Бекіту / Лагерьде демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


150-cабақ

Тақырыбы: Бекіту / Лагерьде демалу мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу

3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын»/ ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

2-3 амалмен орындалатын есептерді кесте, бағандық диаграмма, сызбалар бойынша құрастыру;

шамалар арасындағы тәуелділікті түсіну.

Бірқатар оқушылар:

есептерді шығаруда шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану.

Кейбір оқушылар:

өз бетімен 2-3 амалмен орындалатын есептерді модельдеу.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

өзара байланысты шамаларды атай алу.

Пәндік лексика және терминология:

Шарты, сұрағы, шешуі, сызбасы, қысқаша жазбасы, өрнек, есептердің жауабы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

-«бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамалары өзара қалай байланысқан?

-«жалпы шығынды» қалай табамыз?

Жазу:

Шарттарын, есептің шешуі мен жауабын жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

«бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»; «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» ұғымдарын, есеп туралы, есептердің түрлі шешімдерін, есептің қысқаша жазбасының суреттемесін түсінеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-3

Ынталандыру.

Біз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.

Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.

Жүгіреміз, секіреміз жарысып,

Ән саламыз, би билейміз майысып.

Оқушылардан лагерьде демалудың пайдасы, лагерьде демалу мәдениеті туралы сұрау. Лагерьде демалған оқушылардан басқа оқушыларға өздерінің демалыстарын әңгімелеп берулерін ұсынады. Егер сыныпта лагерьде демалған оқушылар болмаса, онда лагерьдегі демалыс туралы өзі әңгімелеп береді.

Оқулық

https://youtu.

be/oJIi6biwA1k

4-6

Өзектендіру.

«Жалғастыр» әдісі.

Мысалы:

Бір тоқаш 30 теңге тұрады. ... неше ...?

5 қарындашқа 75 теңге төледі. ... неше ...?

Бір қапшықтың салмағы 3 кг. ...неше ...?

Үш көйлекке 18 метр мата жұмсады. ... неше ...?

Смайликтер арқылы бағалау

Карточкалар

7-11

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Мұғалім оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатын тұжырымдауды сұрайды (есептер құрастыру және шығару)

Оқулық,

12-29

Өткенмен жұмыс

Есеп құрастыр. 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Есептер құрастырады және шығарады.

Тапсырманы орындау алдында «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса» шамаларының арасындағы өзара тәуелділік туралы айтып, формуланы еске түсіру керек.

«Бас бармақпен» бағалау

Өзіндік жұмыс

(Ж.Ж) 2-тапсырманы өз беттерімен орындауды және жұппен тексеру ұсынады. Есептің шартын құруына ,есепті шығаруға қосымша сұрақтар арқылы көмек беру.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Қиындықтарды түзету

Әрбір жұп өздері құрастырған есептерін сыныпқа оқып береді. Бұдан кейін оқушылар есепті шығаруға қажетті формуланы анықтап, есепті шығарады.

(Ж.Ж) Ойлан-жұптас-тексер

3-тапсырманы өзара тексерумен жұппен орындатуына болады. «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамаларының арасындағы тәуелділік туралы еске түсіру керек.

Оқушылар жұптасып есепті шығарады. Шығарып болған соң, сағат тілімен жұмыстарын ауыстырып, жұптар бір –бірінің тапсырмасын тексереді.

Бағдаршаммен бағалау

Оқулық, дәптер

толық жауап

жартылай толық

толық емес

30-40

Өткенді қолдану

4-тапсырма функционалдық сауаттылыққа берілген. Оқушылар диаграмманы талдаудан бастайды, көлденең шкалада әрбір маусымда лагерьде демалған оқушылардың саны берілген. Оқушылар диаграмма бойынша сұрақтар құрастырады. Диаграмма бойынша есептер құрастырып,оларды шығарады.

(Т.Ж) «Елшілер» әдісі бойынша 5-тапсырманы топпен орындатуға болады. Барлық топқа тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, тапсырманы орындап болған соң жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады.

Әр топ «Елшіге» тапсырманың орындалу алгоритмін математикалық тілмен түсіндіріп берулері керек.

Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, өз тапсырмаларының дұрыстығына көз жеткізеді. Сондай-ақ,бұл әдіс елшінің математикалық тілді қолдану шеберлігін дамытады.

«Бас бармақпен» бағалау

Шығарып көр. 6-тапсырмада сызбасы берілген есепті шығарады тапсырманы тақтада орындатуға болады. Есепті талдап, қысқаша жазылуын жазып шығарады.

«Ойлан,тап» әдісі.7-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді. Оқушылар белгісіз сандарды табады. Әрбір тапсырмаға қандай амалдың қажеттігін анықтайды, өрнектерді жазады және олардың мәнін табады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

Оқулық, дәптер

41-45

Кері байланыс

"Екі жұлдыз, бір тілек"

Оқушылар стикерге сабақта ұнаған екі жұмысты жазады және келесі сабақта не білгісі келетінін жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу