Фигуралардың ауданы. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2А бөлімі «Геометриялық фигуралар.Есептер»

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы

Күні: 2-тоқсан

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Фигуралардың ауданы

Оқу мақсаттары

.3.1.4 құрама фигуралардың ауданын анықтау

 Сабақ

 мақсаттары

Құрама фигуралардың аудандарын анықтау.

 Бағалау критерийлері.

  • Құрама фигуралардың ауданын анықтайды

Тілдік мақсаттар

Геометриялық фигуралардың атаулары, құрама фигуралар, аудан өлшем бірліктерінің атаулары, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, дүниетану.

Алдыңғы меңгерілген білім

Үшбұрыштың түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 0-5 минут

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, көңіл-күйлерін реттеу.

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

 (құшақтасып көріседі,  қол алысып амандасады.)

)Сабақтың тақырыбын сурет арқылы ашу

-Балалар, суреттен не көріп отырсыңдар?

-Бұл фигуралардың қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?

-Қалай ойлайсыңдар, сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ?

Оқушылардың ойларын тыңдау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. Сабақтың соңында құрылған критерийлерге оралатындарымызды ескерту.

Слайд

Сабақ ортасы5-35 минут

(МК,Ж,Қ)Ойын «Өз жұбыңды тап»

Мақсаты:Оқушылардың жазық геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекіту.

Әр жұпқа торкөзді қағазға бейнеленген геометриялық (квадрат, тіктөртбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш) фигураларды таратылады. Оқушылар фигуралардың арасынан аудандары бірдей фигураларды табулары керек.

-Балалар, сендер бір-біріңді қалай татыңдар?

-Сендерге не көмектесті?

– Аудан деген не?

-Ауданның периметрден қандай айырмашылығы бар?

-Фигуралардың ауданын табу үшін қандай тәсілдерді қолдандыңдар?

-Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласы қандай?

-Шаршының ше?

-Тікбұрышты үшбұрыштың ше?

S=a*b

S=a*а

S=a*b:2

Формулаларды дәптерлеріне жазғызу.

(Ұ)Оқулықпен жұмыс

Мақсаты: Құрама фигуралардың ауданын анықтауға үйрету.

-Берілген фигуралардың ауданы бірдей ме, әлде әртүрлі ме?

-Оны қалай анықтауға болады?

--Бұл фигураларды бірнеше жай геометриялық фигураларға бөлуге бола ма?

-Олар қандай фигуралар?

-Бірнеше жай фигуралардан тұратындар қалай аталады?

Түсіндіру:Бұл фигуралар тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш тәрізді бірнеше жай фигуралардан тұратындықтан құрама фигура деп аталады.

«Жасырын» тұрған фигураларды тауып, олардың ауданын табудың формуласын жазу. Оқушыларға құрама фигуралардың ауданын табуға мүмкіндік беретін ережені өздігінен ойлап табуларын ұсыну. Балалар құрама фигуралардың ауданын табу үшін олардың құрамына кіретін фигуралардың қосындысын табу керектігі туралы қорытынды шығарады.

(Т,Қ)Ауданын тап.

Мақсаты:Алған білімдерін бекіту

Алға қойылған есептерді шешудің түрлі тәсілін табуда балаларды ынталандыру. Жұмыс барысын бақылау, қалыптастырушы бағалау кезінде бақылау нәтижелерін қолдану.

Жауабы:

а) Sжалпы = (6 + 3) · 4 + 3 · 3 = 36 + 9 = 45 см2; немесе Sжалпы = 6 · 4 + 3 · 3 + 4 · 3 = 24 + 9 + 12 = 45 см2;

ә) Sжалпы = 3 · 8 · 2 + 2 · 2 = 52 см2; немесе Sжалпы = 8 · 2 + 6 · 3 · 2 = 52 см2;

б) Sжалпы = 5 · 2 · 2 + 7 · 2 = 34 см2; немесе Sжалпы = 4 · 5 + 5 · 2 + 2 · 2 = 34 см2.

Топтар орындаға тапсырмаларымен ауысып, дайын нұсқа бойынша бір-бірін тексеріп, дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.

Дескриптор

Балл

1

1-фигураның ауданын есептеп шығарды

2

2-фигураның ауданын есептеп шығарды

3

3-фигураның ауданын есептеп шығарды

Барлығы

 

(Т,Қ)Шығарып көр.

Мақсаты:Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.

Оқушыларға пәтердің орналасу сызбасын көрсету.

-Кім осындай сызбаларды дайындайды?

-Сәулетшілер шығарған орналасу сызбасын кімдер іске асырады? -Құрылыста қандай мамандық иелері жұмыс істейді? -Құрылыстағы мамандарға математиканы білу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Ендеше мен сендерге болашақ пәтердің орналасу сызбасы бойынша ауданын анықтауды ұсынамын.

Жауабы:

Sжалпы = 6 · 9 + 5 · 3 + 1 · 2 = 54 + 15 + 2 = 71 м2;

Sжалпы = 7 · 2 + 5 · 3 + (4 · 6) : 2 = 14 + 15 + 12 = 41 м2.

Көрші топтар жұмыстарымен ауысып, бірге талқылау барысында бір-бірін тексереді де бағалайды.

(МК)«Есте сақтайық» айдары

Барлық фигураның ауданы оның бөліктерінің аудандарының қосындысына тең.

Презентация

Қима қағаздар

кеспеқағаздар, сызбалар.

Сабақтың соңы

35-40 минут

Сабақтың рефлексиясы:

  •  Құрама фигуралардың ауданын қандай тәсілдермен табуға болады?
  •  Құрама фигуралардың ауданын табу үшін қандай формуланы қолданамыз?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Бағалау:«Бағалау фигуралары» арқылы өздерін бағалайды.

Стикерлер таратылады

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар білім деңгейлеріне байланысты топтарға/жұптарға біріктіру.

Топта жасаған жұмыстарын бақылаймын.Фигуралардың аудандарын анықтай алуын бағалаймын.

Сергіту сәті

Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрысжүргізілдіме? Сабақтың уақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Жалпы бағаСабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:2:Сабақты жарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?: 2:бақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу