Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:
| |||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу. | |||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.2.30 Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу | |||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: - Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледі Оқушылардың көпшілігі: - Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады Кейбір оқушылар: Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді күрделі жағдайлар үшін дұрыс орындайды | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
|
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Лексика және терминология: Ондық бөлшек, натурал сан, бөлу Пайдалы сөз тіркестері: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін... Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлуді орындау үшін... | |||||||||||||||
Құндылықтыр | Сабақ барысында академиялық шыншылдық пен сыйласымдылыққа басты көңіл бөлініп, оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыруға, бағалауда сыни тұрғыдан қарауға бағытталады. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сурет, технология, зоология. | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | |||||||||||||||
Бастапқы білім | Ондық бөлшек. Ондық бөлшектің оқылуы мен жазылуы және оларға қосу, алу,көбейту амалдарын қолдану | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | І. Ұйымдастыру сәті. Үй тапсырмасын тексеру. (мұғалім үйге берілген есепті оқушыларға дәптерлерін ауыстыру арқылы тексереді ) Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабақ сонында оқушылар: - Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледі; - Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады |
| ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 12 минут 10 минут 10 минут 5 минут | ІІ. : №1 есеп: Үш қораптың әрқайсының салмағын табу керек, егер бірінші қораптың салмағы екінші қораптан 0,5 кг жеңіл, ал үшінші қораптың салмағы біріншіге қарағанда 0,4 кг жеңіл және олардың жалпы салмағы 4,3 кг. Шешуі: Екінші қораптың салмағын x –пен белгілесек, онда: I қорап - x - 0,5 II қорап - x III қорап – (x - 0,5) – 0,4 Төмендегідей теңдеу аламыз x - 0,5 + x + (x - 0,5) – 0,4 = 4,3 Жақшаны ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз 3x - 0,9 = 4,3 3x = 5,7 Жаңа материалды игеру Мәселе туындайды, 5,7-ні (ондық бөлшек) 3-ке (натурал сан) қалай бөлеміз. Сыныппен осы мәселені шешу үшін талқыға саламыз, бөлудің қандай әдістерін біледі және олардың қайсысын қолдануға болады. Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді, натурал сандарды бөлу сияқты бұрыштап бөлеміз. Ондық бөлшекті натурал санға бөлудін, натурал санды натурал санға бөлуден қандай айырмашылығы бар екендігін анықтап, бүкіл сыныппен ережені алуға тырысамыз және презентациядағы 5 слайдты көрсетіп ондағы ережемен салыстырамыз. 2-мысал. 2,45 : 7 = 0,35 Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін: 1) Бөлшекті үтіріне қарамай сол санға бөлеміз; 2) Бөліндіге үтірді бөлінгіштін бүтін бөлігі біткен кезде қоямыз. Егер бүтін бөлігі бөлгіштен кіші болса, онда бөлінді нөл бүтінмен басталады. x-тің мәнін табу үшін жоғарыдағы ережені қолданамыз яғни, x = 1,9 кг Әр қораптың салмағын табамыз I қорап – 1,9 - 0,5 = 1,4 кг II қорап – 1,9 кг III қорап – (1,9 - 0,5) – 0,4 = 1 кг Жауабы: I қорап – 1,4 кг; II қорап – 1,9 кг; III қорап – 1 кг Жаңа тақырыпты ашу: №2 есеп: Мысықтың салмағы 4 кг, ал оның жаңа туған баласы соқырдың салмағы 0,08 кг. Мысықтың салмағы өз баласының салмағынан қанша есе ауыр тартады? Ескерту: Мысықтың баласын жана туғанда соқыр деп, ал содан кейiн марғау деп те, мәулен деп те атайды. Шешуі: Мысықтың салмағы өз баласының салмағынан қанша есе ауыр тартатындығын табу үшін мысық салмағын (4 кг) соқыр салмағына бөлу керек (0,08 кг), яғни 4-тің 0,08-ге бөліндісін табу керек. Сыныппен осы мәселені шешу үшін талқыға саламыз. Санды ондық бөлшекке бөлудің, ондық бөлшекті натурал санға бөлуден қандай айырмашылығы бар екендігін анықтап, бүкіл сыныппен ережені алуға тырысамыз және презентациядағы 9 слайдты көрсетіп ондағы ережемен салыстырамыз. Санды ондық бөлшекке бөлу үшін: 1) бөлгіште үтірден кейін қанша цифр болса, сонша цифрға бөлінгіштегі және бөлгіштегі үтірді оңға жылжыту керек; 2) Осыдан кейін ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орындау керек. Есептің шешімін табу үшін жоғарыдағы ережені қолданамыз (4 санын 400 түрінде, ал 0,08 санын 8 түрінде жазамыз да бөлуді орындаймыз) Жауабы: мысық өз баласынан 50 есе ауыр. Жаңа материалды бекіту: Жұппен жұмыс. Қатар отырған екі оқушы біреуі тақпен берілген есептерді, ал екіншісі жұппен берілген есептерді шығарады. Болғаннан сон бір –бірін тексереді және келесі жұппен салыстырады. Слайд арқылы жауабы берілген сон барып бір-бірлерін бағалайды.(11-12 слайд) Қателік жіберген оқушылар слайдтағы мысалдарды жұппен талдайды және соған ұқсас есеп құрастырады және келесі жұппен тапсырма алмасады.(13-14 слайд) Қалыптастырушы бағалау: 1. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу кезінде бөліндіге үтірді қай кезде қоямыз? 2. Қай кезде бөлінді нөл бүтінмен басталады? 3. Бөлуді орындау үшін көп нүктенің орнына қандай санды қойамыз: 2,8:0,4= … :4= 4. 1,056: 0,16 мысалындағы бөлуді орындау үшін үтірді қай жаққа және неше орынға жылжыту керек? 5. Бөлуді орында: 0,3696: 0,084=
Жеке жұмыс: Қателік жібермеген оқушылар екі топқа бөлініп «Блицтурнир» №1048 есепті шығарады. Топ ішіндегі оқушылар есепті бөлісіп екі топ болып жарысқа түседі. Әр оқушы бір есептен алу керек. | Дорофеев, Петерсон «Математика 5 класс. Учебник. Часть 2 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Жаңа білімді жүйелеу. Үй тапсырмасын беру. Үйге тапсырма: № 1046 (Дорофеев, Петерсон «Математика 5 класс. Учебник. Часть 2» Рефлексия: 1. Мен сабақта ... жұмыс жасадым / Белсенді; енжарлықпен 2. Мен сабақтағы жұмысыма ... / Ризамын; риза емеспін 3. Сабақ маған ... болған сияқты / Қысқа; ұзақ 4. Сабақ бойы мен ... / Шаршаған жоқпын; шаршадым 5. Менің көңіл күйім ... / Өте жақсы болды; нашар болды 6. Бүгінгі сабақ маған ... /Түсінікті болды; түсініксіз болды / Керекті сабақ; керексіз сабақ / Қызықты; қызықсыз болды | |||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, саралау сабақтың жаңа материалды игеруде туындаған мәселені шешуде қолданылады. Сыныппен осы мәселені шешу үшін талқыға салынады | Қалыптастырушы бағалауда оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағаланады | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?