Бөлу амалын тексеру. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: «Мәдени мұра»

2А Көбейту мен бөлу 1.2 Сандар мен амалдар орындау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Марал Ельтаевна

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Бөлу амалын тексеру

Оқу мақсаты:

4.1.2.12** нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану

Бағалау критерийлері

-көптаңбалы санды көптаңбалы санға бөлу амалын тексеруді үйренеді

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: бөлінді, бөлінгіш, көбейткіш, көбейтінді, кері амал

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

-Бөлу амалын тексеру үшін қандай әдісті таңдайсың?

- Қандай өзара кері амалдарды білесіңдер?

-Өзара кері амалдарды білудің және оларды қолданудың бізге қандай маңызы бар?

Жазу:

  • Бөлуге берілген өрнектерді жаз;
  • Мысалдар құрастырып жұбыңа тапсыр.

Құндылықтар

Отансүйгіштікке баулу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлу амалын орындау

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

(Ұ) Ынталандыру. «Фотокөрме»

Қазақстанның атақты жерлері мен ескерткіштерінің суреттерінен фотокөрме көрсету. Оқушылардың біздің еліміздің мәдени мұрасы туралы көзқарастарын кеңейту.

(Ж) Кіріспе тапсырма «Қалай тексереді?»

Оқушылар Шығыс Қазақстандағы атақты жердің немесе ескерткіштің атын оқу үшін көбейтудің мысалын таңдайды. Оқулықтағы суретпен жұмыс

Бір-біріне сұрақтар қояды:

-Көптаңбалы сандарды бөлу кезінде бөліндінің мәнін қалай табуға болады?

- Өз есептеулеріңнің дұрыстығын қалай тексеруге болады?

- Неліктен бөлу амалын көбейту амалы арқылы тексеру керек?

Осылай оқушылар кері көбейту амалы арқылы бөлу амалын тексеру дағдысын бекіте алады.

Мәлімет:

Шарын шатқалы өз атауын түбінде ағып жатқан Шарын өзеніне орай алған. Ол Алматыдан 200 километрде, Қытаймен шекараға жақын орналасқан. Бұл табиғаттың

ескерткіші 2004 жылы қабылданған Шарын ұлттық паркіне кіреді.

Тамғалы – Жетісудің ең ежелгі және аса жарқын ескерткіштерінің бірі, әлемдік ЮНЕСКО мұрасының нысаны болып келеді.

Жауабы:

1.Шарын шатқалы

2.Тамғалы ескерткіші

Бағалау «Бармақ арқылы»

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Бүгін сабақта біз көптаңбалы санды көптаңбалы санға бөлу амалын тексеруді үйренеміз.

(Ж) «Бағдардың картасын құр» тапсырмасы

Тарихи ескерткіштерден табиғи ескерткіштерге көшеді. Оқушылар республикамыздың аумағында орналасқан ерекше жерлер туралы әңгімелеседі, мысалы, Шарын шатқалы, Бурабай және Қорғалжын қорығы. Ары қарай оқушылар осы қорғалатын табиғи аймақтардың Астанадан қандай арақашықтықта орналасқанын анықтайды. Ол үшін оқушылар оқулықта берілген картаны қолдана алады. Есептеулерді қолдана отырып, оқушылар арақашықтықты километрді анықтайды.

Қосымша тапсырма: Ғаламтордағы мәліметтерді қолдана отырып, оқушылар өздерін қызықтыратын нысандарды таңдап, өздері тұратын жерден сол таңдаған жерге дейінгі арақашықтықты анықтайды. Оқушылар алынған сандық мәндер негізінде оқулықтағы тапсырмаға ұқсас өз тапсырмаларын құрады.

Жауабы: АB кесінді: Астана-Күршім, Шығыс Қазақстан облысы (Марқакөл қорығы), арақашықтық 1160 км-ге тең. AC кесінді: Астана-Бурабай, Солтүстік Қазақстан облысы, арақашықтық 258 км-ге тең. AD кесінді: Астана-Қорғалжын, Ақмола облысы (Қорғалжын қорығы), арақашықтық 129 км-ге тең. AE кесінді: Астана-Шарын, Алматы облысы (Шарын шатқалы), арақашықтық 1414 км-ге тең.

Бағалау. «Смайлик» әдісі

Аяқталған жұмысты оқушылар өзара тексеру жүргізеді. Смайликтің күліп тұрғаны-дұрыс, ренжіп тұрғаны-қате екенін көрсетеді.

(Ө)Дәптермен жұмыс

«Есепте және тексер».

Оқушылар әр өрнектегі бөліндінің мәнін тауып, өз амалдарын көбейту арқылы тексере алады.

Жауабы:

194 776 : 97 = 2008

1 071 068 : 17 = 63004

13716 : 27 = 508

3 780 210 : 42 = 90005

27336 : 408 = 67

70084 : 5006 = 14

Белсендіру

(Ө) «Шығарып көр» айдары

Өрнектердің мәнін табады. Кестені қолдана отырып, Қазақстанның ежелгі қалаларының аттарын құрады.

161 921 · 5

8 955 857 · 9

401 302 · 2

Тексеруді орында.

0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

А Ы Й Қ М Н Р Ш С У

Оқушылар есептеулер жүргізеді, бұл есептеулердің барысында олар бөліндінің мәнін анықтайды. Берілген мән қаланың атауына жеке код болып келеді. Әріптері бар кестені қолдана отырып, шифрланған қаланың атын құра алады.

Жауабы:

1) 809 605 Сауран;

2) 80 602713 Сарайшық;

3) 802 604 Сайрам.

Бағалау. «Жұлдызша» әдісі

Тапсырманы орындау жылдамдығына қарай жинаған жұлдызшаларын санау арқылы қорытындылауға болады.

) «Орындап көр» айдары

Оқушылар көптаңбалы сандарға бөлу тапсырмасына жұптасып мысалдар құрады және нәтижесін өзара жұптар арасында тексереді.

Бөліндінің мәні төмендегідей болатындай етіп, мысалдар құрастыр:

а) бір таңбалы санмен;

ә) екі таңбалы санмен;

б) үш таңбалы санмен;

в) төрт таңбалы санмен.

Тексеруді орында.

Бағалау. «Шапалақ»

Дұрыс орындаған оқушылардың жұмыстарына 3 шапалақ, қатесі бар жұмыстарға 1 шапалақ соғу.

(Т) «Ойлан» тапсырмасы

Бөлінгіште қандай сан болғанын анықта. Тексеруді орында. 1-топ: ****** : 363=1002

2-топ: ******: 223=704

3-топ: *******:473=6084

4-топ: *******:725=519

Бағалау. Бағдаршамның көздеріне сәйкес сигналды карталарды көрсетеді. Жасыл-сенемін, қызыл-сенбеймін.

Рефлексия

(Ж) «Ойлан, жұптас, талқыла!» әдісі

« Теңдеулерді ықшамда және шығар».

Тапсырманы орындау үшін, оқушылар теңдеулерді шығару мысалында өрнектерді жеңілдету әдістері бойынша білімдерін және көптаңбалы сандармен амалдарды орындау дағдыларын қолдана алады.

Жауабы: а) а = 335; ә) х = 19.

«Сұрақ-жауап» әдісі

-Қандай өзара кері амалдарды білесіңдер?

-Өзара кері амалдарды білудің және оларды қолданудың бізге қандай маңызы бар?

Интербелсенді тақта

Фотосуреттер

Слайд №3

Оқулық

Слайд № 4

Ғаламтор

Слайд № 5,6

Слайд № 7

Дәптер

Слайд №8

Слайд № 9

Дәптер

Слайд № 10

Слайд № 11

Жұлдызшалар

Слайд №12

Слайд № 13

Слайд №14

Бағдаршам түстері, сигналды карталар

Дәптер

Слайд №15

Үлестірме



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу