Уақытты анықтау есептерін оқып білу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Пән: математика 4 В бөлім: Уақытты анықтауға берілген есептер Мерзімі: 16.04.18 Сынып: 4В | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Уақытты анықтау есептерін оқып білу | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.3.4 уақытты: секунд, мин, сағат, тәулік, жыл, ғасыр олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру | ||||
Сабақ мақсаттары | Уақыт өлшем бірліктерін еске түсіру. Уақыттың әртүрлі өлшем бірліктерін пайдаланып, уақытты анықтай білу. | ||||
Бағалау критерийлері | Уақыт өлшем бірліктер арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіруді орындайды. | ||||
Тілдік мақсаттар | уақыт, минут, секунд, сағат, бастау, басы, соңы, аяқтау ұзақтығы, жалпы жұмсалған уақыт, нақты уақыт терминдерін қолдану арқылы математикалық тілді дамыту. | ||||
Миссия. Пайымдау. Жаһандық азаматтық. | Өз уақытын үнемдей алатын, зиялы, табысты тұлға тәрбиелеуге ықпал ету. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бойына өз уақытын үнемдеу, жауапкершілік, ұқыптылық қасиеттер дариды. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, тарих пәндерімен байланыс жүзеге асады. | ||||
Бастапқы білім | Уақыт өлшем бірліктерін пайдаланып есептер шығару дағдылары бар. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 3 минут | (Ұ) Күнделікті өмірде қолданатын уақыт өлшем бірліктерін қолдану (секунд және минут): апта күндері реті, бір жылдағы айлар және басқа уақыт аралықтары (кеше, бүгін, ертең және т.б) уақыт пен оқиғаны анықтауға арналған әңгіме жүргізу. | Сағат, презентация, үлестірмелі карточкалар. | |||
Сабақтың ортасы 35 минут | (Ұ) Жұмыс деген не екенін талдау, оқушылар танысатын жұмыс түрлері: ата-аналары немесе ағалары мен әпкелері орындайтын жұмыс; олар орындауы керек жұмыстар, сонымен қатар, мұғалімдер балаларды оқыта отырып жұмыс істейді. Оларға қанша уақыт жұмсалады? (Ө,Қ) Белгілі бір уақыт кезеңіндегі оқиғаларды көрсету тәсілі үшін уақыт сызығын сызу. Оқушылар өздеріне таныс оқиғаны белгілеулері керек. Ақпаратты көрсетуде әртүрлі модельдерді (график, кесте, схема) қолдануға болатынын қарастыру. Оқушылардан белгілі бір уақыт аралығында болған оқиғаны анықтау үшін жұппен жұмыс істеу, мысалы, футбол матчы, сүйікті теледидар бағдарламасы. Олар кез келген модельді пайдаланып, уақыт сызығы, график, кестеде негізгі кезеңдерін көрсетулері керек (мысалы, басы, ұзақтығы, соңы) Үлгі:
(Ө,Қ) Оқушылардың уақыт өлшем бірліктерін қайталағандарын және олардың оқиғаларды сипаттауда қолданғанын тексеру үшін есептер шығару. Ширату жаттығулары. Уақыт аралықтарымен амалдарды орында: 3 сағ +27 мин +8 сағ49 мин -5 сағ 47 мин 32 мин 27 с – 18 мин 38 с+6 мин 11 с 26 тәул.8 сағ – 11тәул.23 сағ +15 тәул.15 сағ Дифф. тапсырмалар. С тобы. Талғат театрдан үйге келгенде уақыт 15 сағат 5 минутты көрсетті. Театрдан үйге дейінгі жолға 25 минут кететін болса көрсетілім сағат нешеде аяқталған? «Берілген уақыттағы әрекет» тапсырмасының мысалы: В тобы. Бірінші фермер 1 сағатта трактормен 8км2 жер учаскесін өңдейді, ал екінші фермер 11км2 жер учаскесін өңдейді. Жарты сағатта әр фермер жер учаскесінің қандай ауданын өңдейді? Ноутбукты құрастыру үшін 12 минут кетеді. Жұмысшы 7 сағаттық жұмыс күні ішінде қанша ноутбук құрастырады? А тобы. Олжастың әкесі жұмысқа сағат 7-ден 40мин өткенде жаяу шықты. Оның есептеуі бойынша, егер ол 50м/мин жылдамдықпен жүрсе, жұмысқа сағат 8-ден 30мин өткенде жетеді. Үйден 1км 500м қашықтықта орналасқан газет киоскасының жанынан өтіп бара жатып, ол қызықты журналдарды байқады, Сөйтіп оларды сатып алуға 10мин уақыт жіберді. Жұмысқа кешікпей жету үшін енді ол қандай жылдамдықпен жүруі тиіс? | Уақыт сызығын қолданған қарапайым есептер http://nrich.maths.org/4807 | |||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. Оқушылар уақыт сызығына «Уақыт өлшем бірлігі» туралы білімінің қай деңгейде екенін көрсетеді. Осыған сәйкес келесі сабақта оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастырылады. | ||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Топ бойынша дифф. тапсырмалар беріледі. | Оқушылардың уақыт өлшем бірліктерін қайталағандарын және олардың оқиғаларды сипаттауда қолданғанын тексеру үшін әр топ бойынша есептер шығару. | Әр есепті талдау барысында қауіпсіздік ережелері айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?