштарды неше сағатта пісіреді?63-45=18

18:2 =9

45:9=5 сағ

2-тапсырма

Күлше қыз 100 картоп отырғызуы керек. Әр картопты отырғызуға 2 минут кетеді. Ол 08.30-да жұмысты бастайды. Ол жұмысын қашан бітіреді?11.50

3-тапсырма

Күлше қыз бен ханзада бір-біріне қарама-қарсы сағат 16.00–де шығып, сағат 19. 00. да кездессе, онда олардың әрқайсысы кездескенше жолда қанша уақыт болды?

Жұптық жұмыс.

Жұптық жұмыс

Мына уақыттарды көрсететін сағат тілдерінің суретін сал:

14 сағ 30 мин; 2 сағ 40мин;15 сағ 14 мин; 21сағ 50мин ;

Қалыптастырушы бағалау.

Егер ақпанда 29 тәулік болса, онда бір жылда _____ тәулік бар.

2000 жылдың 1 қаңтары – бұл _______ ғасыр.

Тәуліктің үштен бір бөлігі _______ сағатқа тең.

Егер бамбук тәулігіне 38 см 4 мм – ге өсетін болса, онда ол 4 сағатта _______ мм –ге өседі.

(Ұ) Белгілі оқиға барысында қанша уақыт өткенін білу үшін тапсырма түрлерін талқылаңыз. Бұл уақытты анықтауға берілген есеп ретінде қарастырылуы мүмкін.

(Ө,Қ) Оқушыларға уақытты анықтауға есеп ұсыныңыз және олардан уақыт сызығын құрып жеке ламинатталған парақтарында көрсетулерін сұраңыз. Қанша уақыт жұмсалғанын сұраңыз. Қажет болған жағдайда жұмсалған уақытты анықтауды қадамның көмегімен схемада көрсетіңіз. (1бөлік=1сағат, бөліктер арасының төрттен бір бөлігі 25 минут) . Оқушылардан нәтижені минуттармен және сағат пен минут түрінде көрсетуді сұраңыз

(Ө,Қ) Оқушыларға оқып білу үшін осы үлгіде бірнеше есептер беріңіз

(Ө,Қ) Оқушылардан «Мамадық әлемі» тақырыбы контексінде осы үлгідегі есептер құрастыруды сұраңыз.

(Ұ) Басқа түрлі есептер беріңіз. Уақытты, өнімділікті, еңбекті анықтауға арналған есептерді талдаңыздар. Осындай есептерді талдаңыздар..

(Ө,Қ) Оқушыларға оқып білу үшін тағы осындай есептер беріңіз

(Ө,Қ) Оқушылардан «Мамандық әлемі» тақырыбы контексінде осындай есептер құрастыруларын сұраңыз

(Ұ) Келесі тапсырма түрі белгілі уақыттағы жұмысты анықтауға байланысты болады. Оқушыларға есептер ұсыныңыз және оларды схеманың және есептеудің көмегімен қалай шығаруға болатынын талқылаңыздар. Оқушылар өз схемаларын және есептеулерін жеке ламинатталған парақтарында көрсетеді.

(Ө) Оқушылардан жауаптарында уақыт бірліктерін дұрыс қолданып және сұрақтарға

жауап табуларын сұраңыз.

(Ө,Қ) Оқушыларға оқып білу үшін ұқсас есептер беріңіз.

(Ө,Қ) Оқушылардан «Мамандық әлемі» тақырыбы контексі бойынша ұқсас есептер құастыруды сұраңыз.

(Қ) Құрастырылған есептердің бірнеше амалдарын талқылаңыздар. Түсініп және есептер шығару үшін модельдер (схема, кесте, сурет т.с.) құру қажеттігін түсіндіріңіз.

Сабақтың соңы

«

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу