Жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығару / Лагерьде демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
151-сабақ
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырыбы: Жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығару. Лагерьде демалу мәдениеті
Жоспар:
Ынталандыру.
Қол алысып, кәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Өзектендіру.
Оқытушы «Кім жылдам?» ойынын ойнатады. Әрбір баланың алдында ойын алаңы болады.
Бұдан әрі мұғалім әңгіме жүргізеді.
90 саны 540-тан неше есе кіші? (6 есе )
«Неше есе ...» сөзімен өрнектер бойынша өздеріңіз сұрақтар құрастырыңыздар. Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар)
Сабақтың мақсатын анықтау үшін жанама сұрақтары бар есептердің сұрақтарын қайталау. «Бұл оған қарағанда...».
Бүгінгі оқу мақсаты: жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығаруды үйренесің.
Өткенді қолдану
Топтық жұмыс.
1-тапсырма. Әр топқа есептер жазылған қима қағаздар таратылады. Белгіленген уақыт аралығында есептің қысқаша шартын талқылай отырып жазады. Есептің сұрағы мен қысқаша шартының жазылуындағы ерекшеліктерге тоқталу. («Бұл есе артық» - бөлу амалы; «Бұл есе кем» - көбейту амалын орындалатынын қорыту)
Жауаптары:
а)27 · 3 = 51 (оқушы);
27 + 51 = 78 (барлығы)
ә)155 : 5 = 31 (кг- қант);
155 + 31 = 186 (барлығы)
б)146 : 2 + 146 = 219 (барлығы)
Кері байланыс. Әр топ есептердің бөліктеріне байланысты ұпай сандарын есептеп, балл береді. Көп балл жинаған топ жеңіске жетеді.
2-тапсырма. Топпен орындауды жалғастыру. Оқушылардың назарын есептің қысқаша жазылуына аудару. Әрбір топ қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастырады. Құрастырылған есептерді басқа топтарға айтады, есептерді шығарады. Осыдан кейін барып есептер құрастырады және олардың біреуін шығарады.
Кері байланыс. Әр топ есептердің бөліктеріне байланысты ұпай сандарын есептеп, балл береді. Көп балл жинаған топ жеңіске жетеді.
(Ж) 3-тапсырма. Жұпта алдымен амалдардың орындалу реті туралы ережені еске түсіреді. Тапсырманы эстафеталық жарыс түрінде орындауды ұсыну.
208 · 4 - (365 + 439) = 832 – 804 = 28;
56 · 7 + (1000 - 539) = 392 + 461 = 853;
918 : 3 + (506 - 98) = 306 + 408 = 714
Кері байланыс. «Жұлдызшалар арқылы бағалау»
4-тапсырма. Өлшем бірліктерін еске түсіру. Шамалар арасындағы қатыстар, олардың орындалуына назар аудару.
Өткенмен жұмыс
(Ж) 5-тапсырма. Теңдеу шешу.
Белгісіз компоненттерді еке түсіру мақсатында
«Белгісізді тап» ойынын ойнау. Жұпта бір-біріне:
-Бұл жерде белгісіз қосылғыш-десе,
Екінші оқушы:
-Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайтамыз.-деп жауап береді.
Теңдеулерді шешеді. Жауаптарын келесі жұппен ауыстыру арқылы тексереді.
(Ж) 7-тапсырма. Оқушылар дұрыс теңдіктер шығатындай, қажетті жерлерге жақшалар қояды. Оқушылар әртүрлі нұсқалар ұсынуы мүмкін. Мысалы:
а) 7 · (8 + 4) : 4 + 2 = 23
ә) (7 ·8) + (4: 4) + 2 = 59
(Ж) 9-тапсырма зерттеушілік қасиетті талап етеді.
Бұл тапсырманы граф құру әдісімен шығаруға болады.
Бұдан достардың үшеу болғанын анықтаймыз.
«Түймедақ» әдісі. Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыру. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді.
Рефлексия.
– Сабақта ең маңыздысы не болды?
– Не қызықтырды?
– Бүгін сабақта алған білімің қай жерде іске асуы мүмкін?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?