Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу. Математика, 5 сынып, презентация.


Ондық бөлшекті натурал санға бөлу Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу

Есеп 1

Үш қораптың әрқайсының салмағын табу керек, егер бірінші қораптың салмағы екінші қораптан 0,5 кг жеңіл, ал үшінші қораптың салмағы біріншіге қарағанда 0,4 кг жеңіл және олардың жалпы салмағы 4,3 кг.

Шешуі

Екінші қораптың салмағын x –пен белгілесек, онда:

I қорап - x - 0,5

II қорап - x

III қорап – (x - 0,5) – 0,4

Төмендегідей теңдеу аламыз

x - 0,5 + x + (x - 0,5) – 0,4 = 4,3

Жақшаны ашып, ұқсас қосылғыштарды біріктіреміз

3x - 0,9 = 4,3

3x = 5,7

Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді, натурал сандарды бөлу сияқты бұрыштап бөлеміз.

1-мысал.

17,4 : 3 = 5,8

2-мысал.

2,45 : 7 = 0,35

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін:

1) Бөлшекті үтіріне қарамай сол санға бөлеміз;

2) Бөліндіге үтірді бөлінгіштін бүтін бөлігі біткен кезде қоямыз.

Егер бүтін бөлігі бөлгіштен кіші болса, онда бөлінді нөл бүтінмен басталады.

2 < 7

Шешуі

x-тің мәнін табу үшін жоғарыдағы ережені қолданамыз

яғни, x = 1,9 кг

Әр қораптың салмағын табамыз

I қорап – 1,9 - 0,5 = 1,4 кг

II қорап – 1,9 кг

III қорап – (1,9 - 0,5) – 0,4 = 1 кг

Жауабы:

I қорап – 1,4 кг; II қорап – 1,9 кг; III қорап – 1 кг

Есеп № 2

Мысықтың салмағы 4 кг, ал оның жаңа туған баласы соқырдың салмағы 0,08 кг. Мысықтың салмағы өз баласының салмағынан қанша есе ауыр тартады?

Ескерту: Мысықтың баласын жана туғанда соқыр деп, ал содан кейiн марғау деп те, мәулен деп те атайды.

Шешуі

Мысықтың салмағы өз баласының салмағынан қанша есе ауыр тартатындығын табу үшін мысық салмағын (4 кг) соқыр салмағына бөлу керек (0,08 кг), яғни 4-тің 0,08-ге бөліндісін табу керек.

1-мысал.

2,28 : 0,6 = 3,8

22,8 : 6 = 3,8

2-мысал.

3,312 : 3,45 = 0,96

331,2 : 345 = 0,96

Ондық бөлшекке бөлу

Санды ондық бөлшекке бөлу үшін:

1) бөлгіште үтірден кейін қанша цифр болса, сонша цифрға бөлінгіштегі және бөлгіштегі үтірді оңға жылжыту керек;

2) Осыдан кейін ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орындау керек.

331 < 345

Шешуі

Есептің шешімін табу үшін жоғарыдағы ережені қолданамыз

(4 санын 400 түрінде, ал 0,08 санын 8 түрінде жазамыз да бөлуді орындаймыз)

Жауабы: мысық өз баласынан 50 есе ауыр.

Бөлуді орындандар:

1) 3416,04 : 8; 2) 0,2448 : 36;

3) 180,015 : 25; 4) 1,98 : 40.

5) 3,725 : 1,49; 6) 0,16043 : 0,526.

Жауаптары:

427,005; 2) 0,0068;

3) 7,2006; 4) 0,0495.

5) 2,5; 6) 0,305.

3-мысал.

1505,86 : 43 = 35,02

4-мысал

5612,8 : 16 = 350,8

қатарынан екі цифрды бірден түсіреміз.(біреуі бүтін бөліктен!).

Бөліндіде үтірдін алдынан нөл қоямыз!

Бөлшек бөлігінен қатарынан екі цифрды бірден түсіреміз.

Бөліндіде үтірден кейін нөл қоямыз!

Талдау мысалдары

5-мысал.

1007,371 : 53 = 19,007

6-мысал.

0,2574 : 65 = 0,00396

Бөлшек бөлігінен қатарынан үш цифрды бірден жылжытамыз.

Бөліндіде үтірден кейін екі нөл қоямыз!

Талдау мысалдары

1. Ұлының жасы 12-де, ол әкесінің жасының 0,4 бөлігін құрайды. Әкесі неше жаста?

2. Бірінші бөлменің ауданы 15,2 м2 және ол екінші бөлме ауданының 80 пайызын құрайды. Екінші бөлменің ауданы қаншаға тең?

3. Автотурист бірінші күні 180 км жол жүрді. Бұл екінші күні жүрген жолдың 120 пайызы. Автотурист бірінші күні екінші күнгі жүрген жолға қарағанда қанша км артық жол жүрді?

4. Банан 400 теңге тұрады, ол жүзім бағасының 50% құрайды, ал жүзімнің бағасы ананас бағасының 32% құрайды. Ананас қанша тұрады?

Блицтурнир



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу