Бекіту / Көлдер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

138-сабақ

Тақырыбы:

Бекіту / Көлдер

Оқу мақсаты:

3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

3.2.1.5 әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін танып біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолданады, әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстырады.

Оқушылардың кейбірі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритміне мысал келтіре алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмінің орындалу ретін түсіндіре алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бірлік, ондық, жүздік, көбейту алгоритмі, бөлу алгоритмі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

- Көбейтуді қалай орындауға болады?

- Көбейтуді қалай орындағаныңды түсіндіре аласың ба?

- Бөлуді қалай орындайды?

Жазу:

Баған түрінде орындау.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Жазбаша көбейту, бөлу амалдарының алгоритмі.

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2

Ынталандыру.

 «Қос шеңбердегі комплименттер»

 Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бірігіп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне бет қаратып тұрған оқушылар кезектесіп бір-біріне комплимент айтуы керек. Содан кейін ішкі шеңбердегілер оң жаққа бір адым жасап, алдында алмасып тұрған басқа оқушымен комплименттермен алмасады.

- Көлдер туралы не білесіңдер?

- Қазақстанда қандай көлдер бар?

Көлдер: Балқаш, Алакөл, т.б.туралы әңгімелеу

2-слайд

Көлдер суреттері

3-слайд

3-5

Өзектендіру.

(Т.) 1-тапсырма

Өрнектердің мәнін тауып, өсу ретімен орналастырып, емдік қасиеті бар көлдің атауын анықтау.(Алакөл)

154∙5=770 580:4=145

740.4=185 145∙6=870

235∙4=940 350:2=175

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

Оқулық

Кесте

4-слайд

5-слайд

6-10

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Қандай жаңа жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін үйрендік?

Бұл алгоритмдерді есептеуде, есептер шығаруда қолдана аласыздар ма?

Бүгінгі сабақта бұл алгоритмдерді қолданатын боламыз. Оларды барлығыңның меңгергендеріңді тексереміз.

Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Оқушылар сабақ мақсатын анықтайды.

Оқулық

11-28

(Ө.) 2 -тапсырма

а)Көлде демалушылардың 126-сы әйел адамдар,115-і-ер адамдар.Демалған балалар ер адамдардан 4 есе артық.Көлде барлығы неше адам демалып жүр?

Қысқаша жазылуы:

Әйел адамдар-126

Ер адамдар-115

Балалар-?, 4 есе артық

Барлығы-?

115∙4=460 б.

126+115+460=701ад

Жауабы: көлде барлығы 701 адам демалып жүр.

(Ө.) 3-тапсырма

Баған түрінде жазып, есептеп, дұрыстығын тексеру

135∙2=270 125∙4=500

370:2=185 774:6=129

Смайликтермен бағалау

Жұмыстарын тексеріп, смайликтермен бағалау

Қиындықтарды түзету

Тапсырманың орындалу дұрыстығын тексеру.

– Кімде қиындық туындады?

– Ққай жерде қателік жіберілді?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындамаған балалар өз іс-әрекетіңіздің мақсатын құрастыру.

(Қосымша тапсырманы орындау).

– Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай?

(Қатені түзету).

– Қателерді түзету алгоритмін қолдану.

– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.

Дәптермен жұмыс, формативті бағалауы бар тапсырманы орындау.

(Ж.) 5-тапсырма «Ойлан, бірік, жұптас»

Сызба бойынша өрнектер құрастыру, олардағы амалдардың орындалу ретін атау және мәнін табу.Оқушылар жұпта талқылай отырып орындайды.

175∙4=700 225∙4=900

115∙6=690 114∙5=570

870:6=145 920:8=115

690:5=138 390:2=195

Жұпта бағалау

Жұптар бір-бірінің жұмысын тексеріп,жұлдызшамен бағалайды.

Оқулық, дәптер

6-слаййд

Дәптер

Жұлдызша

29-37

Өткенмен жұмыс.

Өзіндік жұмыста есептеу тәсілдерінен қателік жібермеген оқушылар оқулықтағы 4-7-тапсырмаларды орындауға көшеді. Ал қателіктер жіберген оқушылар дәптердегі тапсырмаларды немесе карточкалардағы қосымша материалдарды орындап, алгоритмді нақтылайды.

(Т.) 4-тапсырма "Галереяға саяхат"әдісі

Оқушылар топта жұмыстарын жасап болған соң тақтаға, сыныптың қабырғаларына іледі де, топ болып галереяға саяхат жасап, басқа топтардың жұмыстарын бағалайды.

а) Көлде демалушылардың 330-ы теплоходпен, ал олардан 2 есе кем адам желкенді қайықпен серуендеді. Көлде барлығы неше адам теплоходпен және желкенді қайықпен серуендеді?

Қысқаша жазылуы:

Теплоходпен-330ад.

Желкенді қайықпен-?,2 есе кем

Барлығы-?ад

Шешуі:330+(330:2)=495ад.

Жауабы: барлығы 495 адам серуендеді.

Сергіту сәті "Қошемет" тренингі

Оқушылар шеңберге жиналады, жүргізуші "Шашы ұзын қыздарға қошемет дегенде "ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтылып, қошемет жасалады.

(Т.) 8-тапсырма

Үш бағанды үш топқа бөліп беру.Амалдардың орындалу ретін анықтау және өрнектердің мәнін табу.

660:5+530=662 215∙2-(847-462)=45

920:8+405=520 245∙4-(97+487)=396

750:2+317=692 670:5+(76+376)=586

580:4+209=354 115∙8-(77+245)=598

(567-398)-640:5=41

(1000-876)+355∙2=834

(701-36)660:5=533

1000-390:2=805

"Елшілік "әдісі арқылы бағалау

Әр топтан бір оқушы елшілікке сайланып, басқа топтарға барып, жұмыстарын тексеріп, бағалап, өз тобына оралып, баяндап береді.

(Т.) 7-тапсырма

Сызба бойынша өрнек құрастырып, амалдардың орындалу ретін анықтау.Мәнін табу.

750:6=125 118∙5=590

125∙2=250 250+590=840

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

(Ұ.) 9-тапсырма

Зерттеуді талап етеді.Бұл тапсырманы орындауда оқушылардың назарын кілттік сөздерге аудару:

  • Балалар балықтардың қандай түрлерін аулады? (таутан, алабұға, мөңке)
  • Тікенекті жүзбеқанат қандай балықтарда бар? (алабұға, таутан)
  • «Тікенекті жүзбеқанаты бар бірде-бір балық ауламады» деген сөйлем нені білдіреді? (Алабұғаны да, таутанды да ауламады.)

Арман,Болат және Қайсар көлденқармақпен балық аулады.Олардың әрқайсысы не таутан, не мөңке, не алабұға аулады.егер төмендегілер белгілі болса, онда олардың әрқайсысы қандай балық аулады?

1) алабұға мен таутанда тікенекті жүзбеқанат бар,ал мөңкеде жоқ;

2) Армен тікенекті жүзбеқанаты бар бірді-бір балық ауламады;

3) Болат арманның аулаған балықтарына қарағанда 2 алабұға артық аулады;

Егер Арман 3 балық ауласа, ал барлық балық 10-нан кем болса, онда балалардың әрқайсысы неше балықтан аулады?

Арман-3 мөңке балық

Болат-2 алабұға, 3 мөңке

Қайсар-1 таутан

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

  • Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады:

"Авторға сұрақ"әдісі

Бір оқушыны автор орындығына отырғызып, оқушылар бүгінгі сабаққа қатысты сұрақтар қояды.Автор-оқушы жауап береді.

Оқулық

7-слайд

8-слайд

Оқулық

Сызба

9-слайд

10-слайд

Сигналды карталар

11-слайд

12-слайд

38-40

Рефлексия.

Көңіл-күй бет-әлпеті салынған суреттермен рефлексия жасату.

13-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
Пікір жазу